Функционалды сауаттылық-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануынаүйрету.
Физика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және басқа да белсенді педагогикалық технологиялардың әдістерін кіріктіре отырып,оқушылардың бір-бірімен пікірлесе білуге,ойларын нақты ашық жеткізе білуге, тұжырымдарын жасауға үйрету.
Мақсаты
Мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін,шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Сабақтың мазмұны мен құрылымы «бұл нені қамтиды»деген сұраққа емес, «оқушы бұл сабақта нені үйренеді» деген сұраққа жауап беруі керек
Оқу мақсаттары танымдылық заңдылықтарына негізделген Блум таксономиясы бойынша және негізгі пәндік түрлерге жіктеуге бағытталған.
Оқу мақсаттары танымдылық заңдылықтарына негізделген Блум таксономиясы бойынша және негізгі пәндік түрлерге жіктеуге бағытталған.
Оқу бағдарламасында білім беруді дамыту оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға нақты талқылауларды немесе сұрақтарды жоспарлауға, салмақты жауаптарды синтездеуге бағытталған.
Судың қатаюы «Кейс-Стади» Әдісі
Креативті әдістер
Зәуре суға толы шөлмекті мұздатқышқа қалдырғанын ұмытты. Шөлмекті алып кету үшін қайтып келгенде,ол шөлмектің шытынағанын байқады.
Қазіргі уақытта автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының көп болуына байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтау өте маңызды. Осы ережелердің сақталуын қадағалау мақсатында жолдың қауіпті учаскелеріне бақылау камералары орнатыла бастады. Жолдағы көліктердің жылдамдығын, қозғалыс кезінде көліктер арасындағы интервалдың сақталуын, жүргізушілердің жол белгілеріне мән беруін, көлік жүргізу кезінде жолдың дұрыс бөлігін пайдалануын, тұрақ ережелерін сақтауын қадағалау мүмкін болды. Бейнекамера көмегімен қаладағы, көптеген тас жолдардағы көлік қозғалысы бақыланады.
Сұрақтар: 1. Автокөлік жолдың түзу бөлігімен қозғалып, жылдамдық- ты бірте-бірте азайтады. Автокөліктің үдеуі қалай бағытталған?
2.Мотоциклші 1,5 т массамен, қиылысқа жақындап, тайғақ жолда бағдаршамның алдында тежей бастайды. Үйкеліс коэффициенті 0,1 (g=10 м/с2) болса, оның тежелу күші қандай болады?
3.Мотоциклшінің орташа жылдамдығын табыңыз. Егер ол жолдың бірінші жартысын 6 м/с жылдамдықпен, ал екінші жартысында 2 есе жылдам қозғалса.
4, Велосипедшінің жылдамдығы 18 км/сағ, ал оған қарай келе жатқан жаяу жүргіншінің жылдамдығы 5 км/сағ болса, онда жаяу жүргіншінің жылдамдығы велосипедшіге қарағанда қандай?
«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес,керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды мектеп ұстаздарының басты мақсаты.