Мәдениет мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы, оларды адам өсу-есею барысында және белгілі мәдени рөлді қабылдағанда игеріп алады
Әр мәдениеттің өзіне тән бірегей даму жолы бар
2. Мәдени код. Мәдени код теориялары саласындағы теоретиктердің көзқарастарына негізделген мәдени кодтың мысалдары. Мәдени код - бұл таңбалар мен мағыналардың жиынтығы, олар адамның материалдық және рухани мәдениетінің кезкелген затында бар. Мәдени код мәдениеттің дамуындағы нақтылы кезеңін, мәнді сипаттамаларын бейнелейді
Мәдени кодқа қажеттілік таңбадан оның мағынасына, сигналдан оның мән-мағынасына өту барысында пайда болады.
Кодтың негізгі принциптері :иерархиялық және тиімділік
Мәдени кодтың мән-мағынасы – бұл оның адамға немесе қауымдастыққа арналуы, мәні мен мақсаты. Мәдени кодтың мән-мағынасы өзі жеткізіп тұрған мәдениеттің контекстісіне тікелей байланыста көзделеді.
Өмір сүру жағдайдың, өз-өзін сақтау мен әрекет ету қажеттіліктердің контекстісінде мәдени кодтың мән-мағынасы – оның адам үшін құндылығы және пайдасы. Мысалы, дресс-код (англ. dress code — киім кодексі) — белгілі жиындарға, ұйымдарға қатысу үшін, мекемелерге кіру үшін киімнің қажетті формасы
Клотер Рапай: Мәдени код — «бұл қайсыбір заттың немесе құбылыстың бейсаналық мән-мағынасы (машина, тамақ, қатынастар, біз тәрбиеленген ұлттық мәдениеттің контекстісіндегі еліміз болсын)», ол адамның балалық шағындағы ең ерте кезінде алған әсерді еске түсіреді және бас мидың ең терең бөлігінде (адамның аман-есен жүруін қамтамасыз ететін), орналасып, сақталып қалады. Олай болса, мәдени код адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Адамның бейсаналығында мәдени кодтың қалыптасуын психология ғылымындағы импритинг теориясы (лат.: импритинг – әсерлену, ізін қалдыру, есте сақталып қалу) түсіндіріп береді.
Мәдени кодтың мән-мағынасы сананың стереотиптерінде бекітіледі (грек тілінен:стереос «қатты» + типос «дақ»), олар адамның қылықтарында, жүріс-тұрысында көрініс табады.