Наным-сенім Орындаған: Табиғұл Дариға



Дата20.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#75518

Наным-сенім

Орындаған: Табиғұл Дариға

Наным-сенім

  • Наным-сенім дегеніміз де – халықтың белгілі бір күшке илануы, табынуы, соған бағынуы. Яғни оны бүгінгі күнгі «дін» сөзімен байланыстурға болады. Діннің астарында да наным мен сенімнің жатқаны белгілі.
  • «Наным-сенім» ұғымын діннің синонимі деп айта алмаймыз. Өйткені дін – «Наным-сенім» ұғымын діннің синонимі деп айта алмаймыз. Өйткені дін – наным-сенімге қарағанда, үлкен ұғым. Ал көне дәуірде, әсіресе түркілерде тәңірлік дін етек жайды. Соның нәтижесінен көптеген наным-сенімдер тарады., үлкен ұғым.

Сәкен Сейфуллин діни ғұрыпқа байланысты жырларды «Ескілікті дін салтынан туған өлең-жырлар, тақпақтар» деп атап, оның құрамын былайша жіктейді: бақсының жыры, шақыру, арбау, байлау жырлары, бәдік өлеңдері, наурыз, жарапазан жырлары. Осындай пікірлерді жинастыра отырып, діни-ғұрыптық фольклор үлгілерін мынадай басты топтарға бөлеміз:

  • Сәкен Сейфуллин діни ғұрыпқа байланысты жырларды «Ескілікті дін салтынан туған өлең-жырлар, тақпақтар» деп атап, оның құрамын былайша жіктейді: бақсының жыры, шақыру, арбау, байлау жырлары, бәдік өлеңдері, наурыз, жарапазан жырлары. Осындай пікірлерді жинастыра отырып, діни-ғұрыптық фольклор үлгілерін мынадай басты топтарға бөлеміз:

Бәдік өлеңдері.
Арбау, шақыру өлеңдері.
Бақсы сарындары.

Бәдік өлеңдері

  •  «Бәдік» - шамандық таным жүйесіндегі ерекше түр. Яғни бәдікті малға, адамға тиетін аурудың «иесі», «құдайы» деп түсінген. Бәдік алдымен малды және адамды емдеу түрінде айтылған. Яғни магиялық күшпен (сиқырлы сөзбен) өлең айтып, ауруды арбап, қуып шығатын болған. Сондай-ақ әр аурудың өз иесі бар есептеген. Бәдік көбіне кешке қарай орындалады. Оның да бір себебі бар. Яғни ымырт үйіріле ауру кешкісін қозып, дамыған кезде, оны «сөзбен» ұстап аламыз деп сенген. 

Ауру адамды немесе ауру малды емдеу үшін ертеде анаулы кеш өткізген.Мұны қазақтар 《бәдік кеш》деп атаған.Бұл кешке жұрт,әсіресе жастар жиналып,ауруды ортаға алып емдемек болған.Адамға не малға ауру індет жіберетін құдай бар деп түсінбеген 《бәдік кешінде》 сол құдайға тіл қату,ықпал ету,өлең арқылы өтініш жасау,жалынып-жалбарынау ырымын істеген. Сол үшін 《бәдік кешіне》 жиналған жігіттер мен қыз-келіншектер екі жақ болып айтысқа түскен.Олар өздерінің өлеңдерімен ауру иелеріне әсер етуді көздеген тіпті сөзбен қорқытуға дейін барған

Арбау-шақыру өлеңдері

  • Емшілікке қатысты туған ғұрыптық фольклордың бір турі - арбау өлеңдері. Арбау тарихи тұрғыдан алғанда магияға жатады. Магия дегеніміз - материалды дүниеге табиғаттан тысқары жолмен әсер ету үшін қолданылатын ғұрыптар. Ертедегі ой өрісі төмен адамдар жанды-жансыз жаратылыстарының «иелеріне» сөз арқылы әсер, ықпал етуге болады деп сенген. Қаскөй күш, жамандық иелерімен күресудің жолы «сиқырлы» сөздің қуатты күші деп ұққан.

Бақсы сарыны

Фольклорлық мұраларды тудырушы және сақтап-таратушылардың байырғы типтерінің бірі - бақсы. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов «Шаман сиқырлық қасиеттерімен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, күйші де, сәуегей де, емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Қазақтар шаманды бақсы дейді», - деп жазады. Бұган қарағанда бақсы жай адам емес, әрі өнерлі, әрі емші, яғни адам баласына қас, зиянкес күштерге қарсы күресуші. Онын міндетінің бірі - ауру адамдарды емдеу.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет