1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы


сурет - Көңіл-күй шкаласы Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз



бет12/57
Дата15.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#123603
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері Психология 2023ж.

1 сурет - Көңіл-күй шкаласы


Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз:
1-қорытынды: Эмоция дегенімізадамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы. Табиғатта 4 базалық эмоция бар, олар: қуаныш, қорқыныш, ашу, күрсіну (мұңаю). Бұл эмоциялар ағза жұмысымен тығыз байланысты. Әрбір эмоцияның өз келбеті болады: қуанышта –күлу, ашуда – қабақ түю, қорқуда –көзді үлкейтіп, басты артқа шегіндіру, мұңайғанда –қабақты түсіріп, көзге жас алу.
2-қорытынды: Осы эмоцияларды өзінде және өзгелерде танып, басқара білу қабілетін эмоциялық интеллект деп атайды. Р.Бар-Он бойынша, ЭИ теориясы бес компоненттерден тұрады: өзін тану; тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік; бейімделуге қабілеттілік;стрестік ситуацияларды басқару; басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм.
3-қорытынды: Эмоцияны басқару үшін, алдымен оны түсіну қажет. Ал түсіну процессі адамның когнитивті ойлар аймағына жатады. Демек, әрбір эмоция негізінде нақты бір түсінік, оны тудырған ой жатады. Осы бірлікте олар адам іс-әрекетін анықтаушы күш ретінде анықталады.
4-қорытынды: Эмоцияларды түсіну жарты жетістік болып табылады. Ары қарай оны басқару қабілетін дамыту қажет. Бұл жерде эмоциялық интеллект дағдылары іске қосылады. Эмоцияларды түсіну үшін «эмоциялар күнделігін» жүргізіңіз, ал басқару үшін дене әлеуеті (потенциалы) мен ой қуатын пайдаланыңыз.
Сондықтан, эмоциялармен күресу емес, оларды қабылдап, достасу стратегиясын қолға алып, өз өміріңіздегі қуаныш пен бақыт бояуларын көбейтіңіз!
Сәттілік!


4-МОДУЛЬ. ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ


4- ДӘРІС. СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ӨЗІН РЕТТЕУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар!
Біздің дәрістің тақырыбы: Стресс-менеджмент және өзін реттеу психологиясының негізгі мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет