1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі



бет10/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
саяси жүйесінің дамуы Өркениетті , демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негiзгi түрiне сайлау жүйесi жатады.Сайлау жүйесі деп өкiлетті және басқа мемлекеттiң сайланбалы билік органдарын құру жолдарын , түрлерін , әдіс - тәсілдерін аныктайтын , тәртіпке келтiрiлген нормалар , ережелер жиынтығын айтады . Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттiк қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі , процесі және негізгі принциптері , оны ұйымдастыру , материалдық жағынан қамтамасыз ету т.б. шаралар кіреді.Ол азаматтардың саяси құқығын жүзеге асырылуын білдіреді.Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады . Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғанына бақылау жасау мүмкіндігін береді .
12. XIX Ғ . Батыс еуропадағы саяси ой – пікірлер .
XIX ғасырдың I жартысындағы Батыс Еуропадағы қоғамдық - саяси өмір буржуазиялык тәртiптiн Англия , Франция , Германия , Швейцария Голландия секiлдi елдерде қуаттырақ , әрі тереңірек орнауымен өтті . Сол уақытта пайда болған негізгі идеологиялық ағымдар өзінөзі анықтай тустi . XVIII ғасыр соңындагы француздык буржуазиялык революция капитализмның Еуропада дамуына кушті импульс болды . Өзнiн бұрынғы кең мүмкiндiктерiнен айырылып бара жатқан феодалдык - монархтык орталар , аристократтар капиталистік емiрдiн орнауына барынша қарсы болды . Олар буржузияға дейінгі тәртіпті қайта қалпына келтіруді ұсынды . Оған қоса , капиталистік тәртіпті пролетар лық социалистік лагерде қызу сынады . Капиталистік жуйе оларды кедейшілік өмiрдiң ең төменгі деңгейіне тусіріп тастады . Олар қутқару жолын жеке меншiкке негізделген өркениеттен бас тартудан және ортақ меншiктiң орнауынан керді . Тағы бір идеологиялық ағым - анархизмның бағдарламасы өзгеше еді . Олардың жақтастарының барлығы да буржуазияга қарсы емес , анархистер мемлекетті барлық қоғамдық зұлымдықтың көзi деп білгендіктен , оның кез - келген формасына қарсы шықты .
XVIII – ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды . Оған Ұлы француз революциясынан кейiнгi онеркәсiп төңкерiсi себеп болды . Капиталистік қатынастар дамып , буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты . Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа , прогреске , зандылыктын болуына ұмтылды . Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды . Олардың идеологтары Б.Констан , И.Бентам т.б. болды . Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркiндiгiн , дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркiндiк , мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді . Бұл кезеңдегi либерализмге буржуазияның дамудағы революция мен радикализмнен герi байыпты дамитын эволюциялық жолға тусуі байқалды . Оның көрнектi өкiлi француз Бенамен Констан ( 1767-1830 жж . ) болды Ол буржуазияның құқы мен бостандығын қорғап , либералдық саяси тәртiптi жақтады . Сондай – ақ , ол революциялық демократтардың идеологиясын оның iшiнде Ж. Руссонын халыққа егемендік беру керек деген теориясына қарсы шығып соны сынады . жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мәселеге де назар аударып , оны либерализм тұрғысынан шешуге тырысады . Халықтардың бостандықтарының iрге тасы олардың жеке құқы , саяси еркіндігі деп біледі . Азаматтық бостандықты мойындамайтын билiк тиранға айналып өзiнiң негiзiн жояды дейді . Бұдан шығатын қорытынды мынау : саяси билік монархтын ба , әлде халықтың ба қолында болса да бәрiбiр шексіз болмауы тиіс . Оны болдырмайтын шекара болып жеке тұлғаның құқы есептеледі . Өкiметтiң қызмет бабын асыра пайдалануына қарсы күш біріншіден , парламентте шоғырландырылған қоғамдық пікірдiң күшi болса , екіншіден , билiктi бөлiп басқаратын , олардың теңдiгiн қамтамасыз ету деп бiледi .


13-34,,,Саяси билiктiң субъектiлерi , легитимдiлiгi . Саяси билік – таптық , топтық , жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркiн жүргiзу мүмкiндiгiн бiлдiредi Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған . Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес , сонымен бірге партиялар , кәсіподақтар , халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргiзiледi . Саяси билiк принциптері – легитимдік принципі , қорғау принципі утымдылық принципі сыр бермеу принципi . Саяси әдiстерi – саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері . Құқық , бедел , сендiру , дастур , алдап – арбау , зорлау , куштеу арқылы жүзеге асырылады.Саяси билiктiн легитимдiлiгi – халықтың келiсiмiне негізделген әрi занмен , ережелермен дәстүрмен анықталған билік сапасы . Легитимдік дегеніміз – халыктын устемдік етіп отырған саяси билiктi қолдауы , оның заңдылығы мен шешiмдерiн растауы. Халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,оның шешімдерін растауы. Ол міндетті түрде халықтың қалауы орындалу керек. Мемлекеттік билік иесін халық сайлайды. Яғни демократиялық жағдайда мемлекеттiк билiк легитимдi болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет : 1 ) халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшiлiктiң еркiне қарай орындалуы керек ; 2 ) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.Немiстiн көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдiктiң мiнсiз түрлерi ретiнде үш үлгісін көрсеткен : 1 ) әдет – ғұрыптық легитимдік Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт – дәстүрге сүйенедi 2 ) харизматикалық легитимдік . Мунда әзiнiң ерекше батырлығымен , адалдығымен немесе басқа үлгiлi қабілет қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету ; 3 ) ақыл – парасаттың , құқықтың легитимдiгi . Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге , тәртіптің ақыл – ойға сыйымдылығына негiзделедi . Саяси билiк субъектiлерi – iс – әрекетті жасаушы , объектi өзгертуші жеке адам әлеуметтік топ , тап , партия , мемлекеттi айтады . Саяси билiктi жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып субьект оларға екiлдiк береді . Олар билiктi қолданушы , қорғаушы , « мелiк етушi « болып есептеледі . Басқа сезбен айтқанда , субьект билiктi « мелiк етушiлер « арқылы жүргізеді << Легитимдiлiк >> термині алғашында ХІХ ғасырдың басында Францияда пайда болды . Ал << билiктiн легитимдiлiгi > ( зандылығы ) туралы ұғымды ғылымда алғаш рет немiс әлеуметтанушы әрi саясаттанушысы Макс Вебер енгізді . Қазірде саясаттану ғылымы бұл терминсiз алға баса алмайды.Легитимдiлiк ұғымы және бұдан туындайтын легитимация ( занды деп тану ) деген сез өзiнiң бастамасын латынның ( заңды және заңдылығы негіздеу ) деген сезінен алған . Бұл сездiн тубiрiмен байланысты легальдiлiк – ресмилілік ( ашык ) және легализация деген күнделiктi өмiрде жиi қолданылатын ұғымдардың біршама басқаша мағынасы бар . Егер , тек саяси мекемелер мен ұйымдар ғана емес , сонымен бірге баска да мекемелер мен ұйымдар өздерінің занды түрде жұмыс жасау құқығына ие болуға тиiстi бола тұрып , мұндай құқыққа ие болмаса , онда олар ашық легальдык емес түрде жұмыс жасауына мәжбүр болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет