1. Мәдениеттанулық зерттеулердің негізгі бағыттары (кесте жасау)



бет7/8
Дата18.11.2022
өлшемі141 Kb.
#51050
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 тапсырма

III. Қорытынды
Шығыс адамы үшін әлем шексіз, сондықтан да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес, адамды, оның санасын өзгертуді талап етеді. Материалдық-тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рух­ани жанды нәрсе бола тұ­рып, адам өзінің физикалық шек­телуін және нәпсісін жеңіп шығуы және таза рух деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы – адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып табылатын ішкі психологиялық рухани іс-әрекет.
Егер Батыстың ұраны: «Сыртқы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт» десе, Шығыстың ұраны: «Өзіңді өзің танып, соның негізінде санаңды қайта өзгерт». Ал Еуразияның ұраны: «Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу». Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам бол!», рухани-адамгершілік жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастырған толыққанды адам бол! Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихо¬логия¬лық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа» мен «Азия¬ны» біріктіреді, бірақ олар фило¬софиялық мәні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.
Бұлардың мәнін аша отырып, Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлік-практикалық бағдарламасы тұрғысынан бір-біріне тікелей қарама-қарсы болып көрінеді.
Дүниеге батыстық қатынас және одан туындайтын негізгі идея адамды қоршаған дүниенің жетілмегендігін және адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін айқын¬дайды. Демек, дүние одан әрі жақсаруды, қайта құруды, одан әрі толығырақ қалыптастыруды қажет етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге қатынастың басты қағидасы – заттық-прак¬ти¬калық, материалдық іс-қимыл.

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ысмағұлов М. Ғұмар Қарашев. Қолжазба. Батыс Қазақстан
облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан. –- 78-қор, 2-тізбе,
3975-іс. – 30,6п.
2. Жұмағұл С. Алғыр жүйрік сұлтаным // Ана тілі. – №46. – 2013. –
21–27 қараша.
VII тарау. Ғұмар Қараштың ұлттық рух философиясы 377
3. Әбсеметов М. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әдеби процестегі
Міржақып Дулатұлының шығармашылығы. Филол. ғыл. канд. дисс. –
Алматы, 1991.
4. Қазақ газеті / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы «Бас редакциясы», 1998.
5. Жүсіп Қ. Екі жақты бір тілді сөйлейтін сөзге шешенмін // Ана тілі.
– № 28. – 11–17 шілде. – 2013.
6. Нысанбаев Н. Философия взаимопонимания. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001.
7. Ғұмар Қараш. Замана. – А.: Ғылым, 2000.
8. Тайырова Б. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы. Филос.
ғыл. канд.дисс. – Алматы, 2007.
9. Сыдиқов Қ. Ағартушы, ойшыл қайраткер ақын // Замана. – А.:
Ғылым, 2000.
10. Аққұлұлы С. Ғұмар Қараш // Жұлдыз. – 1992. – 28 наурыз.
11. Ғұмар Қараш // «Дана» журналы. – № 3. – 2013, сәуір.
12. Тілешов Е. «Алаштың» жолы // Алаш-таным. Ғылыми мақалалар
жинағы. 1-т. – Семей, 2012.
13. Әбжанов Х.Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы //
Алаш-таным. Ғылыми мақалалар жинағы. – 1-т. – Семей, 2012.
14. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра,1999.
15. Ошақбаева Ж. Қазақ зиялыларының руханиятты қалыптастырудағы ролі // Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және
этномәдени негіздер / Ұжымдық монография. – Алматы: ҚР БҒМ
сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет