1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет48/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

10.2 Адам және әлем мәселесі
Философия ежелгі дәуірден бастап адамды тануға бағытталған. «Философиялық антропология» деп аталатын философиялық ілім саласынан, әртүрлі тарихи бетбұрыс кезеңдерде осы проблеманың жаңа тұрғыдан қаралғанын, үзіліссіз өзгеріп отырғанын байқаймыз. Әсіресе, қайтаөрлеу дәуірінде, философия адамға қарай бет бұрып, өзінің гуманистік мазмұнын ерекше танытты. Дегенмен, ХХ ғасыр ойшылдары - өткен заманның «антропологиялық» философиясының адам проблемасына қосқан үлесін ескере отырып – адамға қарай “жаңа бетбұрыстың” қажеттілігін дәлелдеуге тырысады. Сөйткенмен де “жаңа бетбұрыстың” тамыры ХІХ ғасырдан басталады, Серен Кьеркегор (1813-1855 жж.) бастаған біраз ойшылдар, классикалық философиядан бөліну нүктесі етіп, осы адам мәселесін таңдаған. С. Кьеркегорды экзистенциализмнің ізашары болған десек қателеспейміз, кезінде неміс идеалистік философиясына (әсіресе, Гегельге) қарсы шыққан даттың діни философы шынайы философиялық ілім экзистенциалдық мәселелер төңірегінде шоғырлануы тиіс деп тұжырымдаған. Ол адамды «экзистенция» (лат. еxsistentia - өмір сүру) деп алып, адам болмысын ашу үшін «қорқыныш», «жанұшыру», «жанталасу», «парадокс» сияқты ұғымдарды енгізіп, тұлғаның өмір сүруінің үш (эстетикалық, этикалық, діни) тәсілін талдайды. Оның ілімінде сенім ұғымына зор мән беріліп, діни сенім адам ойынан әлдеқайда жоғары қойылады. Оның негізгі шығармалары: «Қорқыныш пен қалшыл», «Қорқыныш ұғымы», «Өлімге бастайтын ауру» және т.б.
«Қорқыныш пен қалшыл» деген еңбегінде С. Кьеркегор христиан дінінің негіздеріне сүйене отырып, қорқыныш, мазасыздану, үрей сияқты теріс психикалық күйлерді діни сеніммен байланыстырып, адамның еркіндігі, моралдық таңдауы мен талғауы мәселелерін нақтылы мысал жүзінде, атап айтқанда, Авраамның, баласы Исаакты құрбандыққа қиюы жөніндегі аңызға сай қойып қарастырады. Сенімді «парадоксалдық» тылсымдық қасиет, керемет деп, Авраамды «сенімнің серісі» ретінде суреттейді. Ол, бір жағынан, баласы Исаакты жанындай жақсы көреді, оны өлімге қимайды, екінші жағынан, Құдайға деген абсолюттік сенімі, оған деген шынайы махаббаты баласын құрбандыққа шалуға жетелейді. Міне, осы қорқыныш пен үрей билеген жағдайдағы Авраамның психикалық жай күйі, оның сенімі мен үміті, қуанышы мен қайғысы, жан дүниесінің күйзелісі мен құлазуы, сенімнің тылсым қимылы айрықша суреттеледі.
Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі, М. Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бір нәрсе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туралы ойлар айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі, К. Ясперстің экзистенциялық нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. үшіншісі, экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдің ілімі. Ол адам өмір сүруінің мәнін, парасаттылық пен адамгершілік нормаларын, бостандық және өлімге деген қатынас т.б., сол сияқты философиялық сұрақтардың мазмұнын ашуды негізгі мәселе етіп алды.
Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» мәселесін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін – «экзистенция»» (өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), «адамның өмір струі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені, ол біріншіден, жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз. Өмір сүру дегеніміз – адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз – күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қаупінің, тәжірибесі мен үмітінің, өзінің қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі.
Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады. Коммуникация үстемдік жүргізуден және қызмет етуден басталады. Адамдардың өзара байланысқа ұмтылуы коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбәләнумен т.б. сөзсіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзінің мақсаты мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз, сырттың әсерінсіз еркін таңдау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік. Туғанынан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнымен көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өзі үшін де жауапты.
Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырады. Мен иемденген заттар мені де билейді, жалмайды. Ал, адамды заттардың, меншіктің осылай езіп-жаншуынан қалай құтқаруға болады. Бұл сұраққа Марсель қарама-қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, «құрбандықта», қала берді иеленуді болмыс деңгейіне дейін көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Ал басқа ғылымдар «бұлыңғыр сыртқы әлемді» зерттейтін болғандықтан, бізге ақиқат білім бермейді, керісінше, олардың ашқан жаңалықтарының салдары адамзаттың өмір сүру мүмкіндігінің өзіне күмән келтіреді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.
Экзистенциалистік философия классикалық «мәндер философиясын» (еssentia) адамның өмір сүруі (еxsistentia) философиясымен алмастыруды мақсат етті. ХХ ғасырдағы жаңа ағымның белді өкілдерінің қатарында атақты неміс ойшылдары К. Ясперс (1883-1969 жж.) және М. Хайдеггер (1889-1976 жж.) де тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет