1 Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз


Мәтінді оқып үйренудегі функционалдық талдауды сипаттаңыз



бет11/15
Дата15.02.2022
өлшемі65,53 Kb.
#25569
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1-10

6. Мәтінді оқып үйренудегі функционалдық талдауды сипаттаңыз.

Кез келген мәтінді түсіну, яғни оны іс-әрекеттегі мәтін ретінде қабылдау, бірінші кезекте оның функционалдық қырын қарастыруды талап етеді. Мәтінде қатысымдық үдеріс жүзеге асады. Оқырманның мәтінді қабылдауына баса назар аударылады.

Мәтінді функционалдық талдауды автордың мәтіннің мағыналық құрылымын беру үшін таңдаған құралдарының оның түрі мен жанрына тәуелді екенін ескеруге тура келеді. Мәтіннің түрі мен жанрын таңдау қатысымның шарттарынан (қатысымға қатысушылар, қатысымның пәні, қатысымның құралдары және т.б.) тікелей туындайды. Сонымен функционалдық талдауда мәтіннің ішкі және сыртқы белгілері ескеріледі.

Функционалдық талдау мәтіннің жекелеген құрамдас бөліктерінің тұтас мәтінді түзудегі рөлін анықтайды. Мәтін мазмұнының сапасын ашуға да функционалдық талдау көмектеседі. Тілдік бірліктердің мәтінде басқа тілдік бірліктермен қатыснасқа түсіп, сөз мәні контексте мүлдем күтпеген мәнге ие болуы мүмкін. (контекстік синонимдер). Мысалы: М.Мақатаевтың мына өлеңінің үзіндісінде:

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,

Бұл күнде сымдай тартылған.

Сәл ғана самал соқса да,

Ызыңдап қалар антұрған.

Ызыңдап нәзік үн шығар,

Үн шығардағы тұншығар.

Шегіне жеткен сым ішектер,

Үзілейін деп тұр шығар.

Өлең мәтінінде контекстік (мәнмәтіндік) синонимдер мыналар: «жүрек, жүйке», «бар тұлға», «антұрған», «сым ішектер».

Автор қолданысындағы «антұрған» сөзінің мағынасы ауыр, ұнамсыз мәнінде емес, керісінше жақсы көру, еркелетумәні басым. Ол ұнамды мәнді туғызып тұрған өлеңнің келесі тармағы – «Ызыңдап нәзік үн шығар».

Ақынның баяндап отырған жай-күйіне өзінің көзқарасы да осы мәнмәтіндік (контекстік) синоним сөздер арқылы берілген. Демек, функционалдық талдауда автордың хабарлап отырған нәрсесіне қатынасы, автордың ниеті (интенция) де ескеріледі.

Функционалдық талдау не береді?

  • Функционалдық талдау мәтіндегі тілдік бірліктерден тыс тұрған ұжымдық категорияларды талдауға көшеді. Мысалы, «кеңістік» және «уақыт». Функционалдық талдау мәтінде бұл категориялардың мәнін анықтайды.

  • Тілдік бірліктердің мәнімен мәтіндегі мағынасының арақатынасын функционалдық талдау ашады. Сөз «мағынасы» мен «мәні» ұғымдары.

  • Функционалдық талдау мәтінді бастапқы қалпына келтіріп, оның авторлығын анықтауы мүмкін.

  • Функционалдық талдау әр түрлі дәуірдегі мәтіндерді әр түрлі тілдегі мәтіндерді байланыстыруы мүмкін.

  • Функционалдық талдау мәтін ішіндегі мәтіннің қызметінің мәнін ашады.

Прагматикалық талдау функционалдықтан туындап, оны логикалық жағынан жалғастырып, оны дамытады. Автор (субъект), адресат (оқырман), ең бастысы, қатысым актінде олардың өзара бір-бірінен әрекетіне қатысты сұрақтар қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет