VI. Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу. Анықтама. Тригонометриялық теңдеуі бар жүйені тригонометриялық теңдеулер жүйесі деп атайды. Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу алгебралық тендеулер жүйесін шешу әдістеріне негізделген, демек, ол алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін тригонометриялық формулаларды түрлендірулер кезінде колдана білу мен тригонометриялық теңдеулерді шешу дағдысын меңгеруді қажет етеді.
Есептер шығару: Теңдеулерді шешу керек 2sin2x+sinx-1=0