Әлеуметтік қаматамасыз ету құқығының институттары. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының негізгі институттары:
- еңбек өтілі;
- зейнетақылар;
- жәрдемақылар;
- әлеуметтік жеңілдіктер;
- өтемақылар;
- әлеуметтік қызмет көрсету.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қатынастардың объектісі болып материалдық және материалдық емес игіліктер танылады, оларға:
- зейнетақы - белгілі бір заңды оқиға туындаған кезде немесе тұлға белгіленген жасқа толған кезде азаматтарға мемлекет есебінен Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретінде төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімді ақшалай төлем.
- жәрдемақылар - уақытша жоғалтылған жалақының орнын толтыру немесе арнайы қолдау көрсету мақсаттарында мемлекеттік қаржы немесе жұмыс берушінің қаржысы есебінен тағайындалатын қысқа мерзімді немесе бір жолғы ақшалай төлемдер.
- өтемақылар - азаматтардың әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты құқығын жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарында ақшалай төлемдер.
3.Зейнетақылар.Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:
- еңбек зейнетақылары;
- әлеуметтік зейнетақылар.
Еңбек зейнетақылары келесі түрлерге бөлінеді:
- жасына байланысты зейнетақылар;
- мүгедектігі бойынша зейнетақылар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
- асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақылар.
Әлеуметтік зейнетақылар - бұл еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ тұлғалардың өмір сүруінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік бюджеттен төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімдік төлемдер. Бұл зейнетақы түрін келесі тұлғалар алуға құқылы:
- мүгедектер, мүгедек балалар, туғанынан мүгедек жандар;
- ата-анасының біреуінен не екеуінен де айырылған 18 жасқа толмаған балалар;
- еңбек өтілінің болмауына байланысты еңбек зейнетақысын алу құқығын иеленбеген тұлғалар.
4. Жәрдемақылар және өтемақылар.Жәрдемақылар төленетін тұлғалар шеңберіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы;
- жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы;
- бала туған кезде берілетін жәрдемақы;
- жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы;
- балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақы;
- оралмандарға берілетін жәрдемақы;
- қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақы;
- азаматтарды жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.
Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлеріне атаулы әлеуметтік көмекті, жерлеуге берілетін жәрдемақыны, мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу үшін берілетін жәрдемақыны жатқызамыз.
Өтемақылар - бұл азаматтарға олардың жалақысы немесе өмір сүрудің өзге де көзінің бар жоқтығына қарамастан, заңдарда көзделген жағдайларда қосымша материалдық көмек көрсету үшін тағайындалатын ақшалай төлемдер. Өтемақыларды әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ретінде қарастырған жөн, оларға мыналар жатқызылады:
- еңбекке жарамсыз азаматтарды күтуді жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін өтемақылар;
- отбасылық типтегі балалар үйіндегі балаларға берілетін өтемақылар;
- бастауыш және орта арнайы оқытумен айналысатын мемлекеттік мекемелерде оқитындардың тамақтануына берілетін өтемақылар.
№ 11. Экология және жер құқығы негіздері