1 Мәтінді оқып үйренудің көпқырлылығын түсіндіріңіз


Автор (мәтін тудырушы) және мәтін – оқырманның арақатынасы туралы баяндаңыз



бет2/15
Дата15.02.2022
өлшемі65,53 Kb.
#25569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-10

Автор (мәтін тудырушы) және мәтін – оқырманның арақатынасы туралы баяндаңыз.

Автордың оқырмансыз ұзаққа бара алмауының себебі: оқырманы болмаған автордың еңбегі бағаланбай, оқылмай қалатындығы. Автор оқырманмен тікелей қарым-қатынасты қажет етеді.

Оқырман – әдеби шығарманы қабылдап, саралайтын орта және үштік концепциясының бір бөлігі. Автор шығарманы тудырып қана қояды, ал оқырман оның ғұмырын анықтайды. Яғни шығарманың ғұмырының ұзақ болуы немесе қысқа болуы оқырманға байланысты.

Автор мен оқырманның мәтінге деген көзқарасы бірдей болмайды. Әр адамды жеке индивид ретінде қарастыратын болсақ, әр индивидтің өмірге, құбылысқа және жағдаяттарға көзқарасы, танымы мен пайымы әртүрлі болады. Қабылдау кезінде оқырманның өмірлік тәжірбиесі мен тарихи жады маңызды рөл атқарады. Мәтінді тану, түсіну үшін қабылдаушы алдымен мәтін авторы өмір сүрген дәуір, мәтіннің тууы кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай, дәстүрді біліп барып қана, автордың, мәтіннің философиясына үңіле алады. Сол дәуірдің толық бейнесін біліп, тарихи процестер, оқиғалар тіріліп, сөйлегенде ғана авторды, мәтінді, бейнелерді түсіну шындыққа айналады. «Тарихи тұлғаны тек «іштей ене» түсіну ғана мүмкін, яғни соның «терісін жамылып», соның орнына өзінді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта аласын.

Шынайы ұғыну қаншалықты біреудің «ішкі тұңғиығына» бата білсең, соншалықты одан биікке көтеріле алуды талап етеді. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек. Біздің танымдық контекстіміз қаншалықты кең болса, яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны «зерттеу объектісін» терең түсінеміз.

Түсіну, ұғыну процесі қабылдаушыға, оның қасиеттеріне байланысты болғандықтан, қабылдаушы автордың рухани дүниесіне еніп, шығармашылық актіні жаңғырта отырып, мәтінді қайта өңдейді. Түсіну мен ұғыну процесі - мейлінше диалогты, автор мен қабылдаушы диалогы. Автор идеясын мәтіннің құрылымы арқылы жасап, жасырса, диалогтың екінші жартысы қабылдаушы мәтінді қайта өңдейді және жасырынған мағынаны шешеді. Мәтіннің диалогтігі, жалпы ойлау мен сөйлеудің диалогтігінен, сөйлеуші мен тыңдаушы грамматикаларының диалогтігінен бастау алған. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұхбаттық контексті арқылы ғана түсіндіріледі.

Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге бағышталған әрі сол бағышталғандығымен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дүниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет