Байланысты: 1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін
Монтескье Шарль Луи (1689-1755 жж.) – француз философы, тарихшы. Ол құдай материалды әлемнің объективті заңдылықтары бойынша әрекет ететін жаратушы құдайдың әрекеті туралы пайымдап, деизм ұстанымында болған. Философияның мақсаты – механика заңдарына бағынатын материя қозғалысының себепті байланыстарына қол жеткізу, кездейсоқ құбылыстардың артында да терең себептер жатыр. Сыртқы әлем тәжірибе нәтижелерін жалпылайтын ақыл ойдың қызметі негізінде адам санасында бейнеленеді дейді. «Заңдар рухы» жөнінде деп аталған шығармасында әрбір халықтың және әртүрлі елдердің заңдарының шығу тегі ортаның рухы теориясы бойынша өздерінің табиғи және тарихи жағдайларынан туындайды, Монтескьенің түсінігінде көптеген нәрселер адамды бағындырады – климат, дін, заңдар, басқару қағидасы, өткеннен алынған үлгі, әдет-ғұрып, дәстүр т.б. Бұдан жалпы «Халық рухы» құрылады. «Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар заңдармен белгіленбеген, заңдар оларды бекіте алмайды немесе бекіткілері келмейді, салттар мен заңдардың арасында айырмашылықтар бар, заңдар азаматтардың әрекеттерін басымдырақ айқындайды, ал салттар – адамдардың әрекеті. Салт пен әдет-ғұрыптың арасында да айырмашылықтар бар, алғашқысы адамның ішкі, екіншісі сыртқы мінез-құлқын айқындайды»,- деп тұжырымдайды. Бұл еңбектің кейбір бөлімдері саяси әлеуметтануға арналған, онда Монтескье демократиялық басқару формасы аясында «қайырымдылық» айқындайтын – «қағидаға» және жоғары билікті басқарудағы адамның санына байланысты екендігін ұсынады: республика – бүкіл халық және оның бөлігі, монархия – қатаң заңдылықтар аясындағы бір адам, деспотизм – өзінің жеке ырқы арқылы басқаратын бір адам болып құрылатын - «табиғилыққа» талдаулар жасайды. Басқарудың осы үш түрлі типі мемлекеттің шекарасының көлеміне байланысты, неғұрлым кеңірек болса, соғұрлым деспотияға құрылады. «Ғасырлар өткеліндегі тәжірибеден белгілі болғандай, билікті иемденген барлық адам қиянат жасайды, ол шегіне жетпей осы бағытта жүре береді», - деп «Парсылық хаттар» атты туындысында тұжырымдаған болатын. Монтескье мемлекетті сот, атқарушы және заңдық биліктерге бөлінетіндігі туралы теорияны негіздеді. Философия қанша жерден адамзаттың құлықтылық адамгершілік қағидаларын ұсына берсін, бұның бәрі билік арқылы бір сәтте қиратылады деп түсіндірді. Ламетри Жюльен Офре де (1709-1751 жж.) – француз философы, дәрігер. Өзінің жаңа емдеу әдісін тәжірибеден өз өткізу сәтінде қайтыс болған. Негізгі шығармалары: «Жанның табиғи тарихы», «Адам - машина», «Адам - өсімдік», «Эпикур жүйесі» т.б. Радикалды материализм мен механизмнің жақтасы. Әлем түйсінілетін, ішкі белсенділіктегі, жайылған материяның субстанциясының тұтастығы деп білді, оны органикалық емес, органикалық, жануарлық (адам да) патшалығы түрінде көрді. Өсімдіктер мен жануарлар арасында аралық тіршіліктілік – зоофиттер өмір сүреді, бұл адамдар мен жануарлар аралығында да бар. Табиғат эволюциясын бейнелей келе, барлық тіршілік иелерінің өзгергіштігін дәйектеп, преформизмді терістейді. Адам сезімді, өздігінен бұрандалған машина бола отырып, жануарлардан айырмашылығы көп қажеттіліктерді талап ететіндігімен, өздерінің бар болуының өлшемі болатын ақылмен айқындалады «Зұлымдық пен ізгілікті ажырататын, ойлайтын, сезетін машина болуы көк түсті сарыдан ажыратқанмен бірдей, бұдан рахаттануға бөлене алатын папугай немесе маймыл болудың қайшылықсыздығы туындайды». Адам «ағартушылықтанған машина» - «жасанды сағат тетігі», адамның тәні –үздіксіз қозғалысты тірілей кейіптеу деген ойларын паш етеді. Бұл ғажайып машинаны кім құрастырған деген сауал қоя отырып, неғұрлым бейімделген организмдердің қағидасы бойынша табиғаттың өзі деп ұсынады. Ойлау үдерісі ес пен түйсіктің негізінде пайда болатын елестетулерді түрлендіру мен салыстыру деп білді. Атеизм – көзқарастардың толық моральдік жүйесі, бақытқа жетудің жолы – атеизмді қабылдау деген тұжырымдарын дәйектейді. Дидро Дени (1713-1784 жж.) - француз философы, ағартушылықтың идеологы, жазушы, өнер теоретигі. Негізгі шығармалары: «Қайырымдылық пен абырой туралы зерттеу», «Философтың ойлары», «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар », «д’ Аламбердің Дидромен әңгімесі», «д’ Аламбердің түсі», «Әңгіменің жалғасы», «Материя мен қозғалыстың философиялық қағидалары», «Сенеканың өмірі», «Клавдия мен Неронның патшалық етуінің тәжірибелері», «Физиология элементтері», «Скептиктің бой жазу қыдырысы, немесе Аллеи», «Гельвецийдің» «адам туралы» кітабын жүйелі түрде жоққа шығару»; философиялық романдары: «Рамоның жиені», «Жак-фаталист және оның иесі». Ол 35 томдық энциклопедияны құруда белсенділік танытқан және төңірегіне бірнеше ағартушыларды жинаған. Сондықтан ол «кез келген уақытта білімнің барлық саласына адамзаттық ақылды кескіндеуді күшейтудің жалпылама бейнесі» мақсатын қойды. Когнитивті оптимизмді қуаттай отыра, «біз түк те білмейміз» деген скептикалық тезистен қашқақтап, адамның әлем туралы бейнелеулері бірте-бірте «адамзат білімінің прогресі» арқасында дәлдікке қарай жақындай түсті десе, онтологиялық ілімдерінде материализмді ұстанды: «Әлемде тек бір ғана субстанция бар – жаратылмаған мәңгі материя». Ол іштей белсенді потенциалды өзіндік қозғалғыштықпен көмкерілген. Дидро прогностикалық ойларын былайша ұсынды: ең соңғы деп табылған материя ғылым мен техниканың арқасында жасанды түрде бөлінеді, бастапқыдағы әлемді құраушы босып жүрген материялар тағы да болашақта түрленген өмірге бейім материяның массасын құрамайынша жалғаса береді, биологиялық эволюцияда бейімделу мен табиғи сұрыпталу жүретіндігін меңзеді, сезімділік материяның мәнді және жалпы қасиеті деп білді. Сезім біздің барлық білімдеріміздің шығу көзі деп тұжырымдағанмен, ол рационализмнің жаңа типін ұсынады, бұнда сезімділік пен рационалдықтың бірлігі көрсетіледі: байқау айғақтарды жинаса, толғаныс оларды түрлендіреді, тәжірибе осы түрлендіруді тексереді. «Табиғатты түсіндіруші» тек философ ойлаудың «эксперименталді» және «рационалды» формаларын біріктіретін субъект ғана болып табылады дейді. Силлогизмдер ойлаушы санадан туындамайды, табиғаттың өзінен туындайтын мәліметтер арқылы қайтадан жасақталудан туындайды дей келе, гипотеза мәселесімен шұғылданады. Кез келген гипотеза ақиқаттылығын тексертуге мұқтаж болады деп, ол тексерудің екі сатысын көрсетеді: логикалық қайшылықсыздық және мазмұндық – пәндік верификация. Жақсы заңдардың қатарына жеке адамдардың ортақ игілікке тоғысуы жатады деп, моральдік максима ретінде: «адам өзгелерге олар өзіне қандай қатынаста болу керектігі бойынша өзі қалағандай қатынас жасау керек» деген тұжырымын ұсынды. Эстетика саласында дәстүрлі «табиғатқа еліктеу» ілімін дамытты, бірақ бұрынғыдан айырмашылығы актер-аналитик тұжырымдамасын негіздеді. Сократтық әдіс тек айтысушы жақтардың ұстанымдарының қарама-қарсы пікірлерінің тайталас алаңы ғана емес, олардың әрбіреуінің экзистенциалды, өмірлік мағыналы болып табылатын ішкі қайшылығы. Сондықтан еркіндік пен қажеттілік, сенсуализм мен рационализм, туа біткен бейімділік пен тәрбиелік ортаның әсері т.б. тартыстар «парадокстар» болып табылады деп, өзінің тәсілін ол «Парадокстар әдісі» деп атаған.