а) Маникальды синдром депкөтеріңкі кқңіл-күй, жылдам келетін ойлар және сөйлеу мен қозғалыс белсенділігі байқалатын белгілерді айтамыз. Ауру адамдар қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға байланыссыз, өте қуанышты сезімде болады.
б) Депрессивті синдром да үш белгіден тұрады:қайғылы көңіл күй, баяу ойлар, сөйлеу мен қозғалыс тежелуі.Аурулар себепсіз қайғырып, зарығып, өздерін- өздері жәбірлейді. Мүлде үндемей немесе қозғалмай қалулары мүмкін (депрессивті ступор).
Бұл жағдайлар маникальді – депрессивті психозда,шизофреннияда кездеседі.
12. Ішімдікпен улану кезіндегі алғашқы көмек. 13. Шизофренияның гебефрениялық формасы,клиникасы,емдеу принциптері.
Гебефренді шизофрения
Шизофренияның ең қатерлі формаларының бірі болып табылады. Оның негізгі көрінісі гебефренді синдром болып табылады. Мінез құлықтың үзік-үзіктігімен қатар келеңсіздігі, сөздің ерекшелігі, сезімнің айқын орнықсыздығы білінеді. Ауру бет-аузын қисайтады, оның әрекеті ерекше сиықсыздығыменерекшеленеді, кейде сотқарлық немесе есерлік сипат алғандай болады. Сезімдік әсер шектен тыс орнықсыз және дәлелсіз болған жағдайда құрғақ өнімсіз эйфория басым болады. Біршама қолайсыз уақыттан кейін ойлаудың үзік-үзіктілігі айқын байқалатын кемақылдық тез басталады. Ал кейбір жекелеген жайдайларда едәуір терең ремиссия байқалады. Бұл түр 20 жасқа дейінгі жас адамдарда жиі кездеседі.