Байланысты: 1. М алім станымы. Тиімді ж не сапалы о ыту. Табысты о ыту мен
Бағалаудың шығу тарихы. Оқу нәтижелерін бағалауда заманауи құралдарды қолданудағы Қазақстаннның жетістіктері. Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі
Бағалау тарихына тоқталатын болсам, 1917 жылға дейін балдық жүйеде бағаланатын, 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылған. Қажет болған жағдайда ауызша, әңгімелесу, сұхбат түрінде жүргізілген. 1932 жылдан бастап жүйелі бағалар принципі іске асырылған, сонымен қатар 1944 жылы оқушы білімін бағалау сөздік бағадан сандық баға жүйесіне ауысқанын айтар едім.
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
• оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
• ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
• деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:
• кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;
• оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
• «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;
• сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары
Жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір- біріне жуық, мəндес болып келетіні бізге мəлім. Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі — білім сапасы. Осы жобаның пəн мұғалімдері ретінде білім сапасын көтеруге қызығушылықтарын арттыруға тигізген əсері туралы нақты мысалдар келтіріп тоқталғымыз келеді. Ағылшын тілі пəні мұғалімдері есебінде анық байқағанымыз — «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларымен өткен сабақтарда оқушының пəнге деген қызығушылығының артуы. Қызықты болған жерде белсенділік те артады. 2010–2011 оқу жылынан осы жұмыс нəтижесін байқау барысында бұл бағдарламамен 8–10-сыныптарда жүргізіп келеміз. Бұл сыныптарда стратегияларды (ассоциация, кластер құру, инсерт əдісі, Венн диаграммасы, пікірталас, ЖИГСО, эссе жазу т.б.) күнделікті сабақта қолданамыз. Бұл сыныптар ағылшын тілі сабағында екі топқа бөлініп оқылады. Стратегия қолданған топты стратегия қолданбаған топпен салыстырғанда оқушыларда төмендегі кесте бойынша мынандай өзгешелік анық байқалады.