1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс. Көп деңгейлі тәсіл. Хаттама. Интерфейс. OSI моделі



бет16/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

9-дәріс. Көп деңгейлі тәсіл. Хаттама. Интерфейс. OSI моделі.

Тораптық өзара әрекеттесу жабдығы көпдеңгейлі тәсілдер негізінде көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдайда модульдердің барлық жиыны иерархия түзе отырып, деңгейлерге жіктеледі, яғни жоғары және төменгі деңгейлерді қамтиды. Көпдеңгейлі тәсілдің артықшылығы жекелеген модульдерді жүйенің басқа бөліктерін өзгертпестен модификациялау мүмкіндігінің болуы. Төменгі деңгейлі модульдердің мүмкіндіктері, мысалы, екі көршілес түйіндер арасында электр сигналдарын сенімді беруді қамтамасыз ету. Деңгейлері жоғарық модульдер төменгі деңгейлінің жабдықтарын қолдана отырып, барлық торап көлемінде хабарды тасымалдауды ұйымдастырады. Жоғарғы деңгейде қолданушылардың түрлі қызметтерге қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін модульдер жұмыс жасайды.


Екі қатысушы арасындағы хабар алмасу процесінде иерархияның сәйкес деңгейлерінің келістірілген жұмысы ұйымдастырып, түрлі келісімдер қабылдау жүзеге асырылады. Мысалы, екі қатысушы да электр сигналдарының деңгейі мен формасын келісіп алу керек, дұрыстығын бақылау тәсілін орнату керек және т.б.
Келісім барлық деңгейлер үшін қабылдану керек: ең төменгі деңгейден – бірлік элементтерді беру деңгейінен, торап қолданушылары үшін қызмет көрсететін ең жоғарғы деңгейге дейін.
9.1 - суретте екі түйіннің өзара әрекеттесу моделі көрсетілген. Екі жақтың өзара әрекеттесу жабдығы төрт деңгеймен берілген. Бұл екі түйіннің өзара әрекеттесу процедурасын - екі жақ қатысушыларының сәйкес деңгейлерінің өзара әрекеттесу ережелері жиыны ретінде сипаттауға болады. Түрлі түйіндер (жүйелер) аттас деңгейлерінің тораптық компоненттері алмасатын хабардың форматы мен тізбегін анықтау үшін қалыптасатын ережелер – хаттамалар деп аталады
Бір түйіннің көршілес деңгейлерінің модульдері нақты анықталған ережеге сәйкес бір бірімен өзара әрекеттеседі, бұл ереже интерфейс деп аталады. Телекоммуникациялық жүйелер мен тораптар тәжрибесінде бірнеше басқа анықтама кездеседі, ол қарастырылғандарға қарама-қарсы емес: стандартты интерфейс деген - жүйеде немесе торапта түрлі функционалдық элементтердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыру үшін қажетті, бір жүйеге келтірілген аппараттық, программалық және конструкторлық жабдықтар жиыны. Қарастырылғандардан басқа, интерфейске қарағанда тар мағына ие түйіскен жер түсінігі қолданылады, ол байланыс тізбегінің типін және белгіленуін, алмасу тәртібін, сонымен қатар осы тізбек бойынша берілетін сигналдардың типі мен формасын анықтайтын түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесу ережесінен және байланыстырушы тізбектерден тұратын жиынтық.



9.1 - сурет. Екі түйіннің өзара әрекеттесу иерархиясы


Тораптағы түйіндердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамалардың иерархиялық ұйымдастырылған жиыны коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады. Коммуникациялық хаттамаларды аппараттық және программалық жүзеге асыруға болады. Төменгі деңгей хаттамалары программалық және аппараттық жабдықтар комбинациясымен жүзеге асырылады, ал жоғарғы деңгей хаттамалары таза программалық жабдықтармен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет