1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#10400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

73
* * *
Дұғай сəлем айтайын
Бесатаның ұлына!
Дүние, малы ермеді
Өлген ердің соңына.
Жалған жақсы көрінді
Мен байғұстың сорыма.
Опасы жоқ сұм дүние
Оттан ыстық болар ма,
Қалды ма көрдің астында?!
Қарындас ермес қасыңа,
Тіріде көрген ағайын,
Дұға қылып жүріңдер
Өлгеннен соң басыма.
Дұғай сəлем айтайын
Кəрсөн менен Кернейге!
Бай менен жарлы-кедейге.
Қазақтан алған қарызым
Көлденең тұрды көмейге.
Ақын, шешен, көсем деп,
Айласпаңдар мендейге!
Дұғай сəлем айтайын
Тобықтыда Құнанбай!
Кімнің де тағы қалады
Өлгеннен соң суалмай?
Осы дəулет барында
Талап қылсын Меккені,
Ақыреттен құр қалмай.
Аз ғана қорған болып өт
Ағайын менен туғанға.
Жалғанда жиған нəрсенің
Пайдасы жоқ қу жанға.
Дұғай сəлем айтайын
Көпбай менен Нұрланға!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

74
Харамды мал демесін,
Зəбір болар иманға,
Қазақтан пара алмасын,
Ұмытпай жүрсін Алласын,
Құдайдан қапы қалмасын,
Өлгенді менен барласын.
Дұғай сəлем айтыңыз
Шорман ұлы Мұсаға!
Дəулетінің барында –
Қорқынышты жер алдында,
Тəубесіз өтіп кетпесін
Бес күндік жалған қызыққа.
Дұғай сəлем айтайын
Қуандықта Қоңырға!
Қуанбасын көңілге,
Мал деген хайуан доңызға.
Тура келген ажалға
Дəулеті ара болар ма?
Ақыретте көз салсын
Баратұғын орынға.
Білсін алла жарлығын,
Алдында өлім барлығын,
Құдайдосты Мұхаммед
Оның да алған жалғызын.
Көргенімше күн қанша,
Мұхаммед өтті, Мұстафа.
Дүниеге тоймаған,
Өлгенімше шайнаған,
Емді де болдым бек қапа.
Дұғай сəлем айтыңыз
Қатын менен балаға,
Тапсырдым енді жалғызды
Расул Алла құдаға.
Дүниенің боғы үшін
Мендей болып қаңғырып,
Көп шықпасын далаға,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

75
Қастық қылмасын жақынға,
Қайырлы болсын халқына.
Не ғаріптік десе де
Енді түсті басыма,
Жетім қалды-ау жасында!
Дұғай сəлем айтайын
Жесір қалған қатынға,
Тоқтасын сөз бен ақылға.
Ие болсын артына,
Қайғының ізін салмасын
Жалғызының басына,
Қалмасын көздің жасына.
Ах, дариға, жалған-ай,
Жалғанның енді қалғаны-ай,
Шортанбайды алғаны-ай,
Қайғыны басқа салғаны-ай,
Не шара бар, Құдайдың
Əзелде жазған пəрмені-ай!
Тағы да сəлем айтайын
Қалың жатқан Сарымға.
Бай менен жарлы көп жедім
Құдайдың берген бағында.
Өлімнің жақын екенін
Біле алмап едім алдымда.
Шүкір де қылмай қайтейін,
Ажал келсе тұрмайды
Патшалар та тағында.
Тəубе деп қылмай қапы өттім
Өлерімнің шағында.
Құдайдың ісі бұзық па,
Дүниеге қызықпа,
Əуелде менің ғұмырым
Құдіреттің жазған сызықта.
Ұл атадан айырылған,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

76
Əркім де біздей қайғырған,
Қалған дүниеде пайда жоқ,
Жарылқа, Құдай, алдымнан!
Əммə  отырған  халайықтар  айтты: «Ендігі  заманның 
адамдары қандай болар, біздерге бір жауап айтыңыз? – деді. 
Сондай айтқаны:
Бір насихат айтайын,
Тыңда мұны, балалар!
Есіткендер ұмытпа,
Қайсыңда сенің сана бар?
Жақсың аттан жығылса,
Жаманың тұрып табалар.
Жақындап келген бұл кəпір
Жылдан-жылға қамалар.
Қасиетті төре жоқ,
Шарапатты қожа жоқ.
Ендігі сорлы бейшара
Қорыққанға барып паналар.
Қария қалды ақылдан,
Қастық шықты жақыннан,
Ендігі күнің кем болар,
Ит кəпірге жақындап,
Ендігі күнің кем болар,
Ит кəпірге жақындап,
Билік кетті басыңнан.
Тəубе қылмай қапы өттің
Əуелгі бұрын жасыңнан.
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді,
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді –
Əне, байдың қайыры!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

77
Бұрынғы өткен адамның
Міне, келді тайыры.
Жалғанда қылған ісіңнің
Алдыңнан шығар ғайыбы.
Əзелде жазған пəрмені-ай!
Байды Құдай атқаны –
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедейің қайтып күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады.
Оны-мұны жиғанын
Шығын деп тілмаш алады.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды.
Қағаздатып бұзауын
Ноғайына қояды.
Кедейге салып шығынды,
Негізі байдың тоймайды.
Қылымсыған қатыны
Қызыл көйлек киеді,
Өзінің байын билейді,
Өзінің байын менсінбей,
Көрінгенді сүйеді.
Осы мінез болған соң,
Дозаққа пенде күйеді.
Елубасы, онбасы,
Ол – сайтаның жолдасы,
Ендігі байға мал бітсе,
Ит кəпірдің олжасы.
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ
Ендігінің мырзасы.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

78
***
Шортекең үш күн сұрап мұрсат алды,
Үйіне Жақсы Жəкең кешке барды.
Бой түзеп, сусын ішіп болғаннан соң,
Жəкеңе жайды айтып, сұрақ салды:
– Жауыр тауды қыстаған,
Нұрадан əрі шықпаған,
Қарағанды өзекте
Мұратқа барып ықтаған
Асан Бұғы досым еді,
Көңілімді жықпаған.
Ат жібертіп алдыртшы,
Жан тұрғанда шықпаған.
Əлқиса, Жəкең сонда ат жіберіп, түнделете жеткен Асан 
Бұғы ертемен сəлем бере кірген.
Əммə отырған халайықтар айтты: «Мына Асан қожаға 
ғарыз айтыңыз», – деді. Енді айтқаны:
Сөз айтайын Асанға,
Дүниеңе мақтанба!
Япырмау, неге мақтандың,
Дəулетің судай тасқанға?
Дүниеқордың маясы
Жақын дейді шайтанға.
Жетпіске келді бұл жасың,
Дүние болды жолдасың.
Əндіжандық сарт едің,
Қай жеріңнен қожасың?
Қаратауда туылдың,
Пəленше деген мырзасың.
Сарыарқаға келген соң
Төрт аяқты жорғасың.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

79
Жəдігөй жауғыш атанып,
Осынша жиған мүліктен
Не көреді қу басың?
Талабың бар жалғанда
Əлі де болса аспаққа,
Дүниенің боғы үшін
Күнде түсіп аптапқа,
Мен раббың деп сұрағанда,
Ұяларсың лахатта, –
дегенде, Асан Бұғы: «Шортеке, ажал Алладан, енді сөздің 
жөнін айт», – деген. Сонда Шортекең:
Ойнап түбің сарт дедім,
Мені атадың Қызылбас.
Екеуміз өстіп қаржассақ,
Екеумізді пір тұтқан
Ел қалайша бұзылмас.
Жəдігөй жауғыш болмаңыз,
Ақырет қамын ойлаңыз.
Жасың жетті жетпіске,
Иман бер деп сұраңыз.
Бұл айтқаным – ақылым,
Аталас туған жақыным,
Қиямет күн кез болса,
Пайдасы болмас қапыңның, –
дегенде, іркілмей-ақ Асан Бұғы:
Қызыл сөзді Шортанбай,
Шындықты өстіп айтсаңшы,
Сүйекті қорлап дақ салмай, –
деген соң, екеуі құшақтасып көрісіпті, Шортекеңнің соңғы 
өсиетін Асан Бұғы да жазып отырған.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

80
Ағартты Құдай басыңды – 
Өлшеп берген жасыңды.
Уай, уай, менің басым-ай,
Келе көр, Жəке, қасыма-ай.
Амалым нешік Құдайға,
Жүгірмек болған жасым-ай!
Қолыңнан сусын бере алмай,
Өлгенін əке көре алмай,
Дұғай сəлем айтыңыз
Жетім бір қалған жас ұлға-ай,
Көргенімше күн қайда-ай!
Бұл сөзімді айтыңыз
Менен қалған балаға.
Бұ дүниенің боғы үшін
Қаңғырмасын далаға.
Тіріде көзім тоймайды,
Тəңірінің бергені – қараға.
Жалған деген осы ғой,
Маған да еріп бара ма?
Білсін бір сүннет, парызды,
Қазақтан алдым қарызды.
Өлеріме таянып,
Жұртыма айттым арызды.
Үш қайтара сəлем де
Ағайын мен туғанға.
Дүние шіркін ермейді
Бейнетпен жиған қу жанға.
Енді есен бол, елдерім!
Құсымды салған көлдерім!
Замандас, құрбы, теңдерім!
Ғибрат менен алыңдар
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

81
Өлгенімді көргенің.
Өлім үшін жаратты
Əуелінде адамды,
Қалайша деп білмейміз,
Мына дүние жалғанды
Үш түрлі қылып шығардым.
Артқы қалған заманға
Қиямет қайым таянды.
Қайырсыздың көп малы
Жылан менен шаян-ды.
Өлместің көбі қараңғы,
Көп мылтықты көп кəпір,
Малыңды етпес баянды.
Аштан өліп отбасың,
Өрт шалар деп саяңды.
Бір күнгідей болмады
Мың күн тірі жүргенім.
Мынау менің өлгенім,
Қасықтап жиған дүниеден
Кəне, пайда көргенім?
Туғаннан соң пенденің
Өлуі болмай қалмайды
Жалғандағы тауық ек,
Жем жеудің ебін тауып ек,
Қаратаудан Арқаға
Сарысуды жағалап,
Дін ислам жолы үшін,
Адалдан берер дəм үшін
Бабаларым ауып еді.
Бозбалаға сауық ем,
Сауығым кетіп, күл сөнді.
Жұрттан асқан көсемді,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

82
Алмай ма Құдай шешенді!
Өлеріне келгенде
Жан мұндар енді сескенді.
Ескендір өткен дүниеден
Жиырма тоғыз жасында,
Перзент қалмай артында.
Шариғатқа сыймайды
Екі тілек тілеген.
Ғаріп пенде басына
Ғаріп пен нашар сүйенген.
Он сегіз мың ғаламға
Патша болған Сүлеймен,
Олар да өткен дүниеден.
Ойлап тұрсам жалғаннан
Бұрынғылар не көрген!?
Мұхаммед өткен, Мұстафа,
Кім болмаған биқапа.
Өлімнің ісі кез келді
Алпысқа енген бұ шақта.
Қай пенделер ұжмақта,
Қай пенделер тозақта.
Бұ дүниеден пайда жоқ,
Өлгеніңше дін сақта.
Келсе балам басыма,
Хатым қалсын артыма.
Жетімдікке көндірді
Жұдырықтай жасында.
Кімдер өлмей тұрады
Бұ дүниенің жүзінде,
Мұхаммед те көніпті
Жетімдікке жасында.
Жалғызыма сəлем де,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

83
Алладан бұйрық жеткен соң,
Асқар тауы құлады,
Ағар бұлақ суалды.
Жетім мен жесір сүйетін
Ағайын-туған жоғалды.
Ей, пенделер, мүһминдер,
Мен не деген есермін:
Дүниеде, қашпаған,
Қорқыныш қылып Құдайдан
Қарызды ойлап саспаған,
Дүниеде көп мүлікті
Ибраһим əдһəм тастаған.
Тіріде қорықпай осындай,
Күнə іздедім шошынбай.
Кеудемді дерт қамады,
Амал да кетіп барады.
Есендікте бол, Жəке,
Қияметтік досым-ай!
Жəне сізге тапсырдым
Бала менен қатынды,
Жалғанда досым сіз едің,
Аяй көрме ақылды!
Қояр ма екен Құдайым,
Қиямет күн қасыма-ай,
Жүгірмек болған жасым-ай!
Əр жұмада жүре көр
Дұға қылып басыма-ай!
Өлгенде менің жалғызым
Жылап келер қасыма-ай!
Сөйлесетін күн қайда
Өлгенде көрдің астында,
Тоба қылып қояйын
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

84
Құдайға сөзім ғасима.
Таяндың енді өлерге,
Күн қанша дүр көрерге.
Дұғай сəлем елдерге,
Елдегі жақсы билерге.
Жақсыдан дұға жетер ме,
Өлді деп бізді білген жұрт
Дұға да қылсын ерлерге.
Жасымнам қылдым мастықты,
Жаныма қылдым қастықты.
Жан жарға таянды,
Қоя көр, Жəке, жастықты.
Алпыс үштен асырмай,
Өлім бір келіп асықты.
Аралап келіп түсуші ем
Алтай менен Қарпықты.
Ыңғайы жаман аурудың,
Жаманнан көңілім қорықты.
Артқа қалған жалғызға
Бір қасірет жолықты. 
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

85
* * *
Мен өттім енді арманда,
Көре алмадым артымда
Ағайын мен туғанды.
Жан тəсілімге таянды,
Айта көр, Жəке, иманды,
БірТəңірге аян-ды!
Он екі құйрық, қырық шалғы,
Қияда сұңқар таранды.
Достығыңды қастық дер,
Ойламай ескі заманды.
Пірлерден кетіп керемет,
Патшадан кетіп əділет,
Заманақыр таянды.
Таянбай енді неғып тұр,
Артыңнан кəпір аңдып тұр.
Алайын деп қай күні,
Аманат малдай бағып тұр.
Бір пендеге ұл бермей,
Біреуін малға зар қып тұр.
Бір пендеге ұл беріп,
Біреуін малға бай қып тұр,
Жөнсіз оқтай қаңғып тұр.
Жан шіркін-ақ берік екен,
Үзіліп кетпей неғып тұр?!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

86
* * *
Құдайға мақұл ісің жоқ,
Біреудікін іздедің,
Өзіңдікін көздедің.
Күшің жеткен адамды
 Мұнша неге тіздедің?
Ұрлық пенен зорлықтан
Үмітіңді үзбедің.
Алмаған неме қоймадың,
Еш нəрсеге тоймадың,
Азуы қарыс алаштың
Айтқанына болмадың.
Болмағанның белгісі:
Бұлғақтап едің асаудай,
Бойыңа жанды теңгермей,
Басыңа бір тас тиіп тұр.
Не қылайын дүниені,
Тірнектеп жидың инені,
Жауда қалған ер кетіп,
Би қалмады шүйделі.
Шұнақ бидің тұсында
Ағаш атты тізгіндеп,
Шананы міндік күймелі.
Ақылыңды алып тұр,
Саумалы бар биелі.
Көш-қоныңды билейді,
Қомы да сыйған түйелі.
Біз айтқандай не қалды,
Қай ғақыл бар жүйелі?
Əзілде жазған іс болса,
Несіне мұның күйеді. 
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

87
* * *
Күйіп бір күймей немене:
Құр қызады делебе.
Сақтасын жалғыз қайғыдан,
Көппенен көрген – селебе.
Жылқы менен баланы
Бір алған соң аузына
«Алмайды» деген немене?
Ұзын аққан Сарысу,
Аға бер жайлап, көбеле,
Айдамай тұрып солдатқа,
Зар қылмай тұрып жалды атқа,
Жүйрік пенен жорғаңды
Өзің бір мініп жебеле.
Жалаңаш болып жауға шап,
Ажалдан бұрын өлер ме?
Ноқталы басқа бір өлім,
Өлмей де адам жүре ме?
Қатын-бала қамы үшін
Қарсы шап та, мылтық құш,
Құр жабырқап жүдеме.
Кəпір – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды,
Жаудан да зорлық көп көрген
Өлісіп ерлер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Оны ішкен соң мас болып,
Аюдайын ақырған. 
Бабалар ұран шақырған 
Қимасақ та алдырдық,
Адыра қалған Арқаны.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

88
* * *
Арқаның жазы бейіш-ті,
Жылқының еті жеміс-ті.
Жағаласқан дұшпаннан
Көрерсің, қазақ, кейісті.
Құранда жазған тіл бар ма,
Күннен-күнге тарылтып,
Жүр-жүрлеп алар жүрісті,
Заманақыр кезінде
Ұл сыйламас атасын.
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс қойыпты
Некесіз туған шатасын.
Өзі қылған өкінбес,
Күнінде содан тартарсың,
Абақтыға жатарсың.
Қыз сыйламас енесін,
Арттым деп егесіп.
Салыстырар денесін
Пысықсыған немесі.
Көзіңді ойып барады,
Күнде тесіп төбесін.
Ақсақалдан əл кетті,
Болмаса Тəңірім демесін.
Азаматтар, əлеумет,
Мұның да несін сөгесің?!
Жас сыйламас ағасын,
Алып жыртты-ау жағасын!
Бірі-біріне көпсініп,
Қуат қылар баласын.
Шыдай алмай ызаға,
Кəпірден іздер панасын.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

89
«Қой» деп айтса тіл алмас,
Ақсақалдан ұялмас,
Жүгірісер қалаға.
Қалтасы толып жалаға,
Қандырып иін кəпірдің
Алып бір шығар далаға.
Дұшпаның кім деп сұралса,
Алып бір келер ауылына – 
Өзінің туған бауырына.
Келген соң кімді аясын,
Жығып салар дүреге,
Қызыққан соң параға.
Көшіп кетер жерің жоқ,
Жау айбынар ерің жоқ.
Сөйтіп қалмай неғылдың,
Біздің қазақ, бəлеге.
Қапа болып тұрарсың,
Түсерсің күнде санаға.
Еділді алып, елді алды,
Енді алмаған нең қалды?
Қораны санап малды алды,
Қазаққа қамқор ханды алды.
Кетейін десең жерің тар,
Кетпейін десең кəпір бар.
Сандалғанның белгісі – 
Берекет кетті ісіңнен.
Ұлдан қызық көрмессің,
Қорлықпен өскен жасынан.
Ұлым, қызым деп кеттің,
Айырылдың құда, досыңнан.
Тілеуіңді енді бермейді,
Көзіңнің жасын имейді.
Азаматтар, жігіттер,
Айғыр айтып сойсаң да,
Əуелгі заман келмейді!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

90
***
Заманақыр кезінде
Қожасы жоқ құл азар,
Қонысы жоқ бай азар.
Азғанының белгісі – 
Байдың тілін жарлы алмас,
Ханның тілін қара алмас,
Өлінің тілін тірі алмас,
Өздері ғақыл біле алмас.
Екі үлкен егесіп,
Қошқардай басын теңесіп,
Сол жерде заман оңалмас.
Оңалар заман дер едім, – 
Жауға алдырдың əуел бас.
Іс асқынды болмастан,
Мейір, шапқат кем болып,
Шын сөз кетті сырластан,
Ойын кетті құрдастан,
Жастар үміт үзіпті
Жұрт тосынған жолдастан.
Заманақыр кезінде
Қойында қатын жатпады,
Ұрса тілін тартпады.
Күнəсі асқан бұл пенде
Құдайдан əсте қорықпады.
Шешесіне болысып
Ұлы шоқпар саптады.
Алжыған кəрі қақпас деп,
Келіні тұстан боқтады.
Қатыным қолы тоңар деп,
Қар жауғанда үй жақтың.
Балам адам болсын деп,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

91
Ұйқыдан безіп мал бақтың.
Асыраймын деп баланы,
Желіп бір торып аулақты,
Балаң халал болмаса,
Азаматтар, жігіттер,
Пайдасы жоқ, шырақтың.
Харам туған баланың
Бетінде жанған оты бар,
Белгісі бар дозақтың.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

92
* * *
Зар заманның сөзі осы,
Тыңдасын мұны құлағың.
Абылай ханның тұсында
Сотқар еді бұл орыс,
Арбасын артып оң қылған,
Отын сатып пұл қылған,
Есіл менен Нұраның
Екі жағын жол қылған.
Ертістің басы қара дөң,
Еңкейе біткен қара адыр.
Арқа деген құба жон,
Аядай біткен көл екен.
Атты кердең естірген
Арқаның тарлау шөбі екен,
Жігітті кердең өсірген
Ат пенен малдың демі екен.
Ұрлық қылып мал жидың,
Өтірік сөйлеп жан жидың,
Ойлап тұрсам, жігіттер,
Не қылса Құдай еп екен!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

93
* * *
Заман да заман, замана,
Кейін келер заманда,
Асқар таудай əкеге
Ұл қышқырған замана.
Қылсаң жұмыс бітпейді,
Күн қысқарған замана.
Бай қайырып байланып,
Түн қысқарған замана.
Арғымақ ат тасырқап,
Тағалы болған замана.
Мəстек-жабы жалданып,
Бағалы болған замана.
Бұрынғы арық семіріп,
Денелі болған замана.
Бұрынғы семіз арықтап,
Кенелі болған замана.
Кімде тамақ бар болса,
Дегені болған замана.
Сусыз жерге су түсіп,
Сусылдап келіп қу түсіп,
Қоғалы болған замана.
Кейін келер заманда
Ұл сыйламас атасын,
Қыз сыйламас анасын.
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қыз он беске келген соң
Жотам сенен кем бе деп,
Салыстырар шүйдесі мен жотасын.
Қайран да халқым, қайтейін,
Күнəға сөйтіп батасың.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

94
* * *
Түсі сары, көзі көк,
Дінсіз келіп билейді,
Түбінде сонан татасың.
Кейін келер заманда
Кедейлердің қатыны,
Қылмсыған немесі
Қызыл көйлек киеді,
Өзінің байын менсінбей,
Көрінгенді сүйеді.
Осы мінез болған соң
Дозаққа пенде күйеді.
Ендігінің сөзінде
Қай ақыл бар жүйелі.
Бұрынғы бидің тұсында
Шананы мінді күймелі.
Айтып-айтпай немене,
Өткен күн қайтіп келер ме?
Қайран да халқым, қайтейін,
Айғыр айтып сойсаң да,
Бұрынғы заман келер ме?
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

95
* * *
Биік таудың ойнайды
Бауырындағы құлжасы,
Кейінгі байға мал бітсе,
Ит кəпірдің олжасы.
Көз жіберіп қарашы,
Бұл жұмысты болжашы,
Ит жерімес арамнан,
Құдай берер адамның,
Мепілде қотан мал бітіп,
Кетпес малы қораңнан,
Пайда қылсаң залалсыз
Өзіңе біткен қараңнан.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

96
* * *
Дін жолынан айнымас
Шырағы енді мұсылман,
Алла деген айырылмас
Айтсақ жолыңнан,
Түзу жолға түсірер
Алла деген тобыңнан.
Сол заманның ішінде
Сиыр деген бұл болар,
Ұрғашыдан би болар,
Əркімменен ыржақтап,
Қатын деген тұл болар.
Өзіне-өзі ерік алып,
Ақ саусақты ұстасып,
Жанның бəрі құл болар.
Еділ, Жайық – екі су,
Алтын, күміс тас болар,
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

97
* * *
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шығар,
Жеткізе алмай онысын,
Қалтыраумен жан шығар.
Кейін келер заманда
Шошала деген үй шығар,
Шошаңдаған би шығар.
Өзіне-өзі ерік алып,
Көрінгеннен би шығар.
Тамағы болса өзі ішіп,
Бір-бірінен сый шығар.
Ақырына келгенде
Құдайдың құла болмастан,
Ақыретке барғанда
Қарап бір жүріп иі шығар.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

98
АЙТЫСТАР

99
МƏДЕЛІҚОЖА  МЕН  МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ 
СӨЗ  ҚАҒЫСЫ
Мəделіқожа:
Майлы ақын, қолыңдағы домбыра ма,
Жөндеп айт өлеңіңді, болбырама.
Аулақ жайға апарып сындырсаңшы,
Адамды бұл қу ағаш оңдыра ма?
Майлықожа:
Еш бенде дүниеге болмас тұтқа,
Ерден дəулет қашарда көшер жұтқа.
Ілгеріден қап жүрген нақыл сөз бар,
«Арты ашылған күледі жалаң бұтқа».
Мəделіқожа:
Ақын Майлы, сен неғып бойлап жүрсің,
Қолға алып домбыраңды ойнап жүрсің!
Байы өлген қатындармен жоқтау жоқтап,
Сен-дағы өз пайдаңды ойлап жүрсің!
Атыңды қамшылайсың желсе екен деп,
Дүниені шақырасың келсе екен деп.
Мысықтай, ақын Майлы, тілеуің бар,
Тілейсің малды адамды өлсе екен деп.
Жоқтайсың неге жоқтау, басың аман,
Көре алмас жорғалыны аты шабан.
Жоқтауды мен сен құрлы білмес пе едім,
Сендердей біздің нəпсі болса жаман?!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

100
МƏДЕЛІҚОЖА  МЕН  МАЙЛЫҚОЖА
Үлкен  бір  жиындағы  əңгіме-дүкен  үстінде  Мəделі-
қожаның мақтаулы шұбар аты əлденеден үркіп, қазығы нан 
босанып кетеді. Əрі жасы кіші, əрі батырға жиен Майлықо-
жа шешілген атты ұстап, байламақ болады. Бірақ, шамырқа-
нып оқыс мінез көрсеткен аттан жасқанған ақын, жалта-
рамын деп құлап қалады. Бұл жағдайды баспалай бағып, 
көріп отырған Мəделіқожа жанына келген Майлықожаға 
бір ауыз өлең айтады. Мұның арты табанда шартпа-шұрт 
ұстасқан айтысқа айналып кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет