Мәдени-рәміздік код – бұл бейнелердің, мәдени «архетиптердің» (грек.тілінен: «архе» – алғашқы, бастау, «типос» –– «бейне») жиынтығы, олар адамның немесе этностың, ұлттың тұлғаның мәдени тарихи типінің бірегейлігін (идентичность) сипаттайды.
К.Г. Юнг: «Прообраз, немесе архетип, бұл фигура – әзәзілдің болсын, адамның болсын немесе оқиғаның, - тарих барысында қайталанатын, шығармашыл қиял еркін жүзеге асырылатын барлық жерде…Бұл бейнелердің әрқайсысында адам психикасының немесе тағдырының бір бөлшегі кристаллдандырылған, азап шегудің немесе ляззат алудың бөлшегі, арғы аталардың шексіз қатарында есепсіз қайталанған»
Мысал: Егер «Дана» (Ұлы Әке) архетипі - патриархаттың мәдени коды ретінде адамзат тарихында үстемдігін көрсетіп келе жатса, «Ана» (Ұлы Ана, Табиғат-Ана, Жер-Ана, Отан-Ана) архетипі – ХХ ғ. белсендірілген матриархаттың мәдени коды. Бұл архетиптің қасиеттері - қамқоршылық, аяу, әйелдің билігі, даналық, руханилықтың жоғары деңгейі, ізгілік, қолдау.
Жаһандық мәдени код типтері Мәдениеттің әрбір типінде негізгі мәдени коды бар. Ол өзгерістерге және жаңа, туынды мәдени кодтардың пайда болуына ашық
Мәдениеттің тарихи типіне қарай мәдени кодтың жаһандық типтерін ажыратады:
жазуға дейінгі (дәстүрлі)
жазбаша (кітаптық)
экрандық
сандық
Жазуға дейінгі мәдениет «жабайылық» пен «варварлықты» өзіне кірістіретін (Г.Л. Морган мен и Э.Б. Тэйлордың терминологиясы бойынша), «тарихқа дейінгі» кезеңді қамтиды
Жазуға дейінгі мәдени кодтың негіздері төменгі палеолитте (1 млн - 40 мың жыл бұрын) қаланған.
Жазуға дейінгі мәдениеттің кодтары: миф, ритуалдар, есімдер жүйесі
Әрбір есімнің сакралдық мән-мағынасы болған.
Жазуға дейінгі мәдениеттің үстем коды – мифологиялық.
Алғашқы қауымдық қоғамда миф – бұл өмірді түсіну тәсілі ғана емес, сонымен қатар өмір сүрудегі күйзелісті заттық түрде және де таңбалар түрінде жеткізу тәсілі болатын