1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс. Телекоммуникация жүйелерінің техникалық жабдықтары



бет18/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

10-дәріс. Телекоммуникация жүйелерінің техникалық жабдықтары.

Оған мыналар жатады: канал жабдықтары (модем, тораптық адаптерлер, концентраторлар, коммутаторлар, маршрутизаторлар, көпірлер, қайталағыштар), желілік құрылғылар (кабельдер, сымсыз технология, ВОСП), шеткі құрылғылар жабдықтары.


Сервер – бұл хабарларды сақтау және өңдеу құрылғысы.
Модем (modem MODulation/DEModulation, модуляция/демодуляция) – бұл сигналды түрлендіру үшін қолданылатын құрылғы.
Шлюз (gateway) – бұл берілген мәліметтерді бір форматтан басқа форматқа түрлендіруді орындайтын құрылғы. Шлюз программалық (мысалы, электрондық пошта шлюзы) немесе ақпараттық болуы мүмкін.
Телекоммуникациялық желіге қосылған кез-келген компьютер – хост (host) деп аталады.
Кабельдік жүйе – бұл торап негізі, сондай-ақ коммутациялық элементтер жиыны, бұл жиынға: кабель, разъемдер, коннекторлар, кросстық панельдер, кросстық шкафтар (стандарт бойынша байланысқан) жатады.
Концентраторлар және тораптық адаптерлер бір-бірімен көпірлердің, коммутаторлардың және маршрутизаторлардың көмегімен біріктірілетін шағын базалық фрагмент немесе бірнеше фрагменттер құруға мүмкіндік береді.
Тораптық адаптер – бұл драйвермен бірге тораптың ақырғы түйінінде – компьютерде екінші каналдық деңгейді жүзеге асыратын құрылғы. Тораптық адаптерлер екі операцияны орындайды: кадрларды беру және қабылдау (биттер жиынтығы). Адаптер мен оның драйвері арасындағы міндеттер стандартпен анықталмайды, сондықтан әр қолданушы бұл мәселені өзі шешеді.
Тораптық адаптер орнатар алдында мынадай конфигурацияны орындайды: Үзу нөмірін, жадыға тікелей қатынас құру каналының нөмірін, енгізу/шығару порттарының базалық адресін береді.
Кей жағдайларда конфигурация автоматты түрде жүзеге асырылады. Конфигурациялау процедурасы драйверге арналған конфигурация параметрлерін қайталайды, сондай-ақ адаптер беімделіп әзірленген шинаның мүмкіндіктеріне байланысты.
Концентратор – ЦҚ, барлық порттарда немесе тек стандарт алгоритмі анықталған порттарда кадрдың қайталануын орындайды.
Концентратор бірнеше портты қамтиды, оларда кәбілдің жекелеген физикалық сегменттерінің көмегімен тораптың ақырғы түйіні (компьютерлер) қосылады.
Концентратор тораптың бірнеше физикалық сегменттерін біртұтас үлестірілетін ортаға біріктіреді, бұл ортаға қатынас жергілікті тораптың хаттамаларымен (Ethernet, TR-Token Ring) жүзеге асырылады.
Концентраторлардың негізгі функцияларымен қатар, стандартта анықталмаған қосымша кейбір функциялары да бар: дұрыс емес жұмыс істейтін порттарды ажырату қызметі, қосымша (резервті) сақинаға көшу қызметі.
Көпірлер және коммутаторлар.
Көпірлер мен коммутаторларды қолдану үшін торапты логикалық құрылымдарға жіктеу керек – бұл жалпы үлестірілетін ортаны логикалық сегменттерге бөлу, олар түйіндердің аз санын қамтитын дербес үлестірілетін орта болып (10-30 түйін) табылады.



10.1 – сурет. Желінің логикалық құрылымы

Сегменттерге бөлінген тораптың өнімділігі және сенімділігі жоғары болады.


Сегменттер арасындағы өзара әрекет көпірмен немесе коммутатормен ұйымдастырылады. Әрбір орта концентратормен құрылады, сонан соң бірнеше бөлікке бөлінеді, олардың әрқайсысы көпір, коммутатор немесе маршрутизатор портына қосылады. Жаңа сегментті жүктеу бастапқы торапты жүктеуден азырақ жүктемеге ие, торапқа қатынас құруда күту уақыты төмендейді.
С37, С73, С28 – Сегментаралық трафиктер ij параметрлерімен сипатталады.
Сегменттеуге дейін Cij– түйіннен түйінге жүретін трафиктің орташа интенсивтілігі (1с уақыт бірлігіндегі кадрлар саны).


10.2-сурет. Сегменттер трафигі
Қосынды трафик

Сегменттегеннен кейін бірінші сегменттің жүктемесі мынаны құрайды: CS1+CS1-S2, мұндағы
CS1 – ішкі трафик,
CS1-S2 – сегментаралық трафик.
Қосынды трафик:
Бұдан,
Яғни, жүктеме бүтіндей бір сегментке азаяды, сегменттердегі кідірістер азаяды, бірінші сегменттің және әрбір түйіннің пайдалы өткізгіштік мүмкіндігі жоғарылайды.
Тораптар екі деңгейде жобалануы керек.
Физикалық және логикалық (ресурстар мен қосымшалардың орындарын және осы ресурстарды логикалық сегменттерге топтау тәсілдерін анықтайды).
Көпір және коммутатор – бұл логикалық құрылымдау құрылғысы, хаттамалар (кадрлар) стегінің каналдық деңгейдегі жұмысын қамтамасыз етеді.
Маршрутизатор – хаттамалар (пакеттер) стегінің тораптық деңгейіндегі логикалық құрылымдау құрылғысы. Қазіргі кездегі тораптарда аралас деңгейлер қолданылады: шағын сегменттер ішкі тораптарға біріктіріледі, ішкі тораптар маршрутизаторлармен байланыстырылады.
Көпір және коммутатор – бұл функционалдық егіздер. Бұл құрылғылар кадрларды бір алгоритмнің негізінде жалжытады.
Негізгі айырмашылықтары: көпірлер кадрларды тізбектей өңдейді; коммутатор параллель өңдейді.
Коммутаторлар – бұл мультипроцессорлық көпір, өз порттарының барлық жұптарымен кадрларды параллель жылжытуға мүмкіндігі бар.
Процессор бір-бірімен өзара коммутациялық матрица көмегімен байланысқан, бұл матрица процессорды жады блогымен байланыстырушы мультипроцессорлық компьютерлер матрицасына ұқсас. Сегменттер арасында кадрларды берудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді. Коммутаторлар секундына бірнеше миллиондаған кадарларды өңдейді. Ал көпір секундына бар-жоғы үш-бес мың кадр ғана жылжыта алады.
10.3 суреттегі желі мысалында коммутатордың адрестік кестесінің қалай құралатынын қарастырайық. Коммутатор 2 желілік сегментті жалғастырады. Коммутатордың 1 портына коаксиалды кабельмен 1 және 2 компьютерлерін қосады, коммутатордың 2 портына коаксиалды кабельмен 3 және 4 компьютерлері қосылған. Әрбір компьютердің өз МАС-адресі бар, бірақ алғашқы этапта коммутатор оны білмейді. Кадрды тарату кезінде коммутатор кадр алынған порттан басқа барлық порттарына оны береді. Біздің жағдайымызда бізде тек 2 порт бар, демек коммутатор кадрды 1 портына немесе 2 портына береді, және керісінше. Бұл жағдайда қайталағышқа қарағанда, коммутатор кадрларды биттен кейін битті емес, алдын ала буферизациялап (яғни есінде сақтап) таратады. Коммутатор бір сегменттен екіншісіне кадрды таратуды қаласа. Мысалы, 1-ден 2-ге, бұл жағдайда ол 2 сегментінің бөліну ортасына қол жету алгоритм ережесі бойынша қол жетуді алуға тырысады, өйткені коммутатор өз сегментінің ақырғы түйіні ретінде жұмыс жасайды, бірақ бұл жағдайда коммутатордың өз МАС-адресі жоқ.
Кадрларды барлық порттарға тасымалдай отырып, коммутатор кадр көзінің адресін зерттейді және оның өз адрестік кестесіндегі қандай да бір сегментке жататындығы жөнінде жазба жасайды. Бұл адрестік кестені сүзгілеу кестесі немесе маршруттау кестесі деп те атайды.
Мысалы, 1 портына 1 компьютерінен кадрды алып, коммутатор кестесінде бірінші жазбасын жасайды: МАС-адрес 1- порт 1 және т.б. Барлық компьютерлер белсенді жұмыс жұмыс істегенде, адрестік кесте құрылады. Осылайша коммутатор алғашқы этапта кадр қабылдаған кезінде адрестік кестеде көздің (источник) МАС-адресінің бар-жоғын тексереді. Екінші этапта- компьютерлер бір сегментте орналасқан-орналаспағанын тексереді. Мысалы, компьютер 1 және компьютер 3 әр түрлі сегменттерде, демек коммутатор кадрдың сонда жылжу операциясын бастайды-кадрды өзінің 2 портына береді, сөйтіп, сегмент 2-ге қол жеткізеді және сонда кадрды тасымалдайды. Егер компьютерлер бір сегментте болса, онда кадр жәй ғана коммутатор буферінен жойылады. Мұндай операцияны фильтрация деп аталады. Егер де компьютер 3-тің МАС-адресі адрестік кестеде болмағанда, демек тағайындалған адрес белгісіз болса, онда коммутатор кадрды кадр көзінен басқа барлық өзінің порттарына тасымалдайтын еді.



МАС-адрес

Порт

1

1

2

1

3

2

4

2




10.3-сурет.

Коммутаторлар секундына бірнеше миллион кадрды өңдейді, ал көпір секундына тек үш-бес мың кадрды жылжыта алады.


Бәсекелес-көпірлерді есептемегенде өзінің болу уақытында коммутаторлар көптеген қосымша фунцияларды өзіне қабылдады: цифрлік коммутатор виртуалды желілерге қолдауды (VLAN) (желінің түйіндер тобы, оның трафигі, кеңхабартаратумен қоса, каналдық деңгейде желінің басқа түйіндерінің трафигінен толығымен оқшауланған),трафик приоритезациясын, үнсіз келісіммен магистральды портты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Көпір кеңхабартарату дауылынан маршрутизатормен салыстырғанда сақтамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет