1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру



бет11/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
1. Ìåé³ðáèêå ³ñ³, ìåé³ðáèêåí³? æ?ìûñûí áàðëû? êåçå?äåðäå ?éûìäàñ

Тері қабатын зерттеу.Тері қабатының жағдайына назар аударатын шағым - терінің қышуы. Терінің қышуы кейде тері қабатының өзгеруімен (псориаз) байланысты, я ішкі ағзалар ауруларының сыртқы көрінісі ретінде де пайда болуы мүмкін (бауыр және өт жолдары аурулары, лимфогранулематоз), сондай-ақ аллергиялық аурулардың алғашқы белгісі ретінде де байқалады.
Теріге келесі бір көңіл аударатын жағдай: оның түсінің өзгеруі.Вегетативтік нерв жүйесі аурулары бар адамдардың терісінің бозаруы мен қызаруы кезектесіп тұрады. Ал терінің үнемі бозарып тұруы және күннен-күнге бозарғанының ұлғая түсуі мына жағдайларда байқалады: кенеттен не біртіндеп қан кету (ойық жара ауруы, геморрой, гинекологиялық аурулар), қан жүйесі аурулары (гемолиздік анемия, Верльгоф ауруы, т. б.), жедел және созылмалы жұқпалы аурулар, сепсис, қатерлі өспелер, улану және т. б. Бірақ кейде дені сау адамның тері асты тамырларының нашар дамуынан бет-әлпетінің бозғылт тартуы байқалады.
Сондай-ақ терінің бозаруы басқа себептерден де болады: бүйрек аурулары кезінде тері тамырларының қысылуы; тамырлардың тарылуына әкеліп соғатын жағдайлар (қорқу, естен тану, құсу, гипертониялық криз, тону); тамырлар жүйесіндегі қанның жеткіліксіздігі (қолқа сағасының тарылуы, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі). Әсіресе терінің кенеттен бозаруына көңіл бөлген жөн, себебі бұл жағдайларда (ойық жара ауруы, перитонит, т. б.) науқасқа шұғыл көмек көрсету қажет болуы мүмкін. Әдетте бұл аурулардың бет-әлпеті кенеттен бозарып, басы айналып, есінен танып қалады, тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді.
Бозару әр түрлі болады. Терінің аздап сарғыштанып бозарып гемолиз себебінен туындаған қан аздылықтан (Аддисон-Бирмер анемиясы, гемолиздік анемия) болса, хлороз кезінде жасыл реңді, ал қатерлі өспелерде жердің түсі тәрізді болып келеді. Кейбір сырқаттар жағдайында терінің түсі көкшіл тартады, оны көгеру (цианоз) деп атайды. Терінің мұндай реңі қанның құрамындағы бұрынғы қалпына келтірілген гемоглобиннің көбеюіне байланысты болады. Оның екі түрлі себебі бар: шеткі қан айналымының нашарлауы, немесе өкпедегі газ алмасудың жетіспеушілігі. Кейде осы екі себеп те қатар келеді, яғни бір адамның басынан табылады.
Адамның терісі мен кілегей қабаттары сары түске боялуы кездеседі (icterus — сарғаю), және оны тудыратын себеп қанның құрамындағы билирубиннің көбеюі болып табылады. Гипербилирубинемия деңгейіне және пайда болу мерзіміне сәйкес сарғаю реңдері әр түрлі: лимон тәрізді ашық сарыдан күңгірт не жасыл сарыға дейін. Сарғаю алдымен кілегейлі қабаттарға (таңдай, тіл асты), содан соң барып бетке, алақанға, табанға, кейін бүкіл дене терісіне таралады (1-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз).
Теріні қараған кезде кей жерлерінде пигментациясы жоғалған ошақтарды (vitiligo) көруге болады. Пигменттің мүлдем көрінбеуі (альбинизм) сирек кездеседі (2-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз). Терінің түсін анықтап болған соң оның ылғалдылығы зерттеледі. Дені сау адам ыстық күндері, күш жұмсап жұмыс істеген шақта, ыстық сусыңдар ішкенде, т. б. жағдайларда терлейді, яғни оның ылғалдылығы артады. Қатты терлеу (гипертиреоз, гипогликемия, дене қызғанда, туберкулез, экссудативті плеврит, іріңді сырқаттар, жұқпалы аурулар) ауруларына да тән. Іштің қатты түйіліп ауруы (колика), кенеттен пайда болған тамырлар жетіспеушілігі (коллапс, шок, естен тану) сияқты себептер де науқастың қалыпты дене қызуы жағдайында терлеуін тудырады, оны салқын тер деп атайды.
Бұған қарама-қарсы тері ылғалдығының азаюы, яғни терінің құрғақшылығы кездесуі де мүмкін. Мысалы, организмнің суды көп жоғалтуы (диарея, құсу), қантты және қантсыз диабет, қалқанша безінің қызметінің нашарлауы (микседема) қатты жүдеген шақтарда кездеседі. Тері бетіндегі бөртпелердің диагностикалық маңызы зор (3-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз). Ол жұқпалы аурулар кезінде кейде бірден диагноз қоюға, немесе оны басқа аурулардан ажыратуға мүмкіншілік туғызады. Бөртпелер сипаттамасы әр түрлі: нүктелік петехиялар, розеола, эритема, есекжем, ұшық, т. б.
Тырнақтар әр түрлі аурулар кезінде өзгереді. Әсіресе саусақтардың буындары барабан таяқшалары тәрізді өзгеріп, тырнақтар сағат әйнегіне ұқсап дөңестенеді (созылмалы іріңді сырқаттар, эндокардит, бауырдың созылмалы аурулары, жүректің туа біткен ақаулары) (4-сурет). Организмдегі ұзақ уақыт темірдің жетіспеуі салдарынан тырнақтар тегістеледі, кейін қасық тәрізді ойыла дөңестенеді (койлонихия)

Қолмен сипалап қарау нәтижесінде терінің созылғыштығын және қатаюын, бір сөзбен тургорынанықтауға болады. Ол оның құрамындағы коллойдтар мөлшеріне және қан айналысына байланысты болады. Қартайғанда сұйықтықты жоғалтатын кейбір созылмалы ауруларда, қатты азайған кезде терінің беріктігі кеміп, оңай қыртысталады. Терінің тургорын анықтау үшін оны екі саусақтың арасында қыртыстайды. Қалыпты жағдайда тері қыртысы берік, тығыз болады және қолды босатқан уақытта тез арада бұрынғы қалпына келеді.


Пальпация әдісімен терінің белгілі жеріндегі оның ыстығыныңжоғарылауын не төмендеуін де анықтауға болады. Тері қызуының көтерілуі сол тұстағы қан айналымының күшеюіне байланысты десек, оның төмендеуі, керісінше, қанның жеткіліксіздігінен болады.
Шырыш қабықшалардың және терісінің көгеруі көп ауруларда кездеседі (өкпе эмфиземасы, өкпе қабынуы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі, өкпенің іріңді аурулары т. б.). Сол сияқты бұндай жағдай өкпе-жүрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарда да байқалады. Өкпе артериясының эмболиясында, пневмоторакс кезінде көгеру жіті және тез дамыған түрде кездеседі. Аталған аурулар кезіндегі көгерудің себебі —өкпедегі газ алмасуының бұзылуы нәтижесіндегі қанның оттегімен қанығуының жетіспеушілігінен болады. Экссудативтік плеврит кезінде науқастар көбінесе бозарады. Науқастың терісінің өте айқын бозаруы өкпеден көп мөлшерде қан кеткенінде байқалады.
Өкпенің крупозды қабынуы кезінде беттің көгеруімен қатар көздің шырышты қабығының қызаруы мен сарғыштануы, еріннің кілегей қабатында, мұрында ұшық шығуы (herpes labialis) жиі кездеседі.
"Дабыл таяқшалары" симптомы — аяқ пен қолдың саусақтарының буынының үлкеюімен қатар тырнақтардың дөңгеленіп сағат әйнектеріне ұқсас өзгеруі, өкпенің созылмалы іріңді үдерістеріне (бронхоэктаздар, өкпенің созылмалы абсцесі) тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет