1 Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз


Мәтін және оның бірліктерін сипаттаңыз



бет13/15
Дата15.02.2022
өлшемі65,53 Kb.
#25569
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1-10

8. Мәтін және оның бірліктерін сипаттаңыз.

Мәтіннің тұтастығы – тақырыптың, концептуальділік, модальділіктің бірлігі. Тақырыптың ауысып отыруы – бұл күрделі синтаксистік бірліктің шекарасының бітіп, екіншісінің басталуының көрсеткіші. Тақырыптың бірлігі тірек сөздердің синонимдері мен қайталамалардың үнемі, жүйелі түрде қайта қолданылуынан көрінеді.

Тірек сөздер мәтіннің семантикалық өзегін құрайды. Олар мәтіннің тақырыбымен, мәтіннің композитімен (фрагмент), жеке күрделі синтаксистік бірліктермен байланысады.

Егер бұл күрделі синтаксистік бірлік болса, онда мәтіннің басталуында (зачин) тірек сөз мағыналық орталық ретінде кездеседі. Тірек сөздер мәтіннің маңызды семантикалық элементі ретінде сөз зергерінің образдар жүйесінің негізін құрайды. Мысалы, М.Мақатаев өлеңдеріндегі ұлттық салт-дәстүрге, наным-сенімге қатысты сөздер тобы: қоңыр, сыбаға, енші, бұйымтай.

Қайталамалар мәтінде құрылымдық-семантикалық ережелерге және стилистикалық-композициялық ерекшеліктерге бағынады. Көркем мәтін мен басқа мәтіндерде олардың қызметі әрт түрлі.

Абзац – мәтіннің композициялық-стилистикалық бірлігі.

Абзац бір немесе бірнеше күрделі синтаксистік бірліктен тұруы мүмкін.

Абзацтың қызметі: логикалық-мағыналық, экспрессивті-эмоционалдық, акценттік-ерекшеленушілік.

Абзацты пайдаланудың арнайы ерекшелігі: оқырманға әсер етудің жолдарын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет