Тілдік бірліктер — тілдік жүйеде әртүрлі мағынаға және қызметке ие болатын бірліктер. Тілдік бірліктер тілдік жүйенің белгілі деңгейін қалыптастырады: фонема-фонемалық, морфема-морфемалық, сөз-лексикалық деңгейдің бірліктері болады. Тілдік бірліктер терминін кең мағынасында тілдің зерттеу объектісіне қатысты әртүрлі мәселелерді қамтитын белгілеуші ретінде де түсінуге болады. Тілдік бірліктер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Тілдік бірліктер мүлде бөлінбейді (фонема, морфема), күрделі Тілдік бірліктер. тек ездері енетін тілдік деңгейде ғана белінбейді (күрделі және туынды сөз, сөйлем т. б.). Күрделі Тілдік бірліктер басқа тілдік деңгейлерде құрамындағы сыңарларға белініп кетеді (Мысалы, сөз — морфемаларға, сөйлем — сөзге).
Мысалы, М.Мақатаев өлеңдеріндегі ұлттық салт-дәстүрге, наным-сенімге қатысты сөздер тобы: қоңыр, сыбаға, енші, бұйымтай.
Қайталамалардың мәтінді байланыстырушылық қызметі туралы жазылған О.Бүркіттің монографиясын оқу туралы студенттерге тапсырма беру, конспектілеу.
Қайталамалар мәтінде құрылымдық-семантикалық ережелерге және стилистикалық-композициялық ерекшеліктерге бағынады. Көркем мәтін мен басқа мәтіндерде олардың қызметі әрт түрлі.