9. А.Байтұрсынов мақалаларының құндылығын түсіндіріңіз. 30
Оның мақалалары Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтанy, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагoгикағa aрналғaн “Тағы да народный сот хақындa” (1911), “Қазaқ һәм ІҮ Дума” (1912), “Земствo” (1913), “Жер жалдaу жайынан” (1913), сияқты көптеген мақалалар публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарaсы эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қaрымын көpсетіп, pухани даму кезeңдерімізден мол хабар бepеді.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов мұрасының қомақты біл бөлігі - публицистика. Ол алуан тақырыпқа мақалалар жазып, елдің санасын оятты. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы барлық алаш қайраткерлері сияқты Ахаң да бірнеше тақырыптарға қалам тартып, ағартушылық идеяларды халық арасында орнықтыруға тырысты. Оның кез-келген мақалалары сол саламен көп жыл айналысқан маманның жазғаны секілді әсер қалдырады. Не жазса да, мәселені тереңнен қозғайды, жұртшылыққа мол мәлімет береді. Көтеріп отырған мәселесін өте жетік біледі және оны оқырманға өте ұғынықты тілмен баяндайды. Әсіресе, «Қазақ» газетінде жарияланған мақалалары арқылы ұлтқа жетекші болып, бағыт-бағдар берушінің ролін атқарды. Академик Серік Қирабаев айтқандай, «Ахмет пен Міржақып шығарған «Қазақ» газеті олардың көркем туындыларында көтерген идеяны ашық публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды»
А.Байтұрсынов көсемсөздерінің ішінде көзге айрықша түсетін екі мақаласын айтуға тиіспіз. Бұл екі мақала да әскери тақырыпқа арналған. Екеуі де 1914 жылы жазылған. «Қазақ» газетінде жарияланған. Біріншісі «Соғысушы патшалықтар», екіншісі «Бұ заманның соғысы» деп аталады. Осы мақалаларды оқып отырып, ғалымның бұл тақырыпты әскери ғылыммен өмір бойы айналысқан адам секілді жіліктеп тұрып талдайтынын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |