1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Тұлғаның саяси әлеуметтенуі



бет13/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
1. Ìåìëåêåò æ?íå îíû? íåã³çã³ áåëã³ëåð³ æ?íå àò?àðàòûí ?ûçìåò³

Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Бұны түсінбес бұрын алдымен бірнеше ұғымды біліп алған дұрыс.

Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайларды қалыптастырған , саналы іс – әрекет ете алатын , өз жүріс – тұрысына жауап беретін , еңбек етіп , қарым – қатынас жасаушы , айналадағыны танып – білуші адамды айтады . Субъект деп белсенді іс – әрекет жасаушы , сана мен жiгерi бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады . Объект деп субъектінің танымдық және басқа іс – әрекеті неге бағытталса , соны айтады. Ол зерттелетін зат.


Саяси әлеуметтену деген ұғымды ғылымға батыстың саясатанушылары 50 -ші жылдары кiргiзген . 1959 ж АҚШ – та Г.Хайменнің Саяси әлеуметтану деген кітабы шыққан . Саяси әлеуметтену дегенiмiз – адамның саяси өміргe қатыстырылу процесі , сол процестің нәтижесінде жабайы адамның саяси адамға айналуы,саяси адамға тән қасиеттерге ие болуы.
Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процессі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді . Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркiн азаматтың алдыңғы қатарлы тәжірибелерiне , мәдени бағалы құндылықтарына , нысандарына , бағыттарына , т.б белсенді араласып , оларды терең игеруге , бойына сiңiруге , өңдеуге мәжбүр етеді . Осылардың негiзiнде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрi тереңдей түседi оның әлеуметтік тұрғыдан өзін – өзі тануы , өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады .
Саяси әлеуметтену процесі екі жолмен жүзеге асады . Біріншіден ол бұрынгы тарихта өшiп кеткен ұрпақтардың саяси мәдениет болып қалыптасқан саяси тәжіриебесін жаңа жас ұрпақтарға жеткізуге мүмкіндік туғызады . Мұндай процесс отбасы -жанұядағы тәрбие арқылы , мектепте оқу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орын алады . Екіншіден , саяси аркылы әр жеке адам бұрын тарихта кездеспеген жана саяси тәжіриебеге ие болады.

17. ҚР-ғы мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат – 47 депутат және Мәжіліс – 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады. Мемлекеттік басқару — мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары.



Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. Олардың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік басқару
Мемлекеттік органдардың атқарушы,жарлықшы қызметі.
Мемлекеттік басқару органдары жүйесіне: Үкімет;Министрліктер;
Мемлекеттік комитеттер мен мекемелер;Жергілікті атқарушы органдар;Мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелердің әкімшіліктері жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет