1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі



бет3/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Азаматтық қоғам бұл мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Ол адамның яғни жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қоғамда мемлекет жеке адам өміріне араласа алмайды. Оған шек қойылған тыйым салынған. Мемлекет атқаратын міндеттердің орындалуын азаматтар өздері тексереді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектеусіз яғни шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекетті біріктіреді.
Азаматтық қоғам құрамына адамдар тудырған қауымдастықтар, азаматтың жеке өмірі, әдет-ғұрып салт-дәстүрлері кіреді.
Азаматтық қоғам негізгі белгілері:
Саналы адамдардың күштеусіз ерікті түрде бірлесе одақ құруы;
Адамдардың татулығы, ынтымақтастығы мен бірлігі қалыптасуы;
Қоғамды басқаратын тәртіп орнататын мемлекеттік биліктің өмірге келуі;
Өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы;
Саяси күштер арасында бәсекелестіктің болуы;
Тәуелсіз БАҚ-тың жұмыс істеуі;
Дамыған институттардың болуы;
Сайлау кезінде таңдалған биліктің болуы; құқықтық мемлекеттің болуы т.б.

Азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасында сұхбат жүзеге асады.


Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін катынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралык дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтык кұкықтары жүзеге асырылады: улттык – этникалык саяси, дiни, жастык, жыныстык белгiлерi бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берiлмейдi; -жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйi мен мүлкі, мамандык тандау еркіндігі, тұратын мекенін аныктау, ел – жұртқа келіп – кету, хатта жазылған және телефон мен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзiнде сенiмдi корғалады; - адам өзінің көзкарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді – азаматтык кұкыктар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жагынан толык корғалады .

4. Саяси билік түсінігі белгілері мен функциялары, принциптері.


Қоғамдағы саяси сала қызметі, билікпен байланысты.
Саяси билік теориясының саясаттануда алар орны ерекше. Өйткені саясаттың негізгі мәселесі билік, мазмұны билік үшін күрес жүргізу.
Жалпы билік туралы көптеген анықтама мен тұжырымдама бар олар:
Теологиялық анықтамада билік деп мақсат, нәтижеге, корытындыға жету мүмкіндігін айтқан. Т.Гоббс билік игілікке жету құралы деген.
Бихевиористік анықтама бойынша билік бұл өзің өзі ұстауды, жүріс тұрысты өзгертетін іс әрекет.
Инструменталистік анықтамада билік мәжбүрлеуші деп сипатталады.
Структуралистік анықтама бойынша билік басқарушы мен бағынушы арасындағы қатынасты білдіреді.
Конфликтілік анықтама бойынша билік дау жан жал шешуші құрал делінген.
П.Моррис пен А.Гидденс билікті белгілі бір нәрсені өзгертетін іс әрекет деп түсіндірген.
Г.Лассуэль мен А.Каплан болса «Билік пен қоғам» деген кітаптарында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет