1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#10400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

158
Дұшпанды шауып қылышпен, 
Тартып алды қонысты-ай. 
Мен мақтайын ерімді, 
Мен мақтасам ерімді, 
Көрсетермін көрімді. 
Атағозы Адайдан 
Бердібек деген ер шықты.
Қаланы шапты қамалап, 
Ат тұяғын тағалап, 
Дұшпанын қырды жағалап. 
Былдыр-былдыр сөйлеген, 
Адам тілін білмеген 
Аузы түкті орысқа 
Біздің ел берім бермеген. 
Жалған айтсақ жазғырар 
Балуан ата – піріміз, 
Мəді сұлтан ханымыз, 
Құлақты бұған салыңыз.
Жалғыздың ісі жазым-ды,
Жар бола көр, Құдайым,
Не болады халіміз?
Таңда мақшар күнінде
Қалай екенін білерсің
Орысқа берген ақша менен малыңыз.
Қаршыға деген бір құс бар,
Қонар жерін сұрасаң,
Қарағайдың басында.
Не деп жауап бересің
Таңда мақшар күнінде,
Отырдың орыс қасында?
Қалнияз  Шопықұлы

159
БАЛУАНИЯЗ
Дастан
1.
Саудагер ертіп қасына, 
Өзінің пайда басына, 
Тұрманбет барды базарға, 
Базардан мақпал аларға. 
Айбүйірден асқан соң, 
Аттанып шыққан қол көріп, 
Жосылып жатқан жол көріп, 
Қайта шапты хабарға, 
Алдыңғы келген аз ауыл 
Самдағы бөлек Адайға.
Тұрманбет келіп сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді:
– Аттанып дұшпан келді, – деп, 
– Дұшпанды көзім көрді, – деп, 
– Түртпей қалмас бұл жерді
Бөлініп шыққан ер-ді, – деп,
– Бақы батыр, Бөрімен, 
Бастығы Оразмеңді, – деп, 
– Талқан қылып шапқан-ды 
Маңғыстаудағы елді, – деп, 
– Осыдан қумай қалсаңыз, 
Сындырды ғой белді, – деп,
– Балуанияз, Балтеке, 
Қумаймысың, енді?! – деп, 
– Кел, Асеке, қуалық, 
Жанның ішін ұралық, 
Жігітке бер желді, – деп, 
– Осыдан барып өлгенің 
Кəусар суын татарсың, 
Қалнияз  Шопықұлы

160
Кең сарайда жатарсың, 
Шариғатқа жөн-ді! – деп,
– Айбүйірден шапқалы 
Азар жеттім еңменіп, 
Болдырды атым шөл көріп. 
Жалықпас еді жануар, 
Мезгілімен суарып, 
Оттатпадым жем беріп.
Жүрер еді əлде де 
Қамшы бассам, дем беріп. 
Əулие Бекет жар болып, 
Жолықтырған кез келіп. 
Енді, ағайын, сендерге 
Хабар бердім мен келіп. 
Екі жүздей жəуміттің 
Сыртынан келдім шем беріп. 
Əй, батырлар, батырлар, 
Екі жүз жəуміт аттанды!
Енді бұған амал не? 
Алыстан келдім демігіп,
Жүргенім жоқ желігіп.
Кел, жігіттер, жүріңіз,
Атқа жылдам мініңіз. 
Қайтарында ол қолдың 
Қапталынан тиіңіз.
Не салғанын Алланың 
Сонда барып біліңіз.
Кел, жігіттер, аттаның,
Өзіңнен тұғыр тапқаның. 
Жан басына қой айтың, 
Көтерілсін бақтарың. 
Біліп тұрмын жəуміттің 
Қалнияз  Шопықұлы

161
Ойдағы елді шапқанын. 
Жауға жесір жіберіп, 
Үйде қорқып, жігіттер, 
Лайық па жатқаның?! 
Жар болса бабам Ер Бекет, 
Аттанып келген жəуміттің 
Қырдыртармыз жортқанын.
2.
Алдыңғы келген Сам елі, 
Жігіттері дəмелі, 
Тоқтатып алып жүректі, 
Бергей деп Алла тілекті, 
Ұшқан құстай дүрлесіп, 
Ауыздары бірлесіп, 
Əбден сұрап алыпты, 
Анығына қаныпты. 
Тұрманбетпен кеңесіп, 
Бір-біріне жүр десіп, 
Асар, Балта бас болып, 
Жүре берді күлісіп. 
Алпыс кісі Адайдан
Сонда қуып жөнелді, 
Шапқыншыны іздесіп.
Сол Адайдың басы екен 
Балуанияз мырзаңыз. 
Басына Қыдыр дарыған, 
Уызына жарыған, 
Ежелден Құдай қалаған, 
Аш-арыққа қараған, 
Сырлы аяқтың түбінен 
Бал сыпырып жалаған. 
Жасынан-ақ жау көріп, 
Қалнияз  Шопықұлы

162
Ат құйрығын тараған. 
Бір өзінің дəл басын 
Мың кісіге балаған, 
Азын көпке санаған. 
Балуанияз бас болып, 
Алпыс кісі Адайдан 
Аттанып шықты аламан.
Бекем ұстап жеделді, 
Қуғыншы болып жөнелді,
Бəйгі құла ат жетектеп, 
Жауға жесір кетед деп, 
Айырмай қалсақ осыдан, 
Дұшпанның көңілі өсед деп, 
Қолын жайып, қой айтып, 
Сыйыныпты «Бекет» деп. 
«Сарт болмасаң, Ер Бекет, 
Кереметті көрсет!» – деп. 
Опасыз сұм дүниені 
Ойында бар ма өтед деп?! 
Сол Адайдың ішінде 
Кімдер бар да, кімдер жоқ: 
Етке тойып, көже ішіп 
Мықтысынған пенде көп.
Сол кісінің ішінде 
Тəуекелшіл бір батыр 
Өзденбайдың Кенжебек. 
Сол жігітке жарасар 
Мақтап айтсам ер демек. 
Жауатын бұлттай түнеріп, 
Жылдан жылға келеді 
Əруағы өрмелеп. 
Əрі-бері сөйлейін 
Батырларды термелеп. 
Қалнияз  Шопықұлы

163
Дəурен ауса басыңнан, 
Жігіттік кетсе қасыңнан, 
Ұстай алмай қаларсың, 
Екі қолың сермелеп.
3.
Аттаныпты жау жəуміт... 
Ұлы жолдың бойымен, 
Маңғыстаудың ойымен 
Жанашыға шығыпты, 
Қарашыдан өтіпті. 
Өгіз бенен Өреуіл –
Мұнан да асып кетіпті. 
Қаратауда егінші ел 
Бұлар шығар десіпті. 
Шырын алмай көзінің, 
Күн-түн қатып жетіпті. 
Ебелекті судың басымен, 
Қатты құдық қасымен, 
Қарауылкүмбет қағымен, 
Тырғаяқтан салыпты 
Өңшең бедеу атымен. 
Сол түрікпеннің басы екен 
Оразменді, Ақмəмбет, 
Бөрі батыр Бақы мен. 
Бас батыры Бөрі еді,
Ат құйрығын өреді.
Түтін шыққан алдында 
Таудағы елді көреді. 
Таудан түтін көрген соң, 
Елдің барын білген соң, 
Шалбарланып алады, 
Шабуылды салады. 
Арғымағы астында 
Қалнияз  Шопықұлы

164
Қара терге малады, 
Əбден шала сояды. 
Таудағы елді талқандап, 
Қақ айырып қазанын, 
Балтаменен ояды. 
Тойғанынша мал алды, 
Олжа қылып бала алды, 
Мұсылманды құл қылып, 
Сатайын деп тағы алды, 
Не ғып оңсын бұ жəуміт... 
Ия, Рəсулы, ия, Алла! 
Құлдың жолы болған соң, 
Болған емей, немене, 
Оңаша ауыл қонған соң, 
Бетіне қарар адам жоқ, 
Алды малға толған соң. 
Атанға қосын артады, 
Еліне жəуміт қайтуға 
Манағы келген жолының 
Бағытына тартады. 
Ат жем, суы таусылып, 
Арғымағы шаршады. 
Аты аштан жүдеді, 
Еліне беті қарады. 
Екі қонып жолшыбай, 
Ебелектің елу аңғары –
Босағаға барады.
4.
Босағаға барғанда,
Алпыс кісі Адайдан
Жасағанға сиынып,
Кебенегін киініп,
Тапа тастай түйініп,
Қалнияз  Шопықұлы

165
Лашын құстай шүйіліп,
Имандарын үйіріп,
Найзаларын шүйіріп,
Шəйт болып өлмекке
Дəрет алып жуынып,
Өлімге бас байласып,
Мылтықты оқтап сайласып,
Көп жəумітпен тайласып,
Шыға келді жайласып,
Көрсек деп бүгін айқасып,
Армансыз бір шайқасып.
Адайдың алпыс батыры-ай,
Ерліктен жоқ-ты қапылы-ай,
Оңдап мінді атын-ай,
Қазақты жəуміт көрген соң,
Қоя берді жапыра-ай.
Шақпақтасын қайырып,
Тарсылдатып атып-ай.
Алпыс кісі сол жерде
Атынан түсе қалады.
Қырлыға оқты салады.
Əрқайсысы бір өзін
Жүз кісіге балады.
Жасағанға жад етіп,
Қашпастыққа бата етіп,
Төбеге барып тоқтайды,
Төбенің басын шоқтайды.
Айбатынан жəуміттің
Қорықпайтынға ұқсайды.
Атының басын бұрады,
Аруақ деп тұрады.
Тура шапқан жəумітті
Қалнияз  Шопықұлы

166
Мылтықпенен ұрады.
«Дүнадын» деп көп жəуміт,
Төртке дейін жапырды,
Табаны аумай қасқайып,
Батырларым шыдады.
Сол ұрыстың ішінде
Шаршамаған күнімен,
Қимылдаған шынымен,
Жүгіріп жүріп оқ атқан,
Оғын қардай боратқан,
Оң келгенін оң атқан
Кенжебек пен Серғазы
Тура шапқан мылтыққа,
Қорықпайтын ер-дағы.
Есек, Нұрбай аржағы,
Иман, Намаз бер жағы,
Үзілмеген шынжыры,
Сүйреп жатқан сол-дағы.
5.
Жау жақындап төнгенде,
Бетпе-бетке келгенде,
Шулап тұрған жесірді
Жəуміттегі көргенде,
Балуанияз жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Жауда жесір жылап тұр,
Ағытқан қойдай шулап тұр,
Жыламай қайтіп шыдайды:
– Шейіт болып өлелік,
Қимылдаңыз, жігіттер,
Жад етіп Жаббар Құдайды! –
Балуанияз сөйлейді:
– Тамам батыр, ер, – дейді –
Қалнияз  Шопықұлы

167
– Билікті маған бер, – дейді –
– Билікті маған берсеңіз,
Жапыралық, кел, – дейді. –
– Жапырмасақ осыдан –
Есіріп кетер мына құл –
Айыртпай кетер енді бұл.
Ажал жетсе өлерміз,
Сегіз арыс Адайда
Буаз қатын жоқ па екен,
Тумас па екен біздей ұл?!
Балуанияз толғайды,
Толғайды да қозғайды:
– Менің көңілім тынбайды,
Осы жаумен тоғыспай,
Араласып соғыспай.
Қорқып қалсақ осы жерде,
Бір Адайды келтірмес
Маңғыстау деген қонысқа-ай!
Сарырқаны қыстатып,
Сыбай қылар орысқа-ай!
Мінді батыр құла атқа,
Шауып шықты қыратқа.
– Жау қарасы көп екен,
Жеткізгей Алла мұратқа!
Тастай көрме ұятқа!
Осы жерде айырсақ,
Қалар едік сауапқа!
Осылай деп батырың,
Алла бергей ақырын,
Мініп алып жөнелді
Жамандатқыр құла атқа.
Қамшы басып шу деді,
Қалнияз  Шопықұлы

168
Табаны тасқа тимеді.
Асқар таудай айбатын,
Алла берген қайратын!
Талау тигір бəйге атқа
Балуанияз мырзаңыз
Мініп алды қасқайып,
Бір қайтпады жасқанып.
6.
Қасында жоқ серігі,
Жетіп барды жауына –
Батыр деген Бөріге,
Он балаға ат алып
Мініп шыққан еріне.
Сонда батыр көздеді
Шаншатұғын жеріне.
Түйіп кетті найзамен
Аш сүбеге беріп-ай.
«Уа, қазақ, ұрдың!» – деп
Құлап қалды көрім-ай.
Қолының құрысы жазылып,
Тарқатты батыр шерін-ай.
Сол сапарда жəуміттің
Сындырып еді белін-ай,
Шығып еді желің-ай,
Адайдың беті кеңіді-ай!
Мықтымсыған бəлемнің
Орады əбден тілін-ай.
Арғымақтан айырылып,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Қашты жаяу еліне-ай.
Бас көтерген ішінде
Бөрі батыр өлгенсін,
Бөрі тиген қойдайын
Қалнияз  Шопықұлы

169
Бөрліктіріп бөлгенсін,
Ерлікті көзі көргенсін,
Жəуміттің кесіп келдесін,
Көргенде қорқып жүрсін деп,
Бауыздады бір жерге
Жинап салып он бесін.
Алпыс кісі ұрысып,
Екі жүзін жеңгесін,
Əрі-бері мақтайын,
Сөзді неге таппайын,
Алла тілек бергесін!
7.
Бұ жəумітті қашырған
Балуанияз батыр-ай!
Алаштан озған ақылы-ай!
Ерліктен жоқ-ты қапылы-ай!
Түтеп тұрған мылтыққа
Тура шапты, апыр-ай!
Балуанияз секілді
Бір Адайдың баласын
Енді тумас қатыны-ай!
Ғарып пенен міскінді
Жүруші еді қайырлап,
Бірдей еді жалпыға-ай.
Сөйлеуші еді майдалап,
Мінезінің артығы-ай!
Бара салып алдымен
Бөрі сынды батырды
Түсіріпті найзалап.
Жəуміт жаяу шұбырды
Жұртта жатқан жұрын мен
Қатты көнді қайзалап.
Қалнияз  Шопықұлы

170
Ерегіссе, қиратқан
Біздің елдің жігіті-ай!
Біздіңменен қас болған
Жаудың неден үміті-ай?!
Балуанияз Бөріні
Найзаменен түйрелеп,
Сабыменен ұшырып,
Айладырды шулатты,
Жоғалтты көзін асырып.
Маңғыстаудан ел шауып,
Кетіп еді ісініп.
Аламанын қуған соң,
Аттанғанын қырған соң,
Жəуміт қалды кішіріп.
Ұстап алып келгенін,
Ортасынан шапқанбыз.
Қарымымыз қайтсын деп,
Жүрегінің басынан
Мылтықпенен атқанбыз.
Ала қоржын, ақбас ер
Қарық олжаға батқанбыз.
Үй басына арғымақ
Асырауға ерініп,
Алты ешкіге сатқанбыз.
Сол сапарда қырылған
Айладырдың тəмəм ер.
«Жан аға» деп сөйлейді
Ақмəмбет пен Бөрілер.
Балуанияз батырым
Баса алмай ыза-ашуын,
Қарсыласып келгенде
Атаңа нəлет жау жəуміт
Атқан екен мылтықпен.
Қалнияз  Шопықұлы

171
Балуанияз батырға
Тиген екен кіндіктен.
Оқ тигенге қиналып,
Дұшпанға жоқ-ты білдірген.
Қарсыласып қалғанда,
Алдынан тиген оқ екен.
Оқ тигенге қиналып,
Қабағын шытқан жоқ екен.
Ойлап тұрсам артынан,
Айтулы ердің соңы екен.
Ғұламадан сұрасам,
Ақ шəйіттің өзі екен.
Ел де айтады шəйіт деп,
Қайғырмаңыз егіліп,
Алла берді кемді күн
Төрт құбыласын тегістеп.
Таңда көшенің мақшар күнінде
Тар көшенің бойында,
Балуанияз мырзаңыз
Мінер пырақ ерттеп.
8.
Балуанияз мырзаның
Шəйіттіктен кемі жоқ.
Пайғамбарлар болмаса,
Бұ заманда теңі жоқ,
Қайратының шегі жоқ.
Əзіретіғали болмаса,
Бұ заманда қазақтың
Онан артық сері жоқ.
Ондай болған адамға
Қайғырудың жөні жоқ.
Екі жүз кісі жəумітті
Қалнияз  Шопықұлы

172
Жалғыз өзі қашырды,
Дұшпанға кеткен кегі жоқ.
Жəуміт жаяу шұбырды,
Жұртта қалған жұрын мен
Он бес жылғы тері жеп.
Айладыр халқы шулайды:
«Ақмəмбет пен Меңдіораз –
Қазақтан бұ да өлді! – деп. –
Машырық пен Саламның
Түгесілді ері», – деп.
Қалың жəуміт жүруші ед
Қайратына семіріп,
Көкірегіне өзінің
Əлдеқандай көрініп,
Аяғын шірей тіреніп,
Арғымақ мініп еліріп.
Қара басып, Адайдан
Жаяу қайтты демігіп.
Таңдайына татады
Тасбақаның сүйегін
Қытырлатып кеміріп.
Қалнияз  Шопықұлы

173
ЕР ҚАРМЫС
Дастан
1.
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Хиуаның бойында
Сегіз арыс Сейілхан,
Сейілханның баласы
Басын қосып бірлесті,
Аузын қосып сөйлесті,
Сөйлегенде не десті:
«Құлақшынды қазақтан
Мал мен жесір алайық,
Тілекті, Құдай, бер! – десті. –
Ел шабайық, кел!» – десті.
Ала қоржын теңдесті,
Арғымағын жемдесті.
Бойына қару іледі,
Кіл бедеуге мінеді,
Ақ кіреуке тонменен,
Сайрап жатқан жолменен
Күн-түн қатып желеді,
Құбашыңға келеді.
Абылайхажы басында
Бір қараны көреді,
Көріп, көңіл бөледі.
Жиналып жəуміт алады,
Бедеуге жемді салады.
Бедеулерін жаратып,
Қамшыға бұтын таратып,
Басын көкке қаратып,
Мықтыбай мен Сарының
Қалнияз  Шопықұлы

174
Бұйқыт ауылын көреді.
Бұйқыт елді көрген соң,
Жан басына бір шелпек
Садақасын береді,
Ауылға келіп төнеді.
2.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда,
Ауылдың үстін шаң алды.
Жасанып келген үш мың жау
Орнатты қайым заманды.
Жалаң қылыш, жалаң ат
Бұйқыт елді бүлдірді,
Найзаға бөрік ілдірді,
Қақ айырып қазанын,
Балтамен ұрып сындырды.
Əлпештеген аруды
Ат көтіне міндірді.
Əлпештеген аруын
Ат көтіне үңілтіп,
Əділ жаннан түңілтіп,
Ат пен нарды жайдақтап,
Ұзын жолға салады.
Алтын сандық ақ мəнет
Олжаға қарық толады,
Құлдың жолы болады.
Аруды құшып кенелді,
Қазынаға бөленді.
Құдайдан басқа кім бар деп,
Сипай шауып жөнелді.
Жау қолында көп жесір,
Сол жесірдің ішінде
Қалнияз  Шопықұлы

175
Он екі жасар қыз бала
Ала тонын кең жайып,
Аллаға мойын ұсынып,
Шыдай алмай қысылып,
Əрі де бері зарлайды,
Зарлағанда не дейді:
– Домалап кеттік ылдиға,
Енді бізге өр қайда?
Қармыс сынды ер қайда?
Айдын-айдын көл қайда?
Жағалай қонар ел қайда?
Маңғыстаудай жер қайда?
Алпыс басты ақ орда,
Айбарақты көрсетіп,
Төске тігер күн қайда?
Алтын сандық, алпыс тең
Төрге жинар күн қайда?
Түбіршек жалды торы атты
Жал-құйрығын төгілтіп,
Көшке мінер күн қайда?
Бұралып өсер бой қайда?
Бұрынғыдай сой қайда?
Алтын шашбау тағынып,
Құлпырып шығар күн қайда?
Қатар да қатар қара нар
Қатар тіркер күн қайда?
Қалы кілем жаптырып,
Ырғала көшер күн қайда?
Кешкі самал кезінде
Қыз-келіншек күлісіп,
Желі қағар күн қайда?
Көк-ала көлдің жағасын
Көк орай беде жайқалтып,
Бие байлар күн қайда?
Қалнияз  Шопықұлы

176
Ыссыға неғып күйермін?
Суыққа неғып тоңармын?
Көк арбаға неғып мінермін?
Көн шарықты неғып киермін?
Жау қолында, жат жерде
Қалай дəурен сүрермін?
Патша Құдай, кең дүние,
Көрсеткенің осы ма,
Былдырлаған ит жауға
Неғып пенде болармын?!
Бұйқыт жатқан елімді
Жасанған жаудың алғаны,
Қармыс сынды көкеме
Хабардың тимей қалғаны.
Ақ қойқындай кір болды
Арулардың ажары.
Əлпештеген арудың
Қатты сынды назары.
Зарласа да тұтқын қыз,
Кейінде қалған Қармысқа
Жетпеді əлі хабары.
3.
Бағанағы қашып бектерден,
Сегіз жасар бір бала
Жасырынып, сай астында қалады.
Жау қарасы асқасын,
Көтеріп басын алады,
Сайға көзін салады.
Бекітулі бір торы ат
Сай бойында қалады.
Жүгіріп бала келеді,
Қалнияз  Шопықұлы

177
Мойнына тұсау салады,
Ырғып мініп алады.
Ырғып мініп: «Шап! – деді 
– Мұңлықтың көңілін тап, – деді,
– Бөктердегі еліме,
Шаңытып жатқан жеріме
Күн-түн қатып тарт! – деді,
– «Бүгінгі күні шаппасаң,
Ер Қармысты таппасаң,
Жауда жесір кетеді.
Қатты тепсем, жануар,
Қос өкпеңнен өтеді.
Қамшы салсам, жануар,
Сауырыңды кеседі».
4.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда,
«Аттан» деген бір дауыс
Құлағын зар-зар жарады.
Былайғы жанның ісі жоқ,
Үйде жатқан Ер Қармыс
Көтеріп басын алады,
Жан-жағына қарады.
Қыр басына шығады,
Ұран отын жағады.
Алды-артына қарамай,
Жылқы ішінде күрең ат
Ұстап мініп алады.
Тоғыз кісі қасында,
Жетпіс бесте Ер Қармыс,
Шыдай алмай намысқа,
Жауды қуып барады.
Қалнияз  Шопықұлы

178
Бірі –Қармыс, он кісі
Бір жерлерге келеді.
Бір жерлерге келгенде,
Бір бөлек ел көреді.
Ол бөлек ел кім десең,
Жаппас деген ел екен,
Жатқан сынды оянып,
От пен суға боялып,
Мал күйлі деп қуанып,
Қой-қозысын суарып.
Жаппасқа келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
– Алдым биік, артым жар,
Айналарға жерім тар.
Ен Адайдан шыққасын,
Жаппас атам баласы,
Сенен басқа кімім бар?!
Тұйықтап келдім бір тарға,
Таңдап мінбей тұлпарға.
Жия алмай шықтым Адайды,
Жау айласын құртарға.
Аз да болсам, келемін
Тəуекелге тұрысарға.
Қарға, құзғын кəр қылмас
Көп болғанмен сұңқарға.
Адайды шықтым жия алмай,
Ашуыма сия алмай.
Асығыс шығып келемін,
Үстіме сауыт кие алмай.
Үстіме келген дұшпанға
Бермеске арман-кегімді,
Жесірді жауға қия алмай.
Қалнияз  Шопықұлы

179
Дұшпанның көңілін өсіріп,
Үйіңді үптеп көшіріп,
Көңілді жігіт, неғылып,
Жатасың үйде ұялмай?
Қиял ойлап келемін,
Қазам жетсе, өлемін,
Қабырғамды сөгемін,
Қанымды судай төгемін.
Егер қазам жетпесе,
Жасаған Алла жар болып,
Өзі берер есебін.
5.
Естігесін бұл сөзді,
Төлеген ишан бас болып,
Он жеті кісі ереді.
Жиырма жеті кісі бірігіп,
Жауға қарай жүреді.
Бір уақыттар болғанда,
Қармыс сынды батырдың,
Астындағы күрең ат
Сиейін деп керілді,
Керілді де елірді.
Төңірекке қарады,
Теріскендегі боз дөңде
Жау қарасы көрінді.
Жау қарасын көргесін,
Көп екенін білгесін,
Өңкей қорқақ Жаппастар
«Бармаймыз» деп бөлінді.
Азып туған бала үшін
Ата-баба сөгілді.
Қалнияз  Шопықұлы

180
Сонда Қармыс сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
– Елеш пенен Таймандар,
Уағдадан таймаңдар.
Атты қайта ерттелі,
Құйысқанын қысқартып,
Артқы айылын бекітелі.
Сонда Қармыс сөйледі:
– Бір кісіге – жүз кісі,
Оның несін көп делі.
Əй, жігіттір, жігіттер,
Бұл арада тұрмалы,
Аттың басын бұрмалы,
Менің жаным құрбан-ды.
«Қармыс көкем келер», – деп,
Жауда жесір тұрған-ды.
Айналайын Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Тостағандай басыма
Сала көрме уайым.
Мен бүгін түс көрдім,
Түсімде ғажап іс көрдім.
Бір қара бүркіт үстімде
Жүруші еді торып-ай,
Шақырсам да қонбады,
Бұ жолғы түсім оңбады.
Бүркітім кетті қолымнан,
Жарылға, Алла, жолымнан.
Астымдағы күрең ат,
Қара асым деп мінгенмін.
Үстімдегі сұр мауыт
Кебінім деп кигенмін.
Қалнияз  Шопықұлы

181
Солқылдаған ақ найза
Басыма сайғақ болсын деп,
Оң қарыма ілгенмін.
Мен анамнан туған күн
Өлерімді білгенмін.
Он ай кезік болғанмын,
Онан да өлмей қалғанмын.
Жорықта ал деп жанымды,
Аллаға тілек салғанмын.
Сол айтқаным болған-ды.
Сегіз арыс Адайда
Егер қатын бар болса,
Мендей туар бір бала –
Бұл жалғанның жүзінде
Жоқ-ты менің арманым!
6.
Осылай деп айтқан соң,
Атқа қамшы салады.
Қаптай шапқан дұшпанды
Қақ ортадан жарады.
Қойға тиген бөрідей
Бөрліктіріп барады.
Ай бетінен кіреді,
Күн бетінен шығады.
Екі кіріп шыққанда,
Он сегізі құлады.
Қасындағы тоғызы
Басын қорғап қалады.
Қасқыр тиген немедей
Қармап өтіп барады.
Тобасы жоқ ит жəуміт
Үрпиісіп қалады,
Қалнияз  Шопықұлы

182
Артын байқап алады.
Аз екенін білген соң,
Жалғыз келген Қармысты
Ортаға алып қамады,
Он найзаны салады,
Ұңғыласын алады.
Ер Қармыс та мықтады,
Басын жерге нықтады.
Бағанағы арудың
Қармысы айтқан осы деп,
Айналысып шықпады.
Көкірегіне салған бір найза,
Тас табандап тартса да,
Шиеленісіп шықпады.
Он найзаның үшінде,
Он жігіттің күшінде
Қармыс кетіп барады.
Қара тымақ секілді,
Аттан түсіп қалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет