1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет26/57
Дата15.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#123603
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері Психология 2023ж.

Адамның әлеуметтік өзіндік анықталуы әлеуметтік қауымдастық (топтық, ұжымдық, еркін тұлғааралық қарым-қатынас) шеңберіндегі «әлеуметтік дербестендіру (автономияландыру)» процесі ретінде құрылды (топтық, ұжымдық, еркін тұлғааралық қарым-қатынас).

Әлеуметтік кәсібилендіру дегеніміз қоғамдық институттардың құрылуы мен дамуы, сонымен бірге қоғамның кәсіби құрылымын қалыптастырумен байланысты ережелер мен нормалар түсіндіріледі.

Кәсібилендіру процесі белгілі бір қызығушылықтары мен құндылықтары, сонымен қатар кәсіби ұстанымдары мен рөлдері бар кәсіби топтардың құрылуын білдіреді. Бұл жағдайда кәсібилендіруді жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Кәсіптендіру кәсіби қызметтің нормаларын игеру процесі, кәсіби рөлді игеру процесін реттейтін әлеуметтік институттар жүйесі деп түсінілетін әлеуметтік тәсіл. Әлеуметтану аясында кәсібилену – бұл ең алдымен мамандық арқылы әлеуметтік мәртебені алу.

ІІ. Кәсібиөзіндік анықталу – бұл іздену, сонымен қатар мамандық алу процесін көрсететін жеке таңдау нысаны. Өзін-өзі анықтау жеке қажеттіліктерді, қабілеттерді кәсіби талаптарға қатысты талдау барысында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта кәсіби өзін-өзі анықтау ұғымы жеке адамның өмірлік өзіндік анықталуына байланысты мәселелерді ескереді, сонымен қатар әлеуметтік орта мен оның белсенді ұстанымына ықпал ету әсерін де қамтиды. Нарықтық экономика жағдайында мамандық таңдау еркіндігі және қызметкердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі туындайды.


Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады.Бұл əлеуметтік нормалар мен жалпы қабылданған қағидаларды (принциптерді) рационалды бағалау, саналы ішкі қабылдаудың негізгі жағдайы болып табылады.
Кәсіби бағдарлану– еңбек психологиясының негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл ғылыми пәннің қалыптасуы 1908 жылы Бостонда, дәрігер Ф.Парсонс ашқан жастарға мамандық таңдау кезінде кеңес беретін бюро ашылумен байланысты болады. Кәсіби кеңес берушілер жұмысының техникасы мен арнайы процедураларының әртүрлі бағыттарының даму және қалыптасуы анықталады..
Кәсіби даму(лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке ықпалдастыққа (интеграциялануға) тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс-әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқалары.
Кәсіби даму – бұл жүйелі білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Білім беру ұйымдарындағы 16-23 жас аралығындағы жастардың басым көпшілігі мекемелерде немесе кәсіпорындарда білім алады немесе кәсіптік білім алады.Мамандық алу өзінің бойындағы қабілеттерін пайдалана отырып, адам болу қажеттілігін түсінуге, сондай-ақ іс-әрекеттің жеке стилін дамытуға ерекше мүмкіндік береді.
Адамның мүмкіндіктері мен еңбек ету қуат күшін анықтайтын ғылымэргономика (грек тілінен – еңбек және заң, «жұмыс заңы»).Терминді 1857 жылы Войтех Ястшембовский ұсынды.Кез-келген еңбек ету қабілеті қуат күшімен қарастырылады. Эргономика табиғат заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылым болып табылады. 1960 жылдарыдамыған эргономика ғылымы «адам – техника – орта» дегенжүйенізерттеп, бекітті. Оғанмаманның кәсібижәне жалпыдайындықсапасынжоғарылатужатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет