1. Мәдениет туралы антропологиялық түснік. Теориялардың мысалдары


О. Шпенглердің «локалды өркениеттер» теориясы



бет2/13
Дата27.12.2022
өлшемі57,77 Kb.
#59968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1. М дениет туралы антропологиялы т снік. Теорияларды мысалдар (2)

О. Шпенглердің «локалды өркениеттер» теориясы
О. Шпенглер мәдениетті біртұтас тірі ағза ретінде қарастырады. Әрбір мәдениеттің өзгешелігі оның «жанына» байланысты. «Мәдениеттің жаны» материалды емес, мистикалық, ақыл-ойға түсініксіз, шығармашылықта көрініс береді, халықтың табиғи ортасына сәйкес келеді. Мәдениет өркениетке айналуы - бұл оның қатып қалған күйі, құлдырауы
О. Шпенглер сегіз «локалды өркениеттер» - «бөлектенген мәдениеттер» түрлерін атап көрсетті: мысыр, вавилондық, үнді, қытай, антикалық, ортағасырдың алтын мәдениеті (исламдық және византиялық), ежелгі майя мәдениеті, европалық. Қалыптасу кезеңінде орыс мәдениеті жатыр. Әрбір мәдениеттің прасимволы (прафеномені) бар: мысырдыкі – жол, арабтыкі – миф-үңгір, антикалық - шектелген материалдық дене, европалық – шексіздік, орыстыкі – шексіз тегістік.

П.А. Сорокиннің мәдени супержүйелер теориясы
П.А. Сорокин адамзаттың даму тарихында мәдениеттің 3 супержүйелерін атап көрсетті:
1)идеационалдық супержүйе Құдайдың аса сезгіштігі мен аса ақыл-ойы принципіне негізделген. Құдай бірден-бір шындық және құндылық деп танылады Бұл брахмандық Индия; буддизм мәдениеті; ежелгі Қытай мәдениеті (б.з.д.VIII–VI вв.), ортағасырлық мәдениет XII ғ аяғына дейін.
2) идеалистік супержүйе идеационалдық пен сезімдік супержүйелердің арасындағы өтпелі сипатта: оның құндылықтары рухани және материалдық. Бұл XIII–XIV вв. Батыс Еуропаның мәдениеті (ерте еуропалық Қайта Өрлеу), және де б.з.д. V–IV ғғ. грек мәдениеті
2) сезімдік (сенситивтік) супержүйе идеационалдық жүйеге қарама-қарсы сипатта - оның құндлықтары күнделікті, жердегі дүниеде: бұл шындықтағы тіршілік, шын оқиға. Бұл мәдениет діннен, моральдан және сондай басқа құндылықтардан өзін босатады. Мәдениеттің осындай типі антикалық Грецияда және Римде болған. XVI ғ. бастап XX ғ. дейін мәдениеттің бұл типі Батыс Еуропада басымды болып шығады
З. Фрейдтің мәдениет туралы натуралистік тұжырымдамасы
З. Фрейдтің пікірінше, мәдениет адамның жыныстық құштарлықтарын моральдық нормалармен және қоғамның әдет-ғұрыптарымен басып-жаншитын бірінші тыйым салу («табу») арқылы және сонымен бірге пайда болған. Цивилизация әкесінің билігі мен беделіне қарсы шыққан әлсіз ұлдардың бірігуі негізінде пайда болған. 
Мәдениеттің дамуы адам бақытының азаюына және кінә сезімнің көбеюне апарып, сонымен бірге тілектерді басып тастағандықтан қанағатсыздықты көбейтеді. Мәдениеттің даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, адамның бақытсыздығы солғұрлым көбееді. Фрейд христиандық европалық мәдениетке оның адамға өте қатаң тыйымдар салғаны үшін (Моисейдің 10 өсиеті үшін) өте негативті баға берген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет