Мәтін филологиялық зерттеудің нысаны екенін дәлелдеңіз.
Мәтіннің жаңа филологиялық сынының негізін Карл Лахман (1793—1851) қалады.
Орыс филологиясында текстология теориялық, әдістемелік негізі қалыптасқан іргелі ғылым салаларының бірі.Тіпті, жазба ескерткіштері мен тарихи құжаттарына тек қана әдеби тұрғыдан ғана емес, тілдік тұрғыдан да талдаулар жүргізілген.
Д.С. Лихачев «Текстология» атты еңбегінде мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды
Қазақ филологиясында алғашқы текстологиялық жұмыстар Абай шығармаларынан бастап жасалды деуге болады.1965 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Р. Сыздықованың мақаласында: «Ұлы ақын Абай шығармаларының ең соңғы 1957 жылғы басылуы шын мәнінде едәуір толық ғылыми текстологиялық жұмыстың жүргізілгенін және ол жұмыстың дұрыс бағыт алғанын көрсететін үлгі деп айта аламыз», – деді
З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Ғ. Мұсабаев, Т. Абдрахманов, Қ. Өмірәлиев, Ш. Сарыбаев, Ә. Құрышжанов, Р. Сыздықова, Б. Сағындықұлы, Е. Жұбанов, М. Малбақов т.б. ғалымдар классик ақын-жазушылардың, ежелгі дәуірлерден келіп жеткен жазба мұралардың мәтінін ғылыми басылымға әзірлеуде аса құнды еңбектерімен танылды.