1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Тұлғаның бәсекелестік қабілетін зерделеңіз



бет18/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

29. Тұлғаның бәсекелестік қабілетін зерделеңіз
Қазіргі заман талабы – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Заманға сай жеке тұлға қалыптастыру мектеп қабырғасынан, яғни мұғалімдерден бастау алады. Дәл кестедегі жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогтардың еңбегі зор сондықтан әрбір ұстаз өз сабақтарында тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырғаны жөн. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:
1. Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;
2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;
3. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;
4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;
5. Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.
Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.
Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілеті зор, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін — өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.
Сондықтан да тұлғаны дамытудағы басты рөл атқаратын адам ол ұстаз. Ұстазға қойылатын талап – орта мектепті бітіруші түлектің бәсекелесу мүмкінділігін тудыра алуын қадағалау . Оның басты мақсаты-бала бойындағы табиғи қабілеттерін дамытудың сапасын арттыра отырып,жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру.Жаңа иноватциялық үрдісті кеңінен пайдалану,ғылымның соңғы жаңалықтарын тиімді пайдалану.
Сондықтан да оқушының әр түрлі өмірлік жағдайларда мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдылары тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау, сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын атағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:
- өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
- өзінің қызметін бағалай білуі;
- түйіткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білу;
- өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
- өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;
- түрлі өмірлік жағдайларында пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.
Ал екінші сатыдағы тұлғаның кәсіби бағдарлануын қалыптастыру үшін 8-9 сыныптардағы бағдар алды дайындық құрамдас үш бөлікте ұйымдастырылады:
Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру. Оқушылардың мамандықтар аясы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе.
Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру. Ол оқушыларды бағдарлы сыныптың бағытын таңдауға негіз болатындай мақсатты көздеуге қызмет ету керек.
Психологиялық көмек беру. Оқушылардың өз мүмкіндіктерін тануына бағыт бағдар беру. Бүгінгі күні ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны дұрыс таңдау жасау, ұтымды шешім қабылдау, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделу қабілетіне байланысты өмір сүру талабы күтіп тұр.
Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі оқушыны шынайы өмірге дайындау. Оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдеріне үйрету міндеті тұр. Қазыргі мектепті философтар адамзатты өзіне өзі қойған қақпаны деп айтып жүр. Мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Оқушының өз бетімен ойлануына, өзінің пікірін білдіруге кері ықпалын тигізуде.
Қорытындылай келе, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, ғылым саласында олимпиада, байқауларға дайындай отырып, көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілетті зор оқушы шығару — әрбір ұстаздың міндеті.
Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.
ХХІ ғасырда айналадағы әлеммен дұрыс қарым-қатынас жасаған әзір азматтарды тәрбиелеу үшін өткен тәжірбиені жаңашыл үрдістерді тиімді кіріктіре қолдануға тиіспіз Бұл жағдай жаңалыққа жақын болуды жүрекпен ойлауды, көзқарастар мен дүниетанымды өзгертуді, өзіңді танып, өзіңнің ішкі мүмкіндіктеріңді іске қосудың тетіктерін білуді алдыңғы қатарға шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет