1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар



бет19/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

Маршрутизаторлар. Маршрутизатор желінің жеке бөліктерінің трафиктерін бір-бірінен айтарлықтай тиімді оқшаулайды. Бұған қоса, олар тұйықталған контурлары бар желіде жұмыс істей алады, мүлдем әр түрлі технологияларда жасалған желілерді бір желіге байланыстыра алады (Ethernet және ATM). Маршрутизатор OSI желілік деңгейінде жұмыс жасайды. Ол программалы түрде, универсалды компьютер базасы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, алайда жиі мамандандырылған аппараттық платформалар базасы негізінде жүзеге асады. Программалық қамтама құрамына желілік деңгейдегі протоколдық модульдер жатады.
Әр түрлі технологиялы желілерді байланыстыру үшін, оларды маршрутизаторлар көмегімен жалғастыру қажет және құрама желі арқылы байланысты қалайтын қолданушылардың барлық ақырғы түйіндеріне желілік деңгейдегі протоколдық модульдерді орнату қажет.
Желілік деңгейдегі протоколдар пакетті құрама желінің кез келген түйініне жеткізе алуы үшін, бұл түйіндер берілген желі шегінде уникалды адресті қамтуы тиіс. Мұндай адрестер желілік немесе глобальды деп аталады. Маршрутизатор байланыс желісінің топологиясы жөнінде ақпатар жинайды және соның негізінде коммутация кестесін құрады, берілген жағдайда ол маршрутизация кестесі деп аталады.
Желінің таралған (рапределенный) күйінде қандай да бір жекеленген маршрутизаторлар болмайды, әрбір маршрутизатор өзінің кестесін желінің басқа маршрутизаторларынан маршрутизация протоколы бойынша алынған мәліметтерге негіздеп құрады.
Желінің орталықтанған күйінде бір маршрутизатор болады, ол басқа маршрутизаторлардан желінің қалпы мен топологиясы жөнінде барлық ақпаратты жинайды. Содан кейін осы бөлінген маршрутизатор қалған барлық маршрутизаторлар үшін маршрутизация кестесін құрай алады, ал содан кейін әрқайсысы өз кестесін алып және сол бойынша жұмыс істей алуы үшін оларды желі бойынша жая алады (ІР желілерінде – адаптивті үлестірілген (таралған) протоколдар).
Маршрутизатор бір технологиядан келген кадрдан пакетті алады және өңдеуден кейін оның ары қарай тасымалдануы үшін, алдын ала каналдық деңгейдегі басқа технологияның кадрына жинақтап түйіп, келесі желіге береді.
Маршрутизатор максималды дәрежеде ыңғайлы түрге келтірілген және жеңілдетілген (монтаждау және орнату барысында) разъемдар түсіне сәйкес түрлі-түсті кәбілдер (қадамдық алгоритмді және қосу нұқсауын қамтитын) қолданылады.
Маршрутизаторлардың негізгі қызметтері:
- кең таралымды штормдардан қорғау;
- 10-нан 50-ге дейін қолданушылары бар торап үшін құрылғылар стегін құру;
- сервер алмасу жылдамдығының жоғарылығы;
- барлық порттардың толық жүктелуінен қорғау;
- трафиктерді қысқа жол бойынша және құны аз қозғалысының оптимальды бағытын таңдау.

Әдебиеттер: 3 нег [220-245], 3 қос. [104-121].


Бақылау сұрақтары:



  1. Желінің қандай техникалық құралдарын білесіздер?

  2. Желінің логикалық құрылымдылығы неге негізделген?

  3. Маршрутизатордың жұмыс істеу принципі?

  4. Коммутатор мен көпірдің айырмашылығы неде?

  5. Концентратор не үшін керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет