1. Мәдениет туралы антропологиялық түснік. Теориялардың мысалдары



бет10/13
Дата27.12.2022
өлшемі57,77 Kb.
#59968
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Әлемдік діндердің рәміздері
Буддизмнің сегіз рәміздері бар. Басты рәмізі - азаптан құтқаратын сегіз сатылы жолдың таңбасы (сегізге бөлінген дөңгелек)
Христиандықтың рәмізі – крест. Мағыналары:
1) Аспан мен Жердің одақтасуы. Тікшіл тақтайдың мағынасы:Аспанда – Құдай-Әке; көлденең тақтайдың мағынасы: жерде - Құдай-Ұл Христос. Тақтайлардың қиылысқан жері - Құдай-Киелі Рух;
2) Христос адамдардың күнәhарлығы үшін құрбан болғанын, крестке шегемен қағылғанын мәлімдейді
Православиелік кресттің екі қосымша тақтайшалары бар. Үстіңгісінде – Иисус Христостың есімі жазылған. Төменгісі – «жақсы қасиеттердің өлшемі». Христостың оң жағында орнатылған крестке қарақшы қағылған. Ол өз қылмысы үшін өкінген, Құдай оны кешіріп, жұмаққа кіргізрді. Қарақшының аяқ астындағы тақтайшасы қисайып қалды. Христостың сол жағындағы крестке қағылған қарақшы істеген қылмысы үшін өкінбеді. Сондықтан оны Құдай кешірмеді, тозаққа жіберді.
Исламның рәміздері - Жарты Ай және Жұлдыз. Мағынасы:
Құдай - құпия, адамдарға толық ашылмайды, Ай сияқты тек қана шетін көрсетеді. Жұлдыздың мағынасы: мұсылмандардың қамалына жаулар шабуыл жасаған. Мұсылмандар қамалды түнімен қорғады.Азанда жаулар қамалды басып ала алмай, қайтып кетті. Қамалды қорғаған қаланың тұрғындары аспанда жалғыз таңғы жұлдызды байқады. Оны Алланың мұсылмандарды жаудан қорғайтыны туралы мәлімдейтін таңба деп түсінді


Өнер рәміздері
Өнер — бұл бейнелер мен рәміздерді жасайтын мәдениет формасы. Олар эстетикалық, танымдық және коммуникациялық қызметтерді атқарады
Өнердегі рәміз - белгілі идеяны жүзеге асырып тұрған көркем бейне
Өнердің әрбір түрінде өз рәміздеі бар.
Мысалы, музыкалдық рәміз ретінде халықтың бірлігін, оның мәдениетін, өз елі үшін мақтаныш сезімін кейіптейтін мемлекеттік ән-ұранды келтіруге болады.
Көрнекі өнер – бұд таңбалар мен рәміздер, адамдардың бейнелерінен бастап түс пен сызыққа дейін. Сәулет өнерінде ою-өрнектелген бейнелер – таңба-рәміздердің ең тұрақты түрлерінің бірі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет