1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс. Үздіксіз хабарларды тарату жүйесі. Телефондық байланыс жүйесі. Телематикалық қызметтер. Теледидарлық және дыбыстық хабарды тарату жүйесі



бет21/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

12-дәріс. Үздіксіз хабарларды тарату жүйесі. Телефондық байланыс жүйесі. Телематикалық қызметтер. Теледидарлық және дыбыстық хабарды тарату жүйесі.

Телефондық байланыс жүйесі. Телефон 1876 ж. Ойлап табылды. «Телефондық байланыс жүйесі» түсінігі телефондық желінің дамуына, іске пайдалануына және базалық принциптің құрылуына жатады. Бұл принциптер келесідей қалыптардан тұрады:



  • жүйені тағайындау;

  • қолданылатын қызметтер;

  • желі структурасы;

  • қызмет көрсету көрсеткіштерінің сапасы;

  • нумирация жоспары;

  • техникалық іске пайдалануды ұйымдастыру;

  • қондырғыларға талаптар;

  • жүйенің дамуының негізгі бағыттары.

Телефондық байланыс жүйесі – дыбыстық байланыспен құралған және есту мүшесімен қабылданатын дыбысты тарату үшін арналған. Сондықтан да таратушы ретінде ауа кеңістігінде туындалатын алысқа таралатын дыбыстық тербелісті электромагниттік сигналдарға түрлендіретін құрылғылар қолданылады. Мұндай түрлендірушілер ретінде микрофондар қолданылады, негізінен бұл – көмірлік микрофон. Оның негізгі функционалдық элементі екі электрод арасында орналасқан көмірлік ұнтақ болып табылады. Бір электрод қозғалмайды, ал екіншісі мембранамен бірге дыбыстық қысымның өзгеруіне сәйкес тербелмелі қозғалады. Сонымен қатар ұнтақ тығыздығы да өзгереді, Бұл оның электрлік кедергісінің белгілі-бір өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде тізбек бойымен параметрлері дыбыстық хабарламаның параметрлеріне сай өзгеретін электрлік ток – сигнал өтеді.
Телефондық байланыс жүйесінде қабылдағыш электрлік сигналдың дыбыстық тербеліске түрленуін орындайды. Мұндай электроакустиклық түрлендіргіш телефон деп аталады. Телефонда орамалары бар өзекшеден және жылжымалы элемент – металликалық мембранадан құралатын электромагнит бар. Орамаға сигнал беріледі және оның әсерінен мембрананы өзекшеге тартатын магнитті өріс пайда болады. Сигнал үздіксіз өзгереді және мембрана тербелісті қозғалыс жасайды. Мембрананың осы қозғалыстары қоршаған ауа бөлшектерін тербелуге алып келеді және оны адамның құлағы дыбыс ретінде қабылдайды.
Ыңғайлы болу үшін микрафон және телефон микротелефон деп аталады. Бір корпуста біріктірілген. Микрафон мен телефоннан басқа әрбір абонентте сигнализация , шақыру және қосылу ыңғайлылығы үшін қажетті қосымша құрылғылар бар. Абонент қолданатын негізгі және қосымша элементтер конструктивті телефондық аппаратты құрайды. Телефондық байланыс жүйесіндегі байланыс арналары бір телефондық аппараттан басқасына сигналдың өтуін қамтамасыз ететін құрылғылармен тарату орталарының сәйкестігімен(совакупностью) ұйымдасады.
Телефондық аппараттың құрылымдық сұлбасы төменде көрсетілген.
Телефондық аппараттың тұтқасы алынбаған кезде, ол өзінің салмағымен рычагты ауыстырып-қосқышты басады және оны суретте көрсетілгендей төменгі қалыпта ұстайды. Сонымен бірге жолға шақыру сигналы пайда болған кезде іске асырылатын шақырушы прибор қосылған. Тұтқаны аппараттан көтерген кезде ауыстырып-қосқыш жоғары көтеріледі,тізбекті тұйықтайды. Аппаратты келіссөзге дайындау үшін жолға сөйлесу(разговорные) приборлары және нөмертеруші қосылады.

12.1 –сурет. Телефондық аппараттың құрылымдық сұлбасы




Телефондық қызметтерге ұсынылатын талаптар. Қолданушылар телефондық қызметтерге келесідей талаптарды ұсынады:

  1. мөлдір физикалық арна басынан соңына дейін (бір абоненттік құрылғыдан басқасына) талап етілген сеанс уақытына ұсынылуы қажет;

  2. коммутация түйіндерінде (КТ) тізбектей жалғанған физикалық арна (ары қарай –арна) басына соңына дейін бір немесе бірнеше буындардан тұруы мүмкін;

  3. буындар тарату жүйесінің (ТЖ) тональды жиілікті арналармен (ТЖА) бір арналарды жиілік бойынша бөлуден (АЖБ) немесе ТЖ арналарымен бірге арналарды уақыт бойынша бөлуде (АУБ) құралуы мүмкін;

  4. желі арналары жалпы қолданушының (ЖҚ) арналар коммутациясымен (АК) бірге барлық қолданушылар қолданылатын жалпы ресурс болып табылады;

  5. ақпаратты тарату сеансының ұзақтығы тек қана қолданушыға тәуелді болу керек;

  6. желі басынан соңына дейінгі физикалық арнаның бүтіндігін сақтау керек (арнайы сигнализацияны қолдайтын заманауи цифрлық желілерде жоспарланбаған бұзудан арналарды қайтадан қалпына келтіру қамтамасыз етіледі);

  7. бір соңынан екінші соңына дейін арнаны құру үшін желі «буыннан буынға» әдісі бойынша сигнаизацияны алмасуды қамтамасыз ету қажет (абоненттік, ішкістанциялық және станцияаралықтар сигнализация элементтері болып табылады. Сигнализация жүйелерінің сигналдар құрамына сызықтық, адрестік және ақпараттық кіреді);

  8. Желі ресурстарын ұсыну сапасы бұғаттау (блокировка) үлесінен бағалануы қажет, бұғаттаулар қолданушылар талап ететін ресурстардың бос еместігінен немесе рұқсат етілген күту уақытынан пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет