7.
Жау жағадан алған соң,
Жапалақ ұшпас жапанда
Қармыс жалғыз қалған соң,
Омыртқада он жара,
Сансыз найза салған соң,
Қабырғада қырық жара,
Шала жансар болған соң,
Ертеңгі сəске кезінде
Басшысы Төлеп жүз кісі
Соңынан іздеп келеді.
Қармысты Төлеп көреді,
Келіп жылай береді:
Қалнияз Шопықұлы
183
– Ер Қармыс-ау, Ер Қармыс,
Жатырмысың сен, Қармыс,
Қуғыншымын мен, Қармыс.
Алды-артыңды жинамай,
Кеткенің жалғыз нең, Қармыс?
Қайырын сұрап жата гөр,
Болған екен, япырым-ай,
Ер бабаға қиын іс.
Сонда Қармыс сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Сен Адайдың кімісің?
Айтулы ердің бірісің,
Маңдайыңа қарасам,
Қайтпас ерге меңзейсің.
Ауызыңа қарасам,
Аш бөріге меңзейсің.
Қабағыңа қарасам,
Қас батырға меңзейсің.
Елібіңе қарасам,
Ер Төлепке меңзейсің.
Менің жайым мінеки,
Өз көзіңмен көргейсің.
Көкіректе шыбын жан,
Тани алмай жатырмын.
Тани алмай жатсам да,
Сол айтқаным боларсың.
Сол айтқаным сен болсаң,
Келмей жатыр ағаңның
Көп сөйлеуге шамасы.
Алып кетіп барады
Омыраудың арасы,
Он найзаның жарасы.
Алшаңдаған ағаңның
Қалнияз Шопықұлы
184
Найзадан болды жазасы.
Ұрып кетті жəуміттің
Он сегіз жасар баласы.
Қиылған қара қасым-ай,
Мың жəумітті бір қырған
Он тоғыздағы жасым-ай.
Сол күндерім келсейші
Осы күні басыма-ай!
Алдым биік, артым жар,
Оралуға жерім тар.
Мен көрген жаудың бірі емес,
Айыртар жаудың түрі емес,
Айналайын ер Төлеп,
Айтулы ерден кімің бар?
Сонда Төлеп сөйледі:
Сөйлегенде не деді:
– Қуғыншының ішінде
Əнеттің ұлы Төлеп бар,
Белгілі ерден Бегей бар,
Жүйрік атты Кедей бар,
Бексауытты Жанақ бар,
Қойсарыдан Қонай бар,
Он бес жасар Шабай бар,
Шабай түгіл, талай бар,
Өле кетсең, Сары бар.
Ту ұстаған Адайда
Белгілі ердің бəрі бар.
Балықшыдан Балуанияз батыр бар,
Қайсыбірін айтайын,
Бірі – айыр, бірі –нар,
Бірі –жая, бірі – жал.
Бірі – шекер, бірі – бал,
Бірі – қайың, бірі – тал.
Қалнияз Шопықұлы
185
Айналайын, аға-еке,
Сенің көрген жауыңды
Бір көруге ынтызар,
Ту түбінде тұратын
Тоқсан бес кісі Адай бар.
Бізден жəуміт ер емес,
Əркімде де Құдай бар.
Сонда Қармыс сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Олай болса, Ер Төлеп,
Қызылойдан өткен жоқ,
Алашыңға жеткен жоқ,
«Ер баба!» деп шулаған
Қыз-келіншек дауысы
Құлағымнан кеткен жоқ...
Жесір ұзап барады,
Қош, аман бол, бар! – дейді.
8.
Адайдың алпыс батыры,
Ерліктен жоқ-ты қапылы.
Күңірене желеді,
Көтере жортып келеді.
Қызылойдың түбінен
Жау қарасын көреді.
Он бес жасар ер Төлеп
Жауды қуып ентелеп,
Жалғыз шауып келеді.
Сұр бұлттай тырысып,
Жон арқасы құрысып,
Езуінде егіз оқ,
Садағында сегіз оқ,
Қалнияз Шопықұлы
186
Астындағы құла аттың
Танаулары талыстай,
Құлақтары қамыстай,
Екі көздің арасы,
Салып қалсаң, қарыстай,
Омырауын қарасаң,
Оралып жатқан түбектей,
Ерініне қарасаң,
Қақтап шапқан күректей,
Азу тісі балғадай,
Бауырлары аралдай,
Қабырғасы шеңбердей,
Омыртқасы отаудай,
Шоқтықтары шоңқалдай,
Толарсағы тоқпақтай,
Жіліншегі жіптіктей,
Ту сыртынан қарасаң,
Суға жүзген сазандай,
Шекесінен қарасаң,
Он алты тілік қазандай,
Басқан ізі аймақтай!
Құйқылжып-ақ келеді
Жел аударған қаңбақтай.
9.
Жауға ентелеп келгенде,
Жасырынып жау жатады,
Кез оқпенен атады.
Тоғыз қабат сауыттың
Екеуінен өтеді,
Үшеуіне жетеді.
Былайғы жау жиналып,
Масайрап-ақ кетеді.
Қармыс айтқан ер жəуміт,
Қалнияз Шопықұлы
187
Ашуы күшті зор жəуміт
Жекпе-жекке шығады.
Қарсы келген жəумітке
Төлеп салды кесірді.
Садақпенен тартқанда,
Шүлдірлеген жəуміттің
Екеуі қабат көсілді.
Бағанағы он сегіз жасар жас бала,
Айдаһар бөрік басында,
Қара арғымақ астында,
Екі қолында егіз оқ,
Садағында сегіз оқ,
Қыз-келіншек қасында,
Жалғыздау шетте жүр екен.
Төлеп сынды батырды:
– Жекпе-жек! – деп шақырды.
Мұнан Төлеп таймады,
Қарсыласып келгенде,
Қақ жүректің басынан
Қол оқпенен байлады.
– А, қазақ, ұрдың! – деп,
Атынан құлап, жайрады.
Қой мойынды күрең ат
Жау ішінде ойнады.
Мықтысынған дұшпанның
Соры əбден қайнады.
Бəлем, сүйтіп қашырып,
Жесір мен малды айырды.
Əнеттің ұлы Ер Төлеп
Ер Шабаймен бірігіп,
Көрсетті сондай зайырды.
Қалнияз Шопықұлы
188
10.
Қайта айналып келгенде,
Жауды жеңдік дегенде,
Бағанағы Ер Қармыс
Аударылып жатады.
Сонда Қармыс сөйлейді:
– Айналайын, Төлепжан,
Қиылған қара қасым-ай,
Қор болып жатыр басым-ай,
Бір айналып келсейші
Кешегі отыз жасым-ай!
Дүниенің білдім жалғанын,
Алланың көрдім салғанын.
Жетпіс бесте жасым бар,
Енді жоқ менің арманым.
Мен өлді деп, жігіттер,
Бірің нали көрмеңіз,
Жауға намыс бермеңіз.
Жатқан жерім сұрасаң,
Қызылой мен Алашың
Екеуінің арасы.
Сегіз арыс Адайда
Буаз қатын бар болса,
Мендей туар баласы.
Құтты болсын дей көрің
Найзаның тиген жарасы.
Қанды киім жумаңыз,
Қыземшекке қойыңыз,
Астымдағы күрең ат
Қара асыма сойыңыз.
Не айтайын, жігіттер,
Қош, аман-сау, болыңыз!
Қалнияз Шопықұлы
189
Шынияз
Шанайұлы
(1819-1875)
190
ӨЛЕҢДЕР
191
ƏРІ ДЕ БЕРІ ТОЛҒАЙЫН
Əрі де бері толғайын
Ертеде өткен қалмақтан.
Ноғайлы босып қозғалды
Ашасу, Бозан тармақтан.
Ноғайлы көшіп кеткен соң,
Иесіз қалған Нарынға
Нəсібе айдап, дəм тартып,
Бабамыз келген ар жатқан.
Нарыннан көшкен көп қалмақ
Өткел тапқан Дендерден
1
,
Аққала, Жайық жерлерден.
Əңгіме етіп айтамын
Бұрынғы еткен елдерден.
Сөйлегенмен не пайда
Сайраған қызыл тілдерден?!
Осы күні не пайда
Бұрынғы өткен күндерден?!
Баяны жоқ сұм жалған
Қалмаған екен кімдерден?!
Əрі де бері толғайын
Ертеде өткен ноғайдан.
Пайдасын өзің көрмесең,
Не пайда алтын сарайдан?!
Өлгеннен соң ер Тарғын,
Ақжүніс қашып, ұсталды
Мынау Нарын тоғайдан.
Билік кетті біз түгіл,
Шың жайлаған Адайдан.
Қарға бойлы Қазтуған
1
Индер.
Шынияз Шанайұлы
192
Халқын аман өткізіп,
Мұратына жеткізіп,
Өткен де екен алайдан.
Бұрқыраған шаң болып,
Көргендерге таң болып,
Адыра қалғыр бұл Нарын
Қалған екен талайдан.
Басы шоқы, Дүртебен,
Талас екен екеуі
Шыпшаның тозаң тұзына.
Тағасын қағып ат жеккен
Ақтөбе, Бозан мұзына.
Қабыртаң мен Едіге —
Талас екен екеуі
Сəтемір ханның қызына.
Аштархан деген шаһары —
Əз Жəнібек ханның қаласы.
Салған жерін сұрасаң,
Күркіреген дауысы
Күншілік жерден естілген
Еділдің анау сағасы.
Сол хандардың тұсында
Асанқайғы, Жиренше —
Ол күндегі адамның
Ақылға күшті данасы.
Жүруге өткел бермеген
Қиғашпенен екі су
Екеуінің арасы.
Соларды мекен етіпті
Көгістің ұлы Тамасы.
Қызылбасқа қасқарып,
Өзі мықты, өзі ер —
Жолығуға аттанған
Шынияз Шанайұлы
193
Қарт Нəріктің Шорасы.
Бұрыңғы өткен елдерден
Сарайшықта бар дейді
Жеті ханның моласы.
Көп қалмақтың басқан жер
Үштолағайдың обасы.
Орманбет бидің қонған жер,
Он сан ноғай тозған жер.
Тұрағы кетіп бұл күнде,
Талай да жұрттан қалған жер.
Қаратай мен Тайша хан
Бірін-бірі өлтіріп,
Арғы асылың сұрасаң,
Əйелден занта болған жер.
Едіге деген ер еді,
Елде біреу жыласа,
Мынау мұңдық дер еді.
Ерегіскен дұшпанын
Бөрідей сілкіп жер еді.
Талма тал түс болғанда,
Таудан тарлан басып жеген бөрі еді.
Аштарханнан бергі Ақбұлақ
Əз Жəнібек ханыңның
Кұладын салған көлі еді.
Жалақтатып ат мініп,
Жарқылдатып ту алып,
Орақ пенен Мамайдың
Ат шаптырған жері еді.
Сізге айтайын дегенім
Бұрынғының жөні еді!..
Шынияз Шанайұлы
194
БОЙЫНДА ҮШТЕМІРДІҢ ƏЛІМ ЖҮРГЕН
Бойында Үштемірдің Əлім жүрген,
Қолында тауарих жоқ алып жүрген.
Өмірден өтпейтұғын адам бар ма,
Атадан балаға орын қалып жүрген.
Айрылып дəулеті менен қонысынан,
Адам көп осы күні налып жүрген.
Бұ күнде заман жақсы, адам жебір,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кемір.
Жүрелік қалған жаспен базар етіп,
Келмейді екі айналып өткен өмір.
Келмейді екі айналып өмір өткен,
Боласыз жасқа өмір табыс еткен.
Жаралған екі өзеннің бірі — Жайық,
Біреуін құдіретпен Еділ еткен.
Қалмаққа Қабыртаңдай қылыш ұрып,
Ер болып ертеректе Едіге өткен.
Кітапта самұрық құс — құстың зоры,
Қашаннан кінəлі адам — қордың қоры.
Бір күні ақ киіктей обылармыз,
Ажалдың алдымызда қазған оры!..
Шынияз Шанайұлы
195
ХАЛІНЕН БАЯНДАЙЫН ЗАМАНЫМНЫҢ
Жебесі шын болаттан садағымның,
Əдеті осылай ма еді қазағымның?!
Аңырып қайтіп қарап отырайын,
Алдына келгеннен соң адамымның.
Исатай — Махамбеттің заманында
Астына дұшпан түсті табанымның.
Əлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз,
Халінен баяндайын заманымның.
Бастайын ертеде өткен Жəбір ханнан,
Не пайда білгенді айтпай тартынғаннан.
Ерлігі билігімен бірдей болып,
Еділге Орақ пенен Мамай қонған.
Мамай хан, Орақ батыр болған күнде
Шебінен жан жүрмепті қарайғаннан.
Кеткен сон Орақ, Мамай бұл қоныстан,
Қара ағаш қалмақ жайлап, ноғай қонған.
Ерлері қазағымның озғаннан соң,
Сыртынан патша жүрді көзін салған.
Хан болған онан кейін Əз Жəнібек
Ақ мешіт Аштарханнан үй салдырған.
Бір көлге қырық атанмен секер шашып,
Дулатып ертеңгі-кеш құсын салған.
Сөйлейін мұнан кейін Мұса
1
ханнан,
Басым бос, кете алмадым тұсағаннан.
Əлеумет, құлақ салып тындасаңыз,
Айтайын ертеде өткен үш анадан.
Арғы атаң — Майқы менен Алаш еді,
Сақаба Əнес ата баласы еді.
1
Мұса хан — Ноғай ордасының бегі (ХV-ХVІ ғғ.)
Шынияз Шанайұлы
196
Бірлік сөз осы күні қайдан болсын,
Бұрыңғы төрт имам да талас еді.
Үлкені Алаш байдың Үйсін еді,
Жақсыға жұмла халық сүйсінеді.
Жер кетіп, ел күмəнді болған заман,
Мұны ойлап қара халық түйсінеді.
Ортаншы Алаш байдың Арғын еді,
Арғыннан батыр туған Тарғын еді.
Əкімге ашуланса, қол көтерген,
О-дағы қазақ əдет бар күн еді.
Кенжесі Алаш байдың Алшын еді,
Нарынды баса қонған халқым еді.
Байұлы он екі ата бері ауғанда,
Жаппас пен Сырда қалған Алтын еді.
Болғанда атам Алшын, Кіші жүзбіз,
Сөйлесе, айтқан сөзге түсінерміз.
Нарындай мекен еткен қонысты алса,
Кенедей бірден-екі кішірерміз...
Сөйлейін онан кейін хан бабаңнан,
Төресі уағададан танбағаннан.
Ұлықтың айтқанына көне бердік,
Қайрылып етер қайрат болмағаннан.
Хан болған соң кейін Əбілқайыр,
Хабар бер алыс жерден, болсаң шайыр.
Тарлықта жігіт басы қалған заман,
Болса да біреуі нар, біреуі айыр.
Адамға кісі жері жер бола ма,
Қоныс еді атам қонған Қарабайыр.
Шынияз Шанайұлы
197
Азды деп замананы ойламаймыз,
Туралық биден кетсе, байдан қайыр.
Хан болған одан кейін Нұралы еді,
Төренің Арқар деген ұраны бар.
Хан ауылын Сырым шауып тоздырғанда,
Ақылды Алдар биден сұрап еді.
Қараға хан баласы əкім болған
Ежелден келе жатқан мұраң еді.
Тұрғызып Тайсойғаннан Қорғаншаны,
Он жылдай мекен еткен тұрағы еді.
Алты жұрт Асанменен анық кетті,
Жетеу деп білмегендер жалғап еді.
Еділден қара табан қалмақ босып,
Қозғаған ноғай артын болар еді.
Қаздырып Қаратаудан Шерқаланы,
Ақмыштан айдап ішкен бұлақ еді.
Қауғасын шыңыраудан кесіп алып,
Сонан соң қонысынан қозғап еді.
Жер-жерге топырақ үйіп, оба жасап,
Қарауыл қарап кеткен солар еді.
Бұрынғы қариялардың айтуынша,
Кешегі Шыңғыс ханның уағы еді.
Көп əскер Сарайшықтан аттанғанда,
Шеркүпті көктеме деп карғап еді.
Еңселеп Ақтөбеден қонжар
1
шауып,
Талаптың оңбайтынын аңдап еді.
Көзіммен мұның бəрін көргенім жоқ,
Қарттардан естіп қалған кұлақ еді.
1
Қонжар — қалмақ
Шынияз Шанайұлы
198
Жем, Сағыз Байұлының аңғары еді,
Жерінде құлан, киік аң бар еді.
Ат өлсе — сауыр мұра десетұғын,
Аға өлсе — жеңге мұра десетұғын
Қазақта сондай əдет, заң бар еді.
Заң қылып елді ұстап пайда еткен,
Ел сорған алтын тақта хан бар еді.
Ол күнде ақ бедерлі үй бар еді,
Ораулы үйге ұстаған ши бар еді.
Бір адам жасы жеткен тура келсе,
Бабам деп ақсалды сыйлар еді.
Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл, Қайнар еді,
Саланы алпыс екі жайлар еді.
Қоныстың шалқып жатқан мол күнінде,
Сол күнде жиын менен той бар еді.
Қараша тіккен үйге қамайтұғын
Қолында жалшы-кедей бай бар еді.
Білмейді самаурын мен шəйнегіңді,
Жал-жая тамағына шайнар еді.
Тас аяқ салдырлаған ол күнде жоқ,
Ірімшік, құрт пен қарын май бар еді.
Исатай — Махамбеттің заманында
Дұшпанға сырттан келген айбар еді.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Біз білген түрлі осындай жай бар еді.
Сөйлейін арғы бетке ел өткеннен,
Енші алып бұл Нарынға бөлектенген.
Көз салып, көрінгенге зорлық еткен,
Ақыры уайым берді зар өткеннен.
Нарынға Бөкей бастап өтіп еді,
Қойы мыңға, жылқы жүзге жетіп еді.
Шынияз Шанайұлы
199
Кешегі хан Жəңгірдің заманында
Рудан он екі би етіп еді.
Жоқ еді мұндай əдет хан барында,
Ел болды жеті қысым бұл Нарында.
Жазылды өлі, тірі бір қағазға,
Осы бір жаңа штаттың салдарында.
Қосылған сағынысып, інілерім,
Сөйлейін біразырақ алдарыңда.
Бөкей хан таңдап қонған Нарын еді,
Қонысқа мезгілінде жарып еді.
Нарынды үш жыл жайлап, үш жыл қыстап,
Ол сұрап патшасынан алып еді.
Қайғымен қара қазақ зар еңіреген,
Не болар сасық кеуде жан кеткен соң?
Шұбырып өңшен жігіт ауға жүрді,
Қолынан ауыр дəулет мал кеткен соң.
Нарыннан мал да кетті, шөп азайып,
Ер жігіт не болады серттен тайып?
Боларын бұл сұмдықтың білген екен
Бұрынғы ертеде өткен жеті ғайып...
Келінге бала менен қонақ болдық,
Жас кезде дəуірлеген ер қартайып.
Шалқарды шайқап кешкен қазақ едік,
Екі су — қорлық көрді Еділ-Жайық.
Осыны болжап кетті Асан Қайғы,
Ерге ақыл, ойламаса, табылмайды,
Əкімдер халыққа салды үлкен айып.
Сатусыз кім ішпейді ет пен шайды,
Біз бұрын көріп пе едік осындайды?
Ағалар, бізді іздеп келе қойсаң,
Сөйлейін біразырақ өткен жайды.
Шынияз Шанайұлы
200
Салдырған Аштарханды Əз Жəнібек,
Нарынға ел қонған жоқ ноғайдан көп.
Қазтуған Қарғабойлы тəуекелшіл,
Нарыннан талап етті кетемін деп.
Жеті жұрт бізден бұрын олар да өткен
Бұрынғы патшалардан уайым жеп.
Адамзат қалай өмір сүрер еді,
Қаһармен əлек болса жер менен көк?!
Сөйлей көр тіршілікте ал, қызыл тіл,
Əуелде бір жүріпті шайтан мен шын.
Сөзбенен мұны неғып түгендейін,
Қалады шешеннен — сөз, шеберден — мін.
Дүниенің өлім дейді арғы түрі,
Болады дінге берік ердің ері.
Нарыннан ұмтылсаң да кете алмайсың,
Əркімнің Мысыр дейді жүрген жері.
Біз келдік жұрт жиылып шақырғанға,
Дəреже бақыттан ба, ақылдан ба?!
Болғанда тəуір сиқың — ел сыйлайды,
Кешегі ертеде өткен Бақырған да
1
.
Бақырған ғалым екен ертеде өткен,
Жайларды бұрынғы өткен шерте кеткен.
Сөйлейін анық пəннен тындасаңыз,
Басыңды қате сөйлеп тентек етпен.
Басыңды тентек етпен қате сөйлеп,
Киерсің өлгеннен соң жеңсіз көйлек.
Адамзат бір күн туып, бір күн өлмек,
Бір күні сынбай қалмас алтын шөлмек.
1
Бақырған — сопы ақын Сүлеймен Бақырғани (XII ғ.)
Шынияз Шанайұлы
201
Біз келдік жұрт жиналған хабарыңмен,
Талепкі
1
, шəрін сыйлап Самарыңмен
2
.
Бұрынғы үлкендерден қалған үлгі,
Жарасар кеңес құрсаң адамыңмен.
Бұл Нарын жаман болса, енді болды,
Мөр ұстап, қағаз жазған шенді болды.
Алдырып жеті жұртқа бізден бұрын,
Кейінгі қалғандарға үлгі болды.
Соңғысы жеті жұрттың қалмақ екен,
Дүния, ойлап тұрсам, жалған екен.
Бұл жерден қалмақ кетті, ноғай өтіп,
Біздерге мұра болып қалған екен.
Өтіпті олар жетеу, бізбен сегіз,
Мекені біздің елдің шалқар теңіз.
Құрғырды, əлдеқашан тастаған сөз,
Айтпаса, жерде қалар алтын лебіз.
Үргеніш, Бұхара мен өрісті алып,
Ну тоғай жеті судай қонысты алып,
Қонысқа азғантай мал жарымайды,
Алғи су атам қонған алыс қалып.
Осындай ұлы дудың базарымын,
Тарихтың шежіресінің хабарымын.
Осындай ұлы думан айқарыста
Жұмланың көз тігетін назарымын.
Бұл патша қоныс алды Жемнен барып,
Жемдегі қоныс еткен елге барып.
Айтайын бес-алты ауыз кейінгі ұлға,
Тозар ма асқан сөзім жөнге барып?!
1
Талөпкі, Талөкпе — Казталовка (Орал облысы)
2
Самар — Ресейдегі Самара қаласы
Шынияз Шанайұлы
202
Таласты орыс, қазақ Сарыөзенге,
Ағын су, екі жағы жар өзенге.
Барды да қожа Салық
1
қайрат етті,
Балығы, пішенімен бар өзенге.
Ақылы асқар таудай, аққан судай
Салықжан жұмла жұртқа оңды болды.
Берімді малға салмай, басқа салса,
Қазаққа ұлы қиқу енді болды.
Соны ойлап, көшпей қалды елдің көбі,
Əуелде болып еді жердің кеңі.
Бүгінде өздеріңде болмай қалды
Адайдың кой қоздатқан Қүйкен, Жемі.
Қызға мал — қырық бес байтал болушы еді,
Мал болды жалғыз қара — қыздың теңі.
Бұл Нарын тыныш болмады балаға көп,
Биліксіз шыға алмаймыз далаға көп.
Қорқамын бұл заманнан ішім тартып,
Келіссіз үлкен мизам бола ма деп.
Бола ма билер менен старшындық,
Жігіттер, ойлап қара, немен тындық?
Хан — қайқы, биі бүкір болған заман,
Шығады жылдан жылға түрлі сұмдық.
Алшаңдап арыз айтар халің бар ма,
Біз қазақ жетім ұлдай болған мұңдық.
Ер жігіт, дəулет ауса, болар пақыр,
Тұрмайды қартайғанда жиған ақыл.
Біз — адам топырақтан Хақ жаратқан,
Туса да біреу тентек, біреу мақұл.
1
Қожа Салық — Мұхаммед Салық Бабажанов
Шынияз Шанайұлы
203
Кешегі ертеде өткен Асанқайғы,
Бұл дүние опасы жоқ етер қапыл.
Қарасам, көзім көрмейді, жасым жетіп,
Барасың, дүние жалған, бізден де өтіп.
Боларын бұл қылықтың білген екен
Кешегі ертеде өткен Əбди Сетік
1
.
Отырмын штатпенен қарсы келіп,
Аяғым тайып кетсе, басым кетіп.
Аяғым, басым кетіп қалған күнде,
Елімді патша билеп алған күнде.
Қайсысын сұм дүниенің мен сөйлейін,
Елуге жасым жетіп толған күнде.
Сақалда нышан берді елу маған,
Қиындау бір кеткен соң келу маған.
Кешегі дəл жиырманың бар күнінде,
Дүния, оңай еді-ау жөнің маған.
Елудің төртеуіне келген шағым,
Жақсыны жаманменен көрген шағым.
Құс алып, қиқу салсам, қайта келмес
Ту ұстап, тұлпар таңдап мінген шағым.
Үш бала екі əйелден көріп едім,
Бесеуін жер астына көмген шағым.
Бұл күнде билік кетті мал мен бастан,
Кісі көп билерменен араласқан.
Алыс жер Үргеніш пен Бұхарды алды,
Күн көріп жүруші еді мұнан қашқан.
Туысқан, туғаныңды сағынарсың,
Бөлініп шетке кетсең қарындастан.
1
Ел аңызы бойынша, Əбди Сетік деген көреген болыпты — мыс.
Шынияз Шанайұлы
204
Əкімдер бірден-екі көндіреді-ау,
Өзінің туғанына қараспастан.
Қол салып, əкім тартып ала берді,
Еңбекпен дəулет еді жиған жастан.
Қаһар етсе, қараны қор еткендей,
Əкімнің күші қатты қара тастан.
Кəрінен ақ патшаның сақтаныңыз,
Малы еді бұл патшаның баққаныңыз.
Басыңа қара ағаштай салық салса,
Жетер ме алты ай жүріп тапқанымыз?
Асқар тау, жетер қоныс бар ма бізге,
Иə, Алла, өзің бер деп жатқанымыз.
Бұл күнде қоңыр болды жердің сұмы,
Жасқұстың азбай тұрған қалың құмы.
Заманның заманы азбай, адамы азып,
Сұрасаң табылмайды сөздің шыны.
Жиылып барлық билер барған күнде,
Айтылмай қала берді халық мұңы.
Қараша үй, көбінде жоқ екі сиыр,
Қарасам, келіспей тұр елдің сыны.
Тамақтан Нарын елі жүдегенде,
Үйшіктің қымбат болды қызыл ұны,
Жалданып ауға жүрді ұл мен қызы,
Адамың малыменен бірдей санап,
Замана жылдан-жылға ылдиланып,
Қайғы етіп білгеннен соң айттым мұны!..
Шынияз Шанайұлы
205
Нысанбай
жырау
(1822-1883)
206
ДАСТАН
207
КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ
Дастан
Менің атым Нысанбай,
Ат жібердім тұсамай.
Өзім жырау болыппын,
Ата-анама ұсамай...
Он жасыма келгенде,
Қарыма қобыз ілгенмін.
Он бір жасқа келгенде,
Сөз мəнісін білгенмін.
Он екіге келгенде,
Жақсының алдын көргенмін.
Он үш жасқа келгенде,
Жақсының соңына ергенмін.
Он төрт жасқа келгенде,
Өз елімде жүргенмін.
Он бес жасқа келген соң,
Кенесары, Наурызбай
Төрені іздеп келгенмін.
Сол кездегі төренің
Сойдақ қожа ақыны.
Қобыз алған балаға
Толмады қожа тақымы.
Хан алдында сөйледім,
Ханның болып жақыны.
Керейттен шыққан жеті ер –
Жар болған соң беглерім,
Қожаны жеңдім ақыры.
Бақыт қонды басыма:
Мұрадың қасыл болады,
Нысанбай жырау
|