Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі, негізгі міндеттері,бала- бақшада ақыл-ой тәрбиесін дамыту жолдары мен құралдары. Мектепке дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі
Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі, негізгі міндеттері,бала- бақшада ақыл-ой тәрбиесін дамыту жолдары мен құралдары. Мектепке дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі.
Ақыл ойдың дамуы-бұл баланың жасына,тәжірибенің жолдары мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүргізілед,тіпті қалыптасады.Таным процестері жетіледі,бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді.Мектепке дейінгі баланың ақыл ойының дамуын қамтамасыз етудің оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашқыда қарым-қатнасты,заттық әрекеттерде,ойындарда,ал сонан соң оқу,еңбек,өнімді жұмыс (сурет салу,аппликация, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады.Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы.Балаларды мектепке дайындауда ақыл-ой тәрбиесінің рөлі ерекше үлкен.Балабақшадағы сенсорлық тәрбие.Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуына және боюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.Сенсорлық тәрбие дегеніміз-бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.Сенсорлық тәрбие мазмұы.Мектепке дейінгі шақтағы баланы түсті ажыратып,атауға үйретеді,олардың ренктері туралы түсініктерді қалыптастырады,содай-ақ заттарды түсіне қарай салыстыруға үйретеді. Сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі-балалардың заттардың қажеттерін анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады.Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі-балалардың сенсорлық этап туралы ұғымын қалыптасты -ру.Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын,оқу,жұмыс,тұрмыс іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.Ақыл-ой тәрбиесі құралдарының бірі ойын болып табылады.Ойын балаларға тән іс-әрекет,ойын үстінді бала қоршаған болмысты бейнелеп,өз білімін анықтайды,оны жолдастарымен бөліседі.