Мемлекет қызметтері жеке меншік мәселесін шешу, жерлерді әділ бөлу, қорғанысты бақылау, адамдарды жағымсыз не қауіпті сыртқы орта әсерінен қорғау, үнемі барлау жұмыстарын жүргізу, қоғамға тәртіп орнатып ел тұтастығын сақтау. Өзге елдермен бейбіт қарым-қатынаста болу т.б. Алайда қызметте де қатып қалған қағида жоқ. Ол жыл сайын өзгеріп отырады. Жаңа идеялар арқылы мемлекет берік тұрады. Осы арқылы ерекшеленеді.
Ішкі қызметі:
Халық шаруашылығы байланысын реттейді, экономиканы дамытады, ел ішінде тәртіп орнатып қылмыс пен золық зомбылықтың алдын алады, білім саласына көңіл бөледі. Қарулы күштерді құрып бюджет саясатын жүзеге асырады.
Сыртқы қызметі:
Мемлекет тұтастығын сақтау, қауіпсіздік шараларын жасау, егемендікті сақтау, басқа елдермен тату болу олармен жақсы араласу. Жалпы айтқанда негізгі қызмет тұрақтылықты орнатып, қалыпты тіршілік тұтқасын ұстау.
2. Қазақстан 2050 даму стратегиясы
Қ.2050д.с-бұл елбасымыздың жолдауында таныстырылған үлкен бастамаларының бірі. Басты мақсат мықты мемлекет құру және елімізді ең дамыған 30 ел қатарына кіргізу болды. Міне сол үшін көптеген жоспарлар құрылып іске асырылу үстінде. Яғни бағдарламадағы мақсат 2050 жылы (не оған дейін) еліміздің дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көрінуі. Мемлекетті одан әрі дамытып нығайту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жаңа жүйе құрып оны іске асыру, қ орғанысты нығайту т.б.
Бұл мақсатқа жету үшін бұл стратегия жеті ұзақ мерзімді басымдықтары іске асыруды қарастырған. Олар:
Біріншісі экономикалық саясат
Екіншісі Кәсіпкерлікті ондағы экономикалық жетекші күштерін қолдау
Үшінші
Төртінші әлеуметтік саясатта кепілдік беріп жеке жауапкершілікке алу
Бесінші мемлекетті құлдыратпай нық ұстау және одан әрі нығайтып елдегі демократияны дамыту
Алтыншы сыртқы саясат пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту
Және жетіншісі Қазақстандық патриотизм қалыптастыру.
Жалпы бұл жолдауда елбасы «біздің басты жетістік тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз» деген. Расымен де тәуелсіздік алғалы бері талай жетістікке қол жеткізудеміз. Тіптен бағдарлама сәтті іске асуда десем де болады. Атап айтсам алғаш болып талай елде проблемаға айналған ядролық полигонды жаптық сол арқылы қауіп сейілді. Полигон жабылысымен 2030 стратегиясының бір бөлігі орындалды. Өйткені мақсат қауіпті сейілту болған. Әрі бұл 2050 стратегияда да бар.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қорғанысы мықты әскер құрылды бұл да бір даму. Осы кезге дейін көптеген жұмыс орындар ашылып адамдар жұмыспен қамтылуда. Жыл сайын зейнетақы мөлшері де өсіп айлық жалақы мөлшері де көбеюде . Көптеген мектептер мен ауруханалар салынып ел жағдайы жасалуда.
3.Азаматтық қоғам ұғымы, белгілері, жүзеге асыру принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |