1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару Формалары



бет46/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

50. Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару Формалары.

Мемлекеттің белгілері мыналар:

Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,аудан,…) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады;Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.Индустриалдық мемлекет.


Мемлекетті басқару формалары. Өркениет тарихын саралап қарасақ, мемлекетті басқаруға жіберілетіндердің төмендегідей ықтималдылығы болуы керек екендігін көреміз.

Бірінші жағдайда – билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылады.Екінші жағдайда – билік тізгінін ұстайтын адам билікке ұмтылушылар арасынан еркін сайлау жүргізу арқылы таңдалады.Үшінші жағдайда – қастандық, бүлік, төңкеріс немесе революциялық жолдардың бірімен билікті әлдекімдер күшпен басып алуы мүмкін.

Жоғарыда аталған билікке қол жеткізудің мүмкін болатын үш жолының алғашқы екеуі заңды, үшіншісі заңсыз болып табылады. Әдетте, билік басына заңсыз келгендер өз әрекеттерінің

Заңсыздығын мойындамайды, керісінше, істегендерін заңды етіп көрсетуге тырысады. Сондықтан өздерінің билік тұтқаларына заңсыз,

Қастандықпен немесе революция арқылы қол жеткізген жағдайын халыққа мейлінше жадағайлап түсіндіреді.Олар өз әрекеттерін халық атынан көпшіліктің мүддесі үшін жасағандарын айтып,келешекте «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» заман орнатуға уәде береді.Көпшілік жағдайда билікке күш қолдану жолымен келгендер қысқа мерзім ішінде «сайлау» немесе «референдум» өткізіп, өздерінің орындарын «заңдастырып» алуға тырысады.Тарихта, қалыптасқан шым-шытырық ахуалдың салдарынан,биліктің кездейсоқ адамдар тобының қолына өтіп кету сәттері де ұшырасқан.

Мемлекетті басқару формалары билікке келудің екі түрлі заңды жолына сәйкес монархия (грек. Monarchia — өзі билейді) және республика (res –іс, publicus – қоғамдық, жалпыхалықтық) болып бөлінеді. Билік үшінші, заңсыз жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды.



Монархия – обсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.

Обсолюттік монархия деп – мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз,өз қалауынша дара билік жүргізуін айтамыз.Конституциялық монархия деп – аталатын басқару формасындағы елдердің алдыңғы легінде қазір Англия, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет