1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет13/57
Дата15.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#123603
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері Психология 2023ж.

Дәрістің жоспары:
1.Эмоция психологиясындағы стрессттің негізгі мәселелерін талдау;
2.Стрессті психологиялық анықтау жолдары;
3.Стресс-менеджмент және өзіндік реттелу психологиясының негізгі сұрақтары.
Дәрістің мақсаты: Эмоция психологиясы негізінде стрессті талдау арқылы стресстік күй, стресстің психологиялық себептері, стрессті басқару және стресс-менеджмент, өзіндік анықталу ұғымдарын игеріп және стресс-менеджмент технологиялары арқылы тұлғалық дамуды қалыптастыру.
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН: Стресс ұғымы, стресстік күй, стрессті басқару, стресс күйіндегі мінез-құлық ерекшеліктері, стресстің психологиялық себептері, стресс-менеджмент ұғымдарын зерттеу негізінде стрессті рационалды басқара алуды қалыптастыру;
2-ОН: Стресс психологиясының негізгі зерттеулерін талқылау арқылы стресстің психологиялық себептерін және оның жағымсыз (негативті) салдарын түсіндіру;
3-ОН: Стрессті жағдайдағы тұлғаның психологиялық табиғатын талдау негізінде өз эмоциясын, яғни стрессін басқара алуға және стресс-менеджментті мінез-құлықты өзіндік реттеу тәсілдерін игеруге психотехнологияларды қолдану;
4-ОН: Стресс және өзін реттеу психологиясының негізін талдау арқылы тұлғалық дамуды жетілдіру үшін стрессті алдын ала ескерту тәсілдері мен стресс-менеджмент әдістерін қолдану;
5-ОН: Стресс психологиясының теориялық-практикалық негізінде стрессті басқаруға бағытталған стресс-менеджменттің психологиялық тренингті бағдарламаларын құрастыру.


І. Құрметті оқырмандар, біз күнделікті өмірімізде көп еститін стресс, эмоция, стресс-менеджмент, адамның өз күйлерін өзі реттеуі сиякты сөздермен әркайсымыз міндетті түрде кездесіп отыратын кездеріміз аз емес. Мәселен, стресс күйі, стресске шыдамдылық, эмоциялық күйлер, стресс-менеджмент сияқты терминдер бәрімізге таныс. Алайда олардың психологиялық табиғаты неде, неге стресске түсеміз, онымен калай күресуге болады, жағымсыз, төменгі эмоциялык күйлерімізді калай реттейміз немесе өзімізге қалай көмектесе аламыз деген деген сұрактар біздерді мазалап жүреді.
Осыған байланысты бүгін өтетін дәрісіміз осы сұрақтардың шешімін психологиялық және практикалық аспектіде көптеген психологиялық ұсыныстармен таныстырып, әрбір оқырман үшін аса тиімді болатыны сөзсіз.
Өткен 3-дәрісте адамның эмоциялық әлемімен толык таныстық, енді сол дәрістің жалғасы ретінде біз енді стресс ұғымын түсінуге тырысайық.
Стресс жалпы ағылшын сөзі (stress-қысым туу, зорлану) – әртүрлі әсерлерге, төтенше (экстремалды) стрессорларға жауап ретінде зорланушылық күй кешуді айтамыз.
Стресс термині оны зерттейтін психология, биология, физиология, психофизиология сиякты ғылымдарға физикадан келді. Деформацияға ұшырататын материалды дененің күштерін іштей бөлу дегенді белгілеу үшін осы терминді колданды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары осы стресс сөзін енді тірі тіршілік иелеріне катысты айта бастады, мәселен ауру тудыра алатын зиянды экологиялық агент ретінде психикалық күш салу, зорлану деп түсіне бастады.
Енді осы стресске анықтамалар беру арқылы оның психологиялық мазмұнын ұғына бастаймыз.
Стресс ол адамның төніп тұрған бір қауіп-қатерге немесе оған бір ерекше қойылған талаптарға өте маңызды реакциясы. Стресс ол табиғи қорғаныс механизмі, соның арқасында біздегі қосымша энергиялар босатылады, әрекетке қосылады.
Стресстің негізгі екі нұсқасын айтуға болады, эустресс – стрессорлардың әрекетін қолайлы, орайлы, жағымды жеңе білу – ресурстар механизмдерін тұрақтандыру және ұлғайту; дистресс – стрессорлар әрекетін қолайсыз, жағымсыз жеңу – организмнің ресурстарының азаюы және денсаулықтың бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет