1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Ежелгі дүниедегі (антикалық дәуір ) саяси ой- пікірлер



бет26/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
30. Ежелгі дүниедегі (антикалық дәуір ) саяси ой- пікірлер
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
Италияның алғаш орталығы болған Турин қаласында 1824 ж. ашылған атақты Египет мұражайы бар. Онда Египет жерінен қазылып әкелген көптеген тарихи заттар қойылған. Мұражайда үш адамның бальзамдалған мумиясы бүтіндей сақталған. Оларды б.э.д. VIII ғасырға жатқызады. Одан басқа біздің заманға дейін 4 мың жылдыққа жататын мүрделерден бидай, нан, жұмыртқа (түйе құстың), қару-жарақ, ыдыс-аяқ алынғанын көрсетіп қойған. Бұл келтірілген фактілер сол замандарда дін болғанын байқатады.
Әлеуметтік және саяси құқықтық тәртіптердің баршасының негізгі құдайдан негіз алады деген түсінік қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің барлық тұтқасы аспан астындағы құдайдың қолында деп дәріптелген (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның еркін жүргізушілері болып келеді.
Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан тікелей Моисей қабылдап алған деген наным бар. Билікті құдай атынан адамдар жүргізеді. Айрықша жағдайларда құдай өзі араласады. Ежелгі Египет нанымы бойынша ақиқатты, әділдікті және заңдылықты әйел құдайы Маат жүргізеді-мыс. Бұл түсінік басқа елдерге де тән. Осы аталған идеялар ежелгі египеттің деректік негізі «Птахотеп оқуларында» (б.з.д. XXVIII ғасыр), «Өлілер кітабында» (б.з.д. ХХV-ХХIV ғғ.) бар. Аталған оқуларда басқарушы адамдар кейпінде суреттеледі. Билеушілерді қастерлеу идеясы басым жатады. Дегенмен қара халықтың бас көтерулері болып тұрған. Мысалы, «Ипусердің сөзінде» (б.з.д. 1750 жыл) қоғамның төменгі топтары мен құлдардың қозғалысы айты¬лады.

Ежелгі Персияда аңыздық ой-пікірден рационалдық көз¬қарасқа ауысу байқалады. Б.з.д. VII ғасырда зороастризм ілім және ағым ретінде қалыптасып та үлгерді. Кейінірек зороастризм шығыстың басқа елдеріне тарап кетті де христиан доктринасының қалыптасуына себепкер болды. Сонымен жер бетіндегі игілік пен зұлымдықтың арасындағы күрес Заратуштра ілімінің негізгі қағидасына айналды. Негізінде Заратуштра адалдықты жақтаған, зұлымдықты жеңуге болатынын айтқан. Сөйтіп біртіндеп мифологиядан рационалдыққа ауыса бастаған. Қоғамдағы таптардың жіктелуіне сәйкес саяси ой-пікірлер қалыптаса бастаған.


Ежелгі Индиядағы саяси ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – брахмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2-мыңыншы жылдар¬дың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды «Веды» деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген (оларды құдай жасаған):
брахмандар;
– кшатрий-жауынгерлер;
– вайшийлер (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер);
– құлдар, варнадан тысқары тұрғандар.
Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-479 жж.) – Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан балаға ауысатын мұралық аристокра¬тияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.
. Ежелгі дүниенiн алдынгы катарлы саяси көзкарастары бугiнгi кунге дейiн құнды. Оларға бiздiн замандастарымыз саяси теория ларды жасаганда, казiргi саяси жагдайга талдау жасаганда жугiнедi.Ежелгi дунис ойшылдарынын теориялык идеялары одан кейiнгi орта ғасыр мен қайта Өрлеу дәуірінін саяси ойларының дамуына негіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет