Диабеттік команың(ацидоздық) алғашқы белгілерін (көп мөлшерде зәр шығару, шөлдеу, терінің кебуі) науқастардың өздері де байқамай қалады.
Гипогликемияльқ кома- қант диабеті сырқаты бар адамдар инсулиннің мөлшерін қажетінен жоғары қабылдаған уақытта пайда болады.
Маскүнемдік комакезінде аурудың ауызынан арақтың иісі шығып тұрады.
Апоплексиялық комамиға қан құйылғанда болады, аурудың беті күрең қызыл тартып, дем алысы тереңдеп, шуыл пайда болады.
Қояншық комасы— қояншық ауруы кезінде болады.
Науқастың төсектегі қалпы былайша сипатталады:1) активті, не белсенді, яғни науқас төсекте еркін қозғалып, отырып, жүре алады; 2) пассивті, не қозғалыссыз — науқас айналасындағы өзгерістерге аса көңіл бөлмей, қозғалыссыз жатады; 3) мәжбүрлік қалпы — бұл жағдайын жеңілдетуге, мысалы, ауыру сезімін, я ентікпені азайтуға бағытталған қалпы. Мысалы, жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді.
Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері көмектесіп, тьныс алуы аздап та болса, жеңілдейді. Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен, пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы) ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел қатты қысады.
Іші қатты ауырған (аппендицит, жедел перитонит) жағдайында науқас адам аяқтарын тізеден бүгіп, шалқасынан қозғалыссыз жатуға мәжбүр болады. Ойық жара сырқаты кезінде науқас ішінің ауыратын жерін алақанымен басып, тізесі мен шынтағына сүйеніп, немесе төмен еңкейіп тұрады. Менингитпен сырқаттанған адамның қалпы осы ауруға тән: науқас тізеден бүгілген аяқтарын ішіне тартып, бір жақ қырымен жатады, желке еттерінің қатаюы нәтижесінде басын кейін қайырып ұстайды. Кейбір аурулар жағдайында науқастың мәжбүрлік қалпының өзіне тәндігі соншалық, дәрігер бір көргеннен-ақ тұжырым жасай алады.