1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері



бет25/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

5. Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері. Басқарушылық нысаны бұл атқарушы органның өзінің құзыретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті. Басқарудың нысандары әр түрлі заңдық маңызы бар әкімшілік құқықтық нормалармен реттеледі. Басқарушылық нысаны құқықтық және құқықтық емес нысан болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандар әрқашан да сыртқы және айқын көрінісі бар заңдық салдар туғызады, яғни, атқарушы билік субъектілерінің кез-келген іс-әрекеттері, оларды істеу міндетті түрде құқықтық салдарлардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Оларда атқарушы билік субъектілерінің ерекшелігі болып табылатын заңдық биліктік өкілеттіктері тікелей өзінің нақты көрінісін табады. Құқықтық емес нысан тікелей заңдық салдарларға әкеліп соқтырмайды, өйткені оларды жүзеге асыру басқарудың құқықтық актілерін шығарумен байланысты емес. Мәселен, олар құқықтық нысандарға тән болатын әкімшілік құқықтық қатынастар туғызбайды.
Атқарушы органдардың басқарылатын объектілерге тікелей басқарушылық ықпал жасауының тәсілдері мен әдістері басқару әдістері болып табылады. Атқарушы билікті жүзеге асыру барысында көбінесе иландыру және мәжбүрлеу әдістері қолданылады. Иландыру әдісі тәрбиелеу, түсіндіру, жақсы үлгілерді насихаттау, адал жұмыс үшін көтермелеу, материалдық ынталандыру құралдарын пайдаланудан көрініс табады. Мәжбүрлеу дағды бойынша иландыру құралдары нәтиже бермеген жағдайда, яғни мемлекеттік басқару аясында қолданылатын ережелердің талаптары бұзылған кезде пайдаланылатын көмекші әдіс ретінде сипатталады.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. 30 қаңтар 2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 28 бабына сәйкес, жеке адамның осы кодекспен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін топтастырудың кешенді белгісі қол сұғудың бір тектес объектісін және теріс қылықтың салалық бағытын, яғни мемлекеттік басқарудың нақты аумағын қамтиды. Осы негізде әкімшілік құқық бұзушылықтарды тқмендегідей топтастыруға болады:
1) Жеке адамға және оның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
2) қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
3) меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
4) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
5) өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
6) сәулет, құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
7) карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалаудағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
8) көлікте, жол шарушылығында және байланыстағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
9) баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
10) кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
11) сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
12) салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
13) мемлекеттік билік инстиуттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
14) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
15) басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
16) жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
17) қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
18) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.
Әкімшілік жауаптылық - бұл әкімшілік құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануы. Жеке тұлға да, заңды тұлға да әкімшілік жауаптылық субъектісі болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа тарту мен әкімшілік жаза қолдану құқық бұзушыны сотталғанға әкеліп соқтырмайды және оны жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.
6. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет