26.Дәрі-дәрмектерді парентеральды енгізу, артықшылықтары мен кемшіліктері. Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.Тері астына стерильді суға және майға ерітілген ертінділер жіберіледі. Әсері 5 – 15 мин кейін байқалады. Ал, суспензия, тітіркендіргіш, гипертониялық ертінділерді салуға болмайды.Бұлшық етке су және май ертінділері, суспензияларды қолдануға болады. Бұл жолмен жіберілген дәрілер, тез сіңеді.Көк тамырға суға ерітілген стерильді ертінділер, тітіркендіргіш дәрілер, гипертониялық ертінділерді жіберуге болады. Жедел көмек көрсетуге өте қолайлы жол. Жиі қолданғанда қан тамырларында тромб пайда болады.Тері астына, бұлшық етке көк тамырға жіберілген дәрілер қан тамырларына түсіп, адам ағзасына жайылады, барлық мүшелер мен тіндерге тарайды, тек орталық жүйке жүйесіне өтпейді. Өйткені дәрілер гематоэнцефалиялық барьер арқылы өтпейді. Бұл барьер (тосқауыл) мидың қан тамырларымен дәнекер тіндерден тұрады. Ал мидың жұқпалы ауруларында (менингит, энцефалит) субархноидалды жолмен қолданатын дәрілер ми қабатының арасына жіберіледі. Артерияға дәрі өте сирек науқастардың өте ауыр жағдайларында тек стерильді суға ерітілген дәрілер жіберіледі.
27.Антибиотиктерді 1:1, 1:2 қатынасында сұйылту және қажетті дозаны есептеу. Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.
Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.
Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасьш енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енғізеді. Антибиотикті қолдану нүсқауында осы антибиотикті еріту ережесі эдеттеғідей корсетіледі.
Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: Імл - 100.000 ЕД және Імл - 200.000 ЕД.
1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: цг-
- 500.000 ЕД :10О. ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);
500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).
2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик молшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге болуі қажет.
1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;1 мл 200.000 ЕД еріту кезінденауқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.