1. Мейірбикелік үрдіс және оның кезеңдері. Шизофренияның қарапайым түрі. Клиникасы, күтімі, бақылау, емі


Психиатриядағы төтенше жағдайлар. Медбикенің тактикасы, алғашқы көмек көрсету



бет6/18
Дата08.12.2023
өлшемі53,07 Kb.
#135270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
психиатр ответ (копия) (копия)

16. Психиатриядағы төтенше жағдайлар. Медбикенің тактикасы, алғашқы көмек көрсету
17. Халыққа психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру.
18. Кататониялық синдром. Кататониялық қозу және ступор.

  • Кататониялық синдромдар.

  • Қозу және кататониялық ступор болып екіге бөлінеді.

  • Кататониялық қозу кезінде бағытталмаған, мағанасыз сөз және жалпы қозғалыс байқалады.Бір сөзді немесе сөйлемді қайталай беретін жағдайларды – вербигерация дейді.Қасындағылардың айтқаның қайталай беретін жағдай – эхолалия, істеген әрекетін қайталаса – эхопраксия дейміз.Дәрігердің. қоршаған адамдардың айтқанын керсінше жасаса- негативизм белгісі орын алады. Қиқандап, бет әлпетін өзгертіп, кенетен қаша жөнеліп, киімін шешіп тастап, түкіріп, қз нәжісін қзіне жағып, басқалардың көзінше жыныс мүшесін қоздыруы да мүмкін.

  • Кататониялық ступор көбіне қозудан кейін білінеді. Ауру үндемейді – ( мутизм), бұлшық еттерінің тонусы жоғары болса да, қозғалмайды. Қоршаған ортадағы жағдайларға көңіл аудармай, ыстық, суыққа, қарны ашқанға, ауырғанға, бомба жарылғанға да қарамай бір қалыпты отыра береді

  • Жатқан орнынан қозғалмай, бір позадан аумаса оны балауыз иімділікті ступор дейді. Сағаттап, тәуліктеп жата (отыра) береді.

  • Қозғалмау позасын өзгертуге жасалған әрекеттерге қарсылық жасауды – негативтік ступор деп атайды.


19. Психомоторлы қозу. Олардың түрлері.Фармакологиялық препараттар.
Психомоторлы қозу – науқастың психикалық жағдайының бұзылуына байланысты әр түрлі дәрежедегі қимыл қозғалысының және сөйлеу қабілетінің бұзылысымен (көп сөйлегіштік,сөз құрамының өзгерісі, т.б.) жүретін патологиялық жағдай.
Жиі кездесетін психомоторлы қозу түрлері:

  • Галлюцинаторлы 

  • Үрейлі (тревожное)

  • Дисфориялық 

  • Депрессиялық

  • Маникалды 

  • Аффективті – шокты

  • Кататониялық және гебефренді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет