5. Интеллектуалдық меншік құқығы. Тұлғаның өз санасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып әртүрлі сипаттағы интеллектуалдық нәтижелерге қол жеткізуі осы объектілерге қатысты жаңа азаматтық-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне келесі игіліктер жатады:
а) интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
б) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
4) селекциялық жетістіктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) өзге де интеллектуалдық қызмет нәтижелері. Мысалы: қазіргі кезде Алматыда пираттық жолмен өндірілген фильмдерді сатушылармен күрес жүргізілуде. Өйткені олар сол фильмді өндірушілердің интеллектуалдық меншік құқығына қол сұғып отыр.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді көрсетулерді дараландыру құралдары:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгілер;
3) тауарлар шығарылатын жердің атауы.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен не азаматтық кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінен туындайды.
Т-7. Қазақстан Республикасының отбасы және тұрғын-үй құқығының негіздері Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының жалпы жағдайы.
Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарыңын ерекшеліктері.
Тұрғын үй құқығы: пәні, құқықтық реттеудің әдістері, қағидаттары
Тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы және тоқтату.
Тұрғын үй заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік.