Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1. Деизм дегеніміз не? 2. Дж.Беркли субъективтік идеалистік көзқарасын қалай негіздейді? 3. Ш.Монтескьенің «заңдық көзқарас» жөніндегі ойлары? 4. Ж.Ж Руссоның теңсіздіктің пайда болуы жөніндегі идеялары. 5. Ф.Вольтердің христиан дінін сынауы. Әдебиеттер тізімі 1. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б. 2. Жаңа дәуірдегі француз философиясы. 20 томдық. – Алматы: Жазушы, 2005. – 7 б. 3. Кузнецов В.Н. Французский материализм ХVIII века. – Москва: Мысль, 1981. – 303 с. 8 Неміс классикалық философиясы 1. XIX ғасырдағы неміс философиясының басты бағыттары мен идеялары. 2. Иммануил Кант философиясы. 3. Гегель философиясы. 4. Людвиг Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы. 8.1 XIX ғасырдағы неміс философиясының басты бағыттары мен идеялары XIX ғасырдағы неміс философиясы – әлемдік философиядағы бірегей құбылыс. Неміс философиясының бірегейлігі оның 100 жылдан астам уақыт ішінде мынадай жетістіктерге қол жеткізуінде: 1) адамзатты ғасырлар бойы толғандырған мәселелерді терең зерттеп, философияның алдағы дамуын анықтап берді; 2) өз бойына сол кезеңдегі барлық белгілі бағыттарды: субъективті идеализм мен тұрпайы материализм және иррационализмді – біріктірді; 3) әлемдік философияның «алтын қорына» енген ондаған көрнекті философтарды ашты: Кант, Фихте, Гегель, Маркс, Энгельс, Шопенгауэр, Ницше, т.б.