1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері



бет46/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

3. Жер құқығының түсінігі. Жер құқығы - жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасы құқығының дербес саласы. Жер- табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада “жер” түсінігі бүкіл жер планетасын оның барлық құрамдас бөліктерімен бірге қамтиды, тар мағынада -тек жердің үстіңгі қабатын, су қоймаларының астындағы жерлердің бетін және басқа да құрамдас элементтерді білдіреді. Жер- бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі. Алайда бұл анықтама жердің заңды түсінігін ашпайды. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексі бойынша жер - бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
4. Жерге меншік құқығының нысандары. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік құқығының субъектілері болып мыналар табылады:
1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі- Қазақстан Республикасы;
2) «Жер кодексінде» белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл жағдайда, Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар түсініледі.
«Жер кодексіне» сәйкес жеке меншікте болмайтын жер учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі мүмкін. Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салу үшін берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар - бұл меншік құқығының мазмұнын құрайды.
Жер учаскесіне меншік құқығы:
- меншік құқығын табыстау;
- меншік құқығын беру;
- меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Мұндай жағдайларда жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
Жер учаскесіне меншік құқығы, сондай-ақ:
- мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;
- ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет