1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#10400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Шортанбай:
Замандасым, ей, Асан,
Тұрақсыз заман, ойласаң.
Бақ шіркінге мəз болма,
Тұрмайды баста байласаң.
Тұрмайтынның себебі,
Арқаны алған мынау жау,
Сені де қоймас түбі сау.
Саудамен тапқан тиынға
Əулиедей сыйынба. 
Мұсылманның баласын,
Хан, ақсақал данасын
Қыспаққа алған кəпірге
Сенің-дағы малыңды
Тартып алу қиын ба?!
Хақ пайғамбар тұқымы ем,
Медет берген бір ием.
Елдің зарын жеткізіп,
Сөз сөйлеген жиында
Шортанбай  Қанайұлы

129
Айтыспақ боп менімен
Ниет еттің, ақыным.
Қайыры жоқ сөз айтып,
Кесапатқа көз айтып,
Тектен-текке күпір боп,
Шатыспассың, жарқыным.
Асан Бұғы:
Көп сөз айттың, Шортанбай,
Не демейді қу таңдай.
Мешітке ие қожасың,
Жанғұттымен құда боп,
Бар жақсыдан озасың.
Ойламасаң дүние ісін,
Есбаймен неге жақынсың?
Сөзіңе жұрт ұйыған,
Дес бермеген ақынсың.
Кереку, Семей барғыштап,
Ат, арғымақ алғыштап,
Ойлап кеттің бақ ісін.
Сен пайғамбар тұқымы,
Мен Əндіжан қожасы,
Тек сен ғана жақсы боп,
Бəрімізден озбақсың.
Саудамен дүние жиды деп,
Бұл орыстың ісі деп,
Алдымызға тосасың.
Шортанбай:
Сөз айтайын Асанға,
Дүниешілікке мақтанба,
Жəрмеңкеде қақтандың,
Дəулетің судай тасқанға.
Шортанбай  Қанайұлы

130
Дүниеқордың мəнісі – 
Жетпіске келді бұл жасың,
Дүниешік болды жолдасың.
Тəнім отқа күймесін,
Тілім менің тимесін,
Арғы атаң аруақты,
Қожасы еді бір елдің.
Жақсыдан шыққан қу келдің,
Ата жолын ұмытқан.
Дін оқытып жөн айтпай,
Жаратушы иені айтпай,
Саудамен кеткен өз басың,
Əндіжандық сарт болдың,
Қай елдің ең қожасы?
Қаратауда туғансың,
Пəленше деген мырзасың,
Сарыарқаға келген соң,
Төрт аяқты жорғасың.
Осынша жиған мүліктен
Не көреді қу басың.
Таласың бар жалғаннан
Əлі де болса аспаққа,
Дүниенің боғы үшін,
Күнде жосып аптықпа,
Ұяларсың лахатта,
«Мен раббың», – деп сұрағанда.
Асан Бұғы:
Қаратаудың халқы едің,
Бір атадан жалқы едің,
Есек мінсек айып не?
Əуелде күнə жанға қас,
Арқаға келер, болар мас.
Шортанбай  Қанайұлы

131
Мені бүгін сарт дейсің,
Қалжақтан ауыз жимайтын,
Дуалы сөз ішке сыймайтын,
Ала қашпа көк езу,
Сені атады Қызылбас.
Пір болған соң тантыққа,
Қалай заман бұзылмас.
Шортанбай:
Жəдігөй жарғыш болмаңыз,
Ақырет қамын ойлаңыз.
Жасың жетті жетпіске,
Иман бер деп сұраңыз.
Арқаға шығып нан жедің,
Нан жедің де дəндедің.
Сұлуы болса сүйсем деп,
Жүйрігі болса мінсем деп,
Күннен-күнге сəндендің.
Арқадан қылып жайлауды,
Əркімнен алдың байлауды.
Қиямет күні болғанда,
Қандай жерде мекенің
Сен ғаріптің сайлаулы?
Бұл айтқаным – ақылым,
Аталас туған жақыным,
Қиямет күн кез болса,
Пайдасы болмас қапының.
Ағартты Құдай басыңды,
Өлшеп те берген жасыңды,
Сауда деген – елді арбау,
Қоярсың енді осыңды.
Шортанбай  Қанайұлы

132
ШОРТАНБАЙ  МЕН  ШӨЖЕ                                          
АЙТЫСЫНАН
Шортанбай:
Əй, Шөже, ғибрат қып сөз айтайық,
Бос мақтан, фəни сөзін аз айтайық.
«Сен жеңдің, мен жөндімін» – еш пайда жоқ,
Тілейік мұсылманның амандығын,
Халыққа ой түсетін наз айтайық.
Шөже:
Шортеке, ел сыйлаған пірім едің,
Сенімен айтысуға тұрып едім.
Басқадай қу соқыр деп кемсітпедің,
Басқа ақын тап өзіңдей ірі ме еді.
Осымен мен сөзімді тоқтатайын,
Алланың сөзін айтып, ғаділет жол,
Алды-артты бірдей орап жібермедің.
Шортанбай  Қанайұлы

133
Қалнияз
Шопықұлы
(1816-1902)

134
ӨЛЕҢДЕР

135
БИІК  ҚЫЛЫП  СӨЙЛЕЙІН
Биік қылып сөйлейін 
Асқардың ала тауындай. 
Нөсерлетіп сөйлейін 
Селдете құйған жауындай. 
Тəтті қылып сөйлейін 
Жаңа піскен кауындай. 
Таза қылып сөйлейін
Бұлақтың мөлдір суындай. 
Шыны қылып сөйлейін 
Жіліктің аққан майындай. 
Қылтыңдатып сөйлейін 
Қысырдың емген тайындай. 
Жылтылдатып сөйлейін 
Сары алтынның буындай. 
Сылаңдатып сөйлейін 
Жалғыз үйдің қызындай. 
Байұлыға белгілі 
Ұстазым Тіней Өгізбай. 
Неше буын жыр төккен 
Он екі баспа қобыздай. 
Тосылып сөзден көрмеген 
Адайда айтқыш Абылдай. 
Шабатын жүйрік мен едім 
Сөзге қамшы салдырмай. 
Қаумалаған қарындас, 
Құмарыңды сөзбенен 
Кетейін неге қандырмай?!
Қалнияз  Шопықұлы

136
КӨТІБАР  БӨТЕН  КІСІМ  БЕ?
Қалнияз жолаушылап келе жатып Əлім Көтібар ауы-
лына кездеседі.
–  Адайларда  барымта-сырымтамыз  бар  еді,  жақсы 
келдің, олжалап алайық, – деп ауыл жігіттері Қалниязға 
қалжыңдаса керек. Сонда Қалнияз Көтібар алдында өзін 
былай  таныстырып,  батыр  ауылының  сый-кұрметіне 
бөленеді:
Көтібар бөтен кісім бе?
Апамды алған күйеуім.
Айсары бөтен кісім бе?
Өзімнің алтын сүйегім.
Ер Есет бөтен кісім бе?
Апамнан туған жиенім.
Абайлаңыз, көп Əлім,
Қапияда аузыма
Кетерсің түсіп біреуің.
Танымасаң жөнімді,
Білдірейін сендерге:
Мен сегіз арыс Адайда
Қосса, бəйге бермеген
Қалнияз деген күреңің.
Қалнияз  Шопықұлы

137
АМАНТҰРЛЫ  БАТЫР  ҚАЗАСЫН 
ШЕШЕСІНЕ  ЕСТІРТУІ
Дəукескен  қамалында  Қосқұлақ  Амантұрлы  батыр 
қаза болады да, бұл қазаны батырдың шешесіне естіртуге 
Қалнияз барады. Ол бұрынғы өткен ерлердің ерлік істерін 
мақтап жəне олардың көбісінің ерлікпен халық үшін қаза 
болғанын мысалдап айтып отырады. Бірақ батырдың қарт 
шешесі  сөз  мəнісіне  түсіне  қоймай, «Ə,  бəрекелдесін!» 
айтып  отыра  беріпті.  Сонда  Қалнияз  батырдың  шешесі 
түсінсін дегендей, бірден Амантұрлының атын атап, бы-
лайша толғаған екен:
...Аруақты Амантұрлы ерім еді-ау, 
Ерлігін халқым неше көріп еді-ау. 
Қожалақ, Балуанияз, Асар, Балта, –
Осындай жақсыларға серік еді-ау. 
Құдайке, Келімберді құралғанда, 
Қол бастап ортасында жүріп еді-ау. 
Ат қойып Дəукескеннің қамалына, 
Іркілмей, екі дүркін кіріп еді-ау. 
Қайран ер қайта шауып ғайып болды, 
Халқына содан бері көрінбеді-ау, –
– деп толғайды.
Шешесі сонда ғана түсініп: «О, Қалнияз-ау, сені жыр 
айтып, менің көңілімді көтерейін деп келген екен десем, 
жоқтау айтып, мені жылатайын деп келген екенсің ғой», 
– деп зарына басыпты.
Қалнияз  Шопықұлы

138
СҮГІР  БАТЫРҒА  АЙТҚАНЫ
Бір жорықта екі жақтың жасағы да жақын келіп қалады 
да,  біріне-бірі  бата  алмай,  тұрып  қалады.  Қолды  бастап 
шабатын Хиуа ханы əскерлері жағынан да, қазақ жағынан 
да кісі шыға қоймайды. Сонда Қалнияз Құнанорыс Шабай 
батырдың баласы Сүгір батырдың қасына келіп, батырды 
қайрап, былай деп қайрат-жігер береді:
...Баласы ер Шабайдың Сүгір деген,
Жүйрігім жауға шауып мүдірмеген.
Əруағың ақ бұлттай күнге өрлеген,
Ежелгі ер емес пе ең дүбірлеген.
Айтулы əкең батыр Шабай еді-ау,
Осындай қиын жерде кідірмеген.
Қалнияз  Шопықұлы

139
ҚОЖАЛАҚ  БАТЫРҒА  АЙТҚАНЫ
Бір  жорықта  жау  алдынан  шолғыншы  болып  кеткен 
Орамал  Қырықмылтық  Қарағұл  батыр  қапияда  жау  қо-
лынан қаза болады. Соған күйініп кеткен Нұрбаулы Қы-
рықмылтық  Қожалақ  батыр: «Адай,  енді  өз  күніңді  өзің 
көре беріңдер», – деп, ат басын артына қарай бұра береді. 
Сонда Қалнияз Қожалақ батырдың алдынан шығып, былай 
депті:
Ей, Адайда батыр Қожалақ,
Айбарың артық арыстан,
Жүрегің берік құрыштан.
Аман шыққан ұрыстан,
Ерлігің сенің кем бе еді
Кешегі Төлеп, Қармыстан?!
Атағозы, ер Лабақ
Дұшпанды қуған қоныстан.
Дəуімшар мен Құдабай
Патшаға қарсы ұрысқан.
Атаға тартып ұл өсіп,
Ерлігі саған жұғысқан.
Егесер жері келгенде,
Ер өлмейтін бе еді намыстан?!
Ылайық емес ерлерге
Дұшпанын көріп ығысқан.
...Сен – Адайдың сойылы,
Жауды көріп жасқанып,
Жиылмаған айылы.
Ерлігіңді сөз қылған
Адай түгіл, Байұлы.
Қазақ асып, түрікпенге
Қожалақ атың жайылды.
Қалнияз  Шопықұлы

140
Жасақты жауға қалдырып,
Бұрма, батыр, мойныңды.
Жəуміт қашты, біз қудық,
Құралық солай ойынды...
...Ақ ордасы Адайдың –
Үлкен үйім Мұңалсың.
Батыр да өзің, пір де өзің,
Ұлы жиын құралсын.
Төрт Мұңалым тұрғанда,
Басқасы келіп Адайдың
Қолынан қалай ту алсын?! 
Қарағұлдың қаны үшін, 
Ағайынның ары үшін, 
Қожалақ, тұрма, қол баста, 
Артыңнан Адай шұбалсын... 
Əруаққа сиынып, 
Ұрандап жауға ат қойсаң, 
Келімберді, Құдайке 
Ізіңе ертіп, лап қойса, 
Əруағың аспай ма, 
Дұшпаның қорқып, қашпай ма? 
Ертең елге барғанда, 
Ерлігің хабар болғанда, 
Қалың елің жиналып, 
Алдыңнан шашу шашпай ма?! 
Сонда Қожалақ батыр жауға қарай қолды бастап шап-
қан екен.
Қалнияз  Шопықұлы

141
ЕР КӨНЕЙ
Нағашым менің Жеменей, 
Жеменейде Ер Көней. 
Көней, Көней дегенде, 
Не ғып тұрсың үндемей? 
Сымбатыңа болайын 
Мұнарлы қара төбедей! 
Қайратыңа болайын 
Айдында жүзген кемедей! 
Айбатыңа болайын 
Кірістен шыққан жебедей! 
Ұрандап жауға шапқанда 
Атыңның басын тежемей, 
Хан əскері қаймығып, 
Тығылмас па еді бұтаға 
Қарақұс көрген шөжедей!
Қалнияз  Шопықұлы

142
АСАР  КЕЛЕДІ  ТУ  ҰСТАП
Хиуа жендеттерімен арадағы бір шайқасқа Асар сұпы, 
Сүгір  батыр,  Қалнияз  ақын,  Шортықозы  палуан  бірге 
қатысады. Өзгелер қашқан жендеттерді қуып бара жатса, 
Шортықозы  өлген  адамды  қылыштап,  қайта  оралыпты. 
Сонда Қалнияз айтыпты:
Асар келеді ту ұстап, 
Сүгір келеді құрыстап. 
Менің сөзім барады 
Айтқан сайын жылыстап. 
Шортықозы келеді 
Өлген адамды қылыштап.
Қалнияз  Шопықұлы

143
ҚОШТАСУ
Асқар да биік тауларым,
............................................
Кетемін деген ойда жоқ, 
Кетірді дұшпан-жауларым. 
Еңіреп жүрген ер едім, 
Еңіреумен кетіп барамын.
Бұлғыр да бұлғыр, бұлғыр тау, 
Бұлдырап тұрған құрғыр тау, 
Арығым семіз болған тау! 
Кетемін деген ойым жоқ, 
Кетуге себеп болған жау.
Сарқырап аққан бұлағым, 
Жағалай шыққан құрағым, 
Ауып та кетіп барамын, 
Қайдан да болар тұрағым? 
Жау күлкісін естімей, 
Тас болсайшы құлағым...
Қалнияз  Шопықұлы

144
КӨКТАС, КҮЛƏП  ЖЕРІНДЕ
Қалнияз  тəжіктің  Көктас,  Күлəп  деген  жерінде  жүр-
генде айтыпты:
Сиыр деген малы бар, 
Тұмсығына қарасам, 
Тас қайрақтай жалтырар. 
Құйрығына қарасам, 
Шуда жіптей салбырар.
Қарағай екен қазығы, 
Бір түп қияқ азығы. 
Үш идіріп, төрт сауған 
Қатынға болсын жазығы. 
Адыр, жазық, тоғайлық, 
Қыры менен ойы бар. 
Көкпар алып қашатын 
Қиқу салған тойы бар. 
Қорғантөбе, Күлəпта 
Палуан, əнші, сал-сері 
Қазағымның сойы бар.
Қалнияз  Шопықұлы

145
МАҢҒЫСТАУДЫ АҢСАУЫ
Жүреміз бөтен елде қалай етіп, 
Еріксіз бозбаланы малай етіп?! 
Жігіттің егессе де елі жақсы, 
Тасталық бұл қонысты талақ етіп. 
Маңғыстау – атамекен, Үстірт – жайлау, 
Барамыз он бес күнде, көшсек, жетіп...
Қалнияз  Шопықұлы

146
КӨРМЕСЕМ,  ҚОШ  БОЛЫҢДАР
...Сарыарқа сағымданған белестері, 
Көңілге оралады елестері, 
Көк орай, көк құрақты көлдері мен
Бауыры бұйра толқын дөңестері. 
Баянды құтты қоныс мекен болды 
Шалдарым Сауран асып келген жері... 
Сарыарқа кезген талай далаларын 
Жем бойлап, Сағыз жайлап, Нарын қыстап 
Атырау көрген көшіп жағаларын. 
Ақыры қоныс басып мекендепті 
Маңғыстау теңіз қолтық салаларын... 
...Көргенмін Еділ – Жайық араларын, 
Орынбор, Орал, Теке қалаларын. 
Күңіренген əулиесі дін Хорезм, 
Жол түсіп, Хиуа, Көне араладым. 
Кетем деп Ауған асып, Тесік келдім, 
Несібе тартса, бар ма шараларым?! 
Сағынып ата қоныс туған жерді, 
Қалнияз сəлем айтқан ағаларың. 
Үлкендік,бір жағынан науқас жəне, 
Көрмесем, қош болыңдар, балаларым!
Қалнияз  Шопықұлы

147
АҢСАЙМЫН АҒА-ЖЕҢГЕ,                                       
АҒАЙЫНДЫ
Аңсаймын аға-жеңге, ағайынды, 
Қаумалап құрал қылған маңайымды. 
Жетіру, Əлім, Шөмен, Кіші жүзде 
Байұлы, сегіз арыс Адайымды. 
Шыға алмай үйден ұзап мен жатырмын, 
Кетіріп науқас əлек жағдайымды... 
Тайсойған жəне ойлаймын Нарынымды, 
Оймауыт, Қызылқұдық, Жұрынымды, 
Кешегі сауық етіп жүрген жерлер –
Жем, Сағыз, Елек, Қобда, Ойылымды. 
Сарыарқа сағымданып көрінгендей, 
Созамын кейде солай мойынымды. 
Ішінде аға-жеңге араласып, 
Кіші жүз, көрдім талай жиыныңды... 
Мен көріп торқалы той томағасын,
Бергенмін сөзден шашу сыбағасын. 
Аянып мерекеден қалғаным жоқ, 
Халқыма сөзім қадыр ұнағасын... 
Аралас Əлім, Табын ауылдасым, 
Байұлы он екі ата бауырласым. 
Алшында аты мəлім Есет, Тұрлан 
Жəне де Байсал, Дəуіт замандасым. 
Үйірін, адам түгіл, мал да іздейді, 
Көңілім қалай сізді сағынбасын?! 
Көзіме, қиял етсем, елестейді 
Кешегі шеру тартқан көп жолдасым.
Не пайда бар болғанмен, жерім шалғай, 
Қалекең біліп жатыр көре алмасын... 
...Белгілі белес-белес белесінде, 
Белгілі жерлер жатыр əлі есімде. 
Қалнияз  Шопықұлы

148
Əулие атам Бекет үйін салған 
Оғланды ұшпа құлау еңесінде. 
Ерлерден Атағозы қалды дейді 
Төменгі Бейнеу мешіт төбесінде. 
Бітіріп һақ бұйрығын Асар сұпы, 
Дін іслəм қалған Бəйтіл Мекесінде. 
Баяндап ағаларым тұра алмаған, 
Бізден де, дүние, бір күн өтесің бе?!..
Қалнияз  Шопықұлы

149
ҚАЛНИЯЗ  ЕДІМ  КҮНІНДЕ
Қалнияз едім күнінде
Байұлы – Адай елінде. 
Араладым Алшынды 
Алланың берген демінде. 
Сексеннен жасым асқансын, 
Шал атанып бүгінде, 
Жастағы сымбат бұзылып, 
Еңкіш тартты белім де.
Бағы қайтқан бұлбұлдай 
Сайрамай жүр-ау тілім де.
Ебі кетіп еріннің, 
Үйлеспей қойды сөзім де.
Аға-жеңге алдымда, 
Азайып жүр ғой теңім де. 
Сəлемін сирек береді 
Іні менен келін де. 
Жастағы дəуір өткенін 
Байқап жүрмін өзім де. 
Қызыл жүзден нұр тайып, 
Күңгірт тартты көзім де. 
Базарым бастан сейіліп, 
Жетімдік кірді көңілге. 
Көрінбей қойды көзіме 
Табында құрбым Адайбек, 
Қосқұлақта Көтібар 
Белгілі батыр ерім де. 
Кім қалғанын білмеймін 
Бұрынғы жолдас ерлерден 
Маңғыстау, Үстірт жерінде, 
Елек, Қобда, Жем, Сағыз, 
Атырау, Жайық өрінде. 
Қалнияз  Шопықұлы

150
Кадырлы аға-жеңгелер 
Отырған талай төрінде. 
Сағынған кезде осындай 
Таппай жүрміз бірін де. 
Келер еді бар болса 
Сақау батыр замандас, 
Бектілеу бастас інім де. 
Қайран дүние, қайтейін, 
Балуанияз, Тұрманбет, 
Қияр ма кісі өлімге?! 
Амантұрлы, Қожалақ, 
Бердалы, Есен, Сүгір де!.. 
Бұрынғы еткен ерлерім 
Атағозы, Ер Лабақ, 
Қармыс пен Өмір, Темір де.
Жылқайдар мен Ер Төлеп 
Қосылған талай дүбірге. 
Құлыбек, Сары, Ер Төкеш, 
Қалымдай айтқыш серім де. 
Іздегенмен бұларды, 
Таппаймыз қазір бірін де. 
Асар сұпы, Самалық, 
Атам Бекет əулие, 
Баяны жоқ пəнисің, 
Солардан қалған дүние!..
Қалнияз  Шопықұлы

151
ЕЛІН  САҒЫНЫП  АЙТҚАНЫ
...Ата қоныс Нарында, 
Нарында қоныс барында,
Жұрт сүйсініп даңқыма, 
Отырдым сыйлы орында. 
О күнде бүтін елдерім, 
Бастары түгел ерлерім. 
Халқым құрмет қылған соң, 
Сөзіме ынтық болған соң, 
Келтірдім сөздің өрнегін. 
Байұлы, Алшын аралап, 
Көсіле шауып дүрледім. 
Дəрежесі артық ханға да 
Сөзбенен сойыл сермедім. 
Арасында халқымның 
Күнде қызық көргенім. 
Жақсыларға серік боп, 
Сайран етіп жүргенмін. 
Тағдырдың ісі, қайтейін, 
Туған елден бөлініп, 
Бөліне көшіп бүлініп, 
Өзге жерге келгенім.
Енді маған ел де жоқ, 
Атырау, Орал көл де жоқ.
Атамекен кең қоныс, 
Сағымданған бел де жоқ. 
Қадірлесім, қатарым, 
Аға-жеңге, сен де жоқ. 
Іздеп барып көрерге, 
Көріп сəлем берерге 
Жүретін қуат менде жоқ.
Асылық сөзім болмағай, 
Қалнияз  Шопықұлы

152
Кемістік жағдай кімде жоқ?!
Халқымнан кімдер өткен жоқ, 
Кімдерге зауал жеткен жоқ?!
Ағаларым кешегі, 
Іздесем, бүгін тіптен жоқ.
Есен, Сүгір, Ер Жанақ, 
Құлыбек, Сары, Қонайым,
Кенжебек, Төлеп, Ер Қармыс, 
Атағозы, Шабайым, 
Көк сауытты Ер Досан,
Белгілі батыр Мыңбайым –
Бұлардың бүгін бірі жоқ, 
Қара жер жұтқан талайын. 
Іні, келін, қарындас, 
Қаумалаған ағайын, 
Көре алмасам, қош болың, 
Қалың Алшын, Кіші жүз,
Сегіз арыс Адайым.
Қалнияз  Шопықұлы

153
ҚАЛНИЯЗ  БЕН  ЖАСКІЛЕҢ  АЙТЫСЫ
Адай мен Əлім бірнеше жыл ренжісіп жүріп табысып, 
татуласады. Екі ру табысып, көңілдері жайласқан соң, бір 
жиында жұрт Кете Жаскілең мен Адай Қалнияз ақынды 
айтыстырыпты. 
Жаскілең:
Еділ менен Жайықтың 
Мұнар еді ағашы.
Ат шабуға жақсы еді 
Сарыарқаның даласы. 
Бір аз ғана сөйлейін, 
Аға ауылдың баласы.
Мақтасам да əр жұртты, 
Əлім екен ағасы. 
Болса қабыл жақсы еді 
Толған жұрттың тобасы.
Өткір етіп соғайын 
Жіліктің аққан майындай. 
Сұлу етіп соғайын 
Екі енені тел емген 
Қысырдың қызыл тайындай. 
Сөйлесетін сөз болса, 
Көрсетейін зайырды-ай. 
Жылжытайын шіркінді
Есенбайдың сайындай. 
Біздің мынау Əлімде
Көтібар мен Арыстан бар, 
Батырлығын сұрасаң, 
Қарсыға біткен қайыңдай. 
Мергендігін сұрасаң, 
Қалнияз  Шопықұлы

154
Құланды қақтан қайырған.
Егесіп барып батырым, 
Ханды тақтан тайдырған. 
Мықтылығын сұрасаң, 
Пірансуздың жауындай. 
Биіктігін сұрасаң, 
Асқардың ала тауындай. 
Сұлулығын сұрасаң, 
Қызыл тонның бауындай. 
Жəне соны мақтасам, 
Құбыладан соққан дауылдай, 
Мың кісіні бір қырды 
Арадөң деген бауырда-ай.
Мақтасам да əр жұртты. 
Сондай батыр бар ма екен 
Байұлының ауылында-ай?!
Жылқыда болар жорға тай, 
Ағашта болар қарағай. 
Електен шыққан Есенбай, 
Тізгінді оңда, бір Құдай. 
Жəне мен байлығымды мақтасам, 
Үш мың жылқы айдаған 
Назарда бар ғой Бəжік бай...
Ақ қайыңның тозы бар,
Жылқының тарлан бозы бар,
Əр нəрсенің назы бар.
Мен байлығымды мақтасам,
Жүз нарменен ұзатқан
Біздің Бəжік байдың қызы бар.
Жақсысын жаман аңдамас,
Ағайын туған қарындас.
Қалнияз  Шопықұлы

155
Өзім деген жігіттің
Кем болмайды ғазиз бас.
Жəне де байлығымды мақтасам,
Жүз нарменен Хиуаға кіре салдырған
Біздің Жангелді менен Саданбас.
Жеті рудан ер шықты
Есет пенен Бөкенбай,
Орысты жүрді жағалап,
Ат тұяғын тағалап,
Шаппады қала қамалап.
Адайдан шыққан батырың
Түрікпенді жүрді жағалап,
Иттен жаман абалап.
Қақ ортаңда Əлім жатыр 
Қойды мыңнан қоралап. 
Маған жауың жеткен жоқ, 
Жетіру мен Байұлы,
Екеуіңді аралап, 
Сөйлетейін тілімді
Білгенімше саралап.
Ақылы кетіп азған жұрт 
Ақылсыздан бүлінді. 
Осы Адайдан кем болсам, 
Кесіп таста тілімді. 
Ұлы, кіші əлеумет, 
Бетіме соқ мінімді. 
Ортаңызда отырған 
Жел сөзден туған ініңді.
Қалнияз:
Қатар-қатар нар түйе, 
Бұ сөзімде жоқ жүйе. 
Маңғыстаудың ойында 
Қалнияз  Шопықұлы

156
Үш жүз алпыс əулие. 
Рас күнəлі болмасам, 
Осы жолы бір сүйе!
Мініп алдым ақсұр ат, 
Елес-елес бұрқырат. 
Маңғыстаудың ойында 
Үш жүз алпыс əулие, 
Рас күнəлі болмасам, 
Жеткізе көр бір мұрат!
Дария болып таса алмай, 
Су кемерден аса алмай, 
Бүгежектеп отырмын, 
Аяғымды баса алмай. 
Хан, қараның алдында
Сөйлеуші едім тайсалмай. 
Сөз жүйесін отырмын 
Осы жолы қоса алмай.
Мен байлығымды мақтасам, 
Маңғыстаудың ойында 
Қызыл бауыр киіктей,
Қарағанды түбектей 
Шəбік жатыр көше алмай.
Қыран құстың баласы 
Мойнын бұрар салаға-ай, 
Көз жіберер далаға-ай. 
Асыл ердің баласы 
Құшағын жая шабады 
Кəуірдің салған қалаға-ай! 
Мен байлығымды мақтасам, 
Біздің Адай байлары 
Қалнияз  Шопықұлы

157
Жиып салған жасауы
Орынбор, Теке деген қаладай.
Сөйлесе, жұрттың тілі бар, 
Қай сөзімнің міні бар.
Біздің мырзалардың белінде 
Мың биенің бұлы бар. 
Алтын менен күмістен 
Сайлап соқтырған қыны бар, 
Қора сайын каңғырған 
Оннан-бестен құлы бар. 
Жылқының жорға тайы бар, 
Қара ағаштың қалың сайы бар. 
Мен байлығымды мақтасам, 
Маңғыстаудың ойында 
Қызыл бауыр киіктей
Көше алмай жатқан Адайдың
Толып жатқан байы бар.
Құдай тағалам оңдаған, 
Пайғамбарым қолдаған,
Қора сайын əр үйден 
Мыңнан саулық қоздаған. 
Желі сайын əр үйден 
Жүздеген інген боздаған. 
Ерлік пен байлық салыссаң, 
Жексұрынсың, оңбаған. 
Айта берсем, сөзіңнің 
Еш де бірі болмаған!
Біздің Адайдан ер шықты 
Бердібек пенен Дəуімшар, 
Шабағаншыл Қонысбай... 
Сол батырлар барында 
Қалнияз  Шопықұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет