17. Білім беру жүйесінің мемлекеттік реттеудің талаптарын баяндаңыз 1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді. ..
18. Білім беру ұйымындағы маркетингтің қажеттілігін дәлелдеп беріңіз Осыған байланысты білім беру қызметтері нарығын қалыптастыруда маркетингтік тәсілді енгізудің мәнділігі өте орынды. Аталған барлық жағдайлар, факторлар осы тақырыптың өзектілігін сонымен қатар бұл тақырыптың зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Білім беру саласындағы маркетингтің негізін және оның білім беру қызметтер саласында қалай ерекшеленуін түсіну үшін жалпы комплекс пен оның аспектілерін, элементтерін жалпылама талдау қажет. Білім беру саласындағы маркетинг – ол қызмет көрсетудің, бағаның, бәсекелестік білім беру нарығындағы жоғарғы оқу орнының коммуникативті саясаттың жүзеге асыруының экономикалық үдерісі.- Білім беру саласындағы маркетинг- ол ақылы білім беретін нарықты зерттейтін ғылым, оларды жылжытуды және орналастыруды қарастырады сонымен қатар білім беру бизнесінің философиясы. Білім беру саласындағы маркетинг деп, ең алдымен білім саласындағы қызметтерге халық сұраныстарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нарықтың қызметі. Білім жүйесініне кеткен инвестициялар ұзақ мерзімді болғандықтан (мысалы, жоғарғы мектеп- бес- сегіз жыл), инвесторлар тәуекел көлемін төмендетуді көздейді. Маркетинг субъектілер философиясы нарыққа түсініктеме жүйесін, нарық туралы білімін және оларды игерушілік әдістемелерін береді.
19. Жеке тұлғалар арасындағы коммуникацияның іскерлік қатынастары туралы баяндаңыз Іскерлік қарым-қатынас немесе байланыс қазіргі таңда, жаңа заманда қоғамның барлық салаларында кездесіп отыр. Қоғамның коммерциялық, іскерлік салаларында өнеркəсіптің барлық түрлері мен формаларында сондай-ақ жеке іскерлер мен кəсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар кірісе бастады. Іскерлік байланыс саласындағы құзырлық кез-келген білім, ғылым, өнер, өнеркəсіп, сауда сияқты салаларда сəттілікке жету немесе жетпеуге байланысты болып отыр.
Адамдармен дұрыс қатынас жасай алу іскерлік салада, қызметттік жəне кəсіпкерлік іс-əрекетте сəттілікке жетудің ең маңызды факторларының бірі болып отыр.