1 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері


Табиғатқа топсаяхат пен серуен кезіндегі еңбек түрлері және



бет7/9
Дата31.03.2023
өлшемі67,24 Kb.
#78112
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
астана уни

2.2 Табиғатқа топсаяхат пен серуен кезіндегі еңбек түрлері және
ұйымдастыру әдістемесі
Экскурсия идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес түрі, ол адамның рухани байлықты игеруіне себін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданған көмекші иллюстарциялық құрал ролін атқарады. Экскурсия балалардың пэннен алған білімдерін толықтырып меңгертуге мүмкіндік береді. Әр экскурсия тақырыбына орай белгілі бір танымдық мақсатпен жүргізілуі керек. Экскурсия сабақтарында бала табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді, қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға және одан әрі көркейтуге өз үлесін қосуға үйретеді.
Экскурсия баланың зерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына мүмкіндік береді. Экскурсиялар тікелей табиғат орталарына, мұражайларға, ботаникалық баққа, жануарлар бағына, завод, фабрикаға, әртүрлі цехтарға, көл және өзен жағалауына, тарихи орындарға т.б. жерлерде жүргізіледі.
Тәрбиеші әрбір экскурсияны тақырыбына, өтілетін орнына сәйкес алдын-ала тыңғылықты түрде дайындалады. Ең алдымен экскурсия жүргізілетін орынмен танысып, көңіл аударарлық сипатты обьектілерді табады; балалардың өздігінше жүргізетін бақылауларының сипатын ойластырады; балалар тапсырмамен танысады, яғни шешуге тиісті мәселелерін, табиғат материалын бакылау және жинау тапсырмаларын алады. Ең бастысы балалар табиғаттан нені және қалай көру, нені тану керектігін білу керек. Экскурсия ұйымдасқан түрде табысты өту үшін тәрбиеші балаларды оның жоспарымен алдын-ала таныстырып, мақсаты мен міндетін белгілейді. Балалардың қандай мағлұматтар жинап, неге баса назар аудару, нені жазып алу керек екендігін түсіндіреді. Нәтижесіндегі заттар, мағлұматтар, материалдар сабақта қорытындыланады,
Американдық педагогтардың айтуынша: табиғатқа саяхат ұйымдастыру әртүрлі факторлардың әсерінің айқын көрінісін байқауға, теориялық біліммен тұрғылықты жердің табиғи проблемаларын танып білуге зор мүмкіндік береді, зерделеуге деген қүштарлығын оятады, зерттеу біліктілігі қалынтасады. Байқау, бақылау, пайымдау, салыстыру сияқты қасиеттер туындайды. Өздігінше қорытындылай алады. Сондай-ақ экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажет екендігін тілге тиек етіп, бала ойын, көзқарасын тыңдау үлкен нәтижелі және де экскурсия мақсатын аша түседі. Ерте болсада қазіргі таңдагы кезек күттірмейтін актуальды экологиялық проблемалар төңірегіндегі мағлұматтармен қаныға түседі және оларға үлкен ой салады. Бұл білімділік тұрғыдан да тәрбиелік жағынан да маңыздылығы жоғары.

1 - Сабақ Еңбек түбі береке


Сабақтың мақсаты: Адам көмекшілері туралы
Білімділік: баланың білімін кейейту, адам өмірінежәне еңбек етуіне көмекші болатын электр тогы, тұрмыстық техника туралы білімдерін арттыру, балалардың назарын заттардың адам үшін қызмет ететіндігіне және ол заттарға ұқыптылықпен қарау қажет екендігіне аудару, балалардың зейінін техниканы адам жасап шығарғандығына және оны адам жетік меңгере алатынына аудару; осындай құралдарды жасаған үлкендердің еңбегіне құрмет көрсете білуге үйрету. Балаларға адам үшін қызмет ететін тұрмыстық бұйымдар түрлерін білдіру. Олардың рөлін түсіндіру.
Дамыту. Әңгіме, ертегі ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа, ұшқыр ойлауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақты өткізудің әдіс-тәсілдері: әңгіме, иллюстративті әңгімелесу,
ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтар суреттері, тұрмыстық техника құралдары бейнеленген суреттер: үтік, шаңсорғыш, теледидар, радио т.б.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. «Мен кіммін?» әңгімесін оқу және талдау. Балалар шағын әңгімені тыңдаңдар, оның ішінде жұмбақ жасырынған. Бұл жұмбақ не туралы айтылады, шешуін табыңдар.
Мен кіммін?
Мен көзге көрінбейтін жұмыскермін, бірақ мені әрбір адам біледі. Мен барлығын жасай аламын түскі тамақ әзірлеймін, шай қайнатамын, киім үтіктеймін. Менсіз заводтар және фабрикалар жұмыс істей алмайды. Мен ән де, ертегі де айта аламын. Үйде және көшеде мен барлығына көмектесемін. «Мен кіммін?» әңгімеде кім туралы немесе не туралы айтылған? Бұл қандай сиқыршы, оны ешкім көрмейді, ал ол көптеген пайдалы жұмыстар атқарады. (Бұл сиқыршы электр тогы)
Мен электр станцияларында дүниеге келемін және үйлерге, зауыттарға, жер астындағы сымдар арқылы келіп, адамдарға барлық жағдайда көмектесемін. Бірақ маған ұқыпты қарау керек. Мені қалай қолдануды білмеген жағдайда мен өмірге өте қауіптімін.
2. Жұмбақ шешу.
Қызықтырам өзіме
Көрсетемін көзіңе,
Сендіремін сөзіме.
(Теледидар)
Алыстағы апаңмен,
Оқудағы ағаңмен
Тілдестіріп тұратын
Заттың атын табар ма ең?
(Телефон)

  • Бұл заттар адамға қалай көмектеседі?

  • Жұмбақта айтылмаған, бірақ біздің өмірімізге қажетті, тағы қандай тұрмыстық құралдарды білсіңдер?

3. «Не болды, не бар» ойыны.
Дидактикалық мақсат. Күнделікті тұрмыс та қолданылатын заттар туралы
білімдерін шыңдау.
Керекті құралдар: қағаздар (карточкалар) жинағы.
- сыпырғыш, шаңсорғыш, шылапшын, кір жуғыш машина, ине, тігін машинасы, пеш, газ плитасы, арба, компьютер, күнқуатты сағат және электр сағаты.
Балалар жұпты қағаздарды таңдайды.

  1. сыпырғыш – шаңсорғыш

  2. ине – тегін машинасы

  3. арба – көлік

  4. есепшот – компьютер

  5. шылапшын – кіржуғыш машина

  6. пеш – газ плита

  7. қайық – кеме

  8. күнқуатты сағат – электр сағаты.

2- Сабақ. Балалардың бау – бақша ішіндегі еңбегі


Сабақтың мақсаты: Балаларға бау-бақша және жемістер- көкөністер ұғымын қалыптастыру. Балалардың шапшаң ойлау қабілетін дамыту. Еңбекке баулу.
Көрнекілігі: Күзгі бақтың суреті, жемістер – көкөністер суреті, өлең, карточкалар, үнтаспа, ертегі – жұмбақ, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бізге қонақ апайлар келіп қалыпты, апайлармен орнымыздан тұрып амандасып, жылы мейрімімізді білдірейік.
Балалар амандасады.
Меруерт. Әрқашан сөнбесін!
Бекнұр. Заманымыз тыныш болсын!
Қуаныш. Еліміз тыныш болсын.
Рамазан. Ата –ананың аман болсын.
Елдос. Қош келіпсіздер!
Мирас: Нанымыз көп болсын.

Тәрбиеші: - Балалар жылдың қанша мезгілі бар?


Б: - 4 мезгілі жаз, күз, көктем, қыс.
Т: - Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем
- Көктем қандай өзгерістер болады?
- Күн жылына бастайды, Ағаштар бүршік атты, жапырақ ашады, айнала жап – жасыл болып көгалданады, құстар ұшып келеді, алғашқы гүлдер бәйшешек шығады, қызғалдақ, сарғалдақтар шыға бастайды.
Адамдар бау мен бақшаларда көшеттер отырғызып, егін еге бастайды.
Көктемде ағаштар гүлдеп, өсіп - өніп күз келгенде жеміс береді.
Сабақ барысы: Тәрбиеші: - Балалар біз сендермен бүгін «бау – бақшаға саяхат» атты тақырыпта ашық сабақ өтеміз.
Осы кезде «құстар әні» басылған үнтаспа қойылады, сол кезде тәрбиеші Ғафу Қаырбековтың «Берекелі күз» өлеңін оқиды!
Сары ала тон жамылған.
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі
Қандай өзі береген
Алмасың – ай, алмасың!
Өрік, шие, балы бар,
Қарбыз, қауын көбейді
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін жауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Тәрбиеші: - балалар жемістер мен көкөністер қай уақытта піседі екен?
- Күзде
- Күз айларын атаңдаршы?
- Қыркүйек, қазан қараша
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн суыта бастайды, аспанды бұлт қаптайды, жапырақтар сарғаяды. Т.с.с.
- Балалар күзде адамдардың еңбектері де ерекше болады. Қандай еңбекпен айналысады?
- Егін орады, бау – бақшалардан жемістер – мен көкөністер жинайды.
- Ия, дұрыс айтасыңдар балалар. Онда айтыңдаршы қандай көкөніс пен жемістер жинаймыз?
- Алма, алмұрт, алхор, қарбыз, қауын, қызанақ, қияр, т.б.
- Ал сендер жемістер қайда өсетінін білесіңдер ме?
- Бауда
- Ал көкөністер қайда өседі екен?
- Бақшада
- Жемістерге нелер жатады?
- Алма, алмұрт, алхор, апельсин, шие, ананас, өрік, т.б.
- Көкөністерге нелер жатады?
- Қияр, қызанақ, сәбіз, картоп, қызылша, орамжапырақ. Т.б.
- Жарайсыңдар, балалар енді біз, сендер мен бауда өсетін жемістерге байланысты «Дәмін тат» деген ойын ойлаймыз
Ойын мақсаты: Балалардың сезгіштік қабілетін дамыту және жемістер туралы түсініктерін анықтау.
Керекті зат: Жемістер
Ойын барысы: Жемістерді турап салат жасау. Баланың көзін орамалмен жұмып, қандай жемістің дәмін татқаны жайлы сұрайды. Бала дұрыс жауап беруі тиіс.
Осылай бірнеше бала шығып, ойын қайталанады.
Тәрбиеші: - Балалар бақшада қандай көкөністер өседі екен?

  • Қияр, қызанақ, картоп, сәбіз, қызылша, қарбыз т.б.

  • Көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?

  • Көкөністерден біз дәрумен аламыз, одан шырын жасаймыз, бойымыз өседі.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар жарайсыңдар! Енді сендермен көкөністер жайлы «Сыр сандық» ойынын ойнаймыз.

Ойын мақсаты: Балалардың сипап сезу қабілетін дамыту.
Керекті заттар: Көкөністер
Ойын барысы: Кәрзенкеге әртүрлі көкөністерді салып қойып, баланың көзін орамалмен байлап, бір көкөністі таңдап алуы тиіс, ол көкөністі сипап сезу қабілеті арқылы, ұстап қандай көкөніс екенін атауы тиіс. Осылай бірнеше бала шығып ойын қайталанады.
Сергіту сәті: «Бау-бақша»
Баудағы жемістерді атағанда қолдарын жоғары көтереді.
Бақша көкөністерін атағанда қолдарын төмен түсіреді.
Мыс: алма, алмұрт, өрік, апельсин көтереді.
Қияр, қызанақ, орамжапырақ, картоп түсіреді.
Тәрбиеші: Балалар енді «Бақшадағы дау» ертегісін тамашалайық. (сахналық қойылым)
Ерте, ерте, ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың керемттей бақшасы болыпты. Бақша әртүрлі көкөністерге толы екен. Олар: сәбіз, пияз, картоп және қызанақ.
Бірде көкөністер арасында кім дәмді? - деген дау туыпты. Сәбіз жерден ытқып шығып: - Мен дәмдімін – деп жар салыпты. Мені жеген баланың бойы өседі, мені пісіріп те, пісірмей де жей береді. – дейді.
Осы кезде керіле сөйлеген картоп: - Бәрінен де мен тәттімін! – деп өзін мақтай жөнеледі. Менен әртүрлі тағамдар жасайды, сорпа қуырылған картоп т.б. тағамдар жасайды. Сол кезде пияз тұрып былай дейді: - Мені жеген адам ауырмайды, менсіз тамақ дәмді болмайды. – дейді.
Бұл сөздерді естіген қызанақ шыдай алмай: - Ей, пияз, сен не деп тұрсың? Сен ащысың балалардың көзін ашытып, жылатысың сенен мен тәттімін. Мен, жегенге тамақ ішкенге сусын боламын. – деп дауласып жатқанда, баққа бақшашы келіп: «Көкөністер сендер дауласпаңдар, барлығың да адамға пайдалысыңдар, егерде бәрің біріксеңдер одан да дәмдісіңдер» - деп көкөністерге өз ақылын айтады. «Ынтымақпен істеген жұмыс оңды болар!» - деген осы екен – ау.

  • Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

  • Ендеше, жемістер мен көкөністер жайлы жұмбақ шешіп көрелік:

  1. Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық. (Сәбіз)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

  1. Үстінде тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)

  1. Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көп киім.
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейтін. (Орамжапырақ)
Қорытындылау.

  • Балалар көкөністерден не жасауға болады?

  • Салат,шырын, тағамдар

  • Жемістерден ше?

  • Шырын, иогурт т.б.

  • Балалар сендерге жемістер мен көкөністер жайлы сабақ түсінікті ма?

Осымен «Бау-бақшаға саяхат» атты сабағымыз аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет