1-модуль Өлшемдер жүйесін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізін сипаттаңыз


В типі бойынша бағалаудың ерекшеліктері



бет9/13
Дата25.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#143266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
АНЫҚТАЛМАҒАНДЫҚ СЕССИЯ

30. В типі бойынша бағалаудың ерекшеліктері.
1978 ж. өлшеу нәтижелерінің сапасын бағалау сұрақтарында халықаралық бірлік жоқ деп жариялану себебінен, метрологтар қоғамы Өлшемдер мен салмақтардың Халықаралық комитетіне осы сұрақ бойынша келісілген ұсынымдарды құрастыру тапсырылды; ұсынымдар қателіктерді бағалаудың дәстүрлі емес амалдарында негізделуі кепілденеді. Осы ұсынымдарды жасау әрекеттері 1986 ж. келесі жұмысты баспадан шығаруменаяқталды: «Өлшеу анықталмағандығын көрсету нұсқаулығы».
«Нұсқаулықтың» негізгі талаптары келесі болып табылады :
- «өлшеу қателігі» түсініктемесі орнына «өлшеу анықталмағандығы»
түсініктемесі ендіріледі;
- А типті және В типті анықталмағандық түсініктемелері енгізіледі;
- А типті және В типті анықталмағандықтар және өлшеу нәтижесі сан
жағынан «стандартты ауытқу» (орта квадраттық ауытқу) көмегімен
бағаланады.
«Өлшеу анықталмағандығы» түсініктемесі келесідей беріледі:
«өлшенетін шамаға дәлелді меншіктелетін мәндер дисперсиясын сипаттайтын
өлшеу нәтижесімен байланысты параметр».
A типі бойынша бағалау байқаудың бір сыпыра қатарларын
статистикалық талдау жолымен орындалады және байқалатын таралудан
алынатын ықтималдықтың тығыздылық функциясы көмегімен стандартты
анықталмағандық мәндерін алады.
В типі бойынша бағалау үшін қолданылады:
- алдын ала орындалған өлшеу нәтижелері;
- сәйкес материалдар мен аспаптар қасиеттері мен олардың жүріс-
тұрыстары туралы жалпы білімдер немесе тәжірибелерден алынған
мәліметтер;
- өндірушінің спецификациясы;
- калибрлеу туралы куәлікте немесе басқа сертификаттарда келтірілетін
мәліметтер;
- анықтама әдебиеттерден алынған мәліметтерге меншіктелген
анықталмағандықтар.
Статистикалық емес ақпарат негізінде өлшеулердің дұрыстығын бағалау жүргізіледі. В типті белгісіздікті ең дәл есептеу үшін, мүмкін болса, осы оқиғалардың әрқайсысының пайда болуына сенімділікті өлшеу және бағалау дәлдігіне әсер ететін белгісіздік факторлары туралы барлық сенімді ақпаратты пайдалану қажет (субъективті ықтималдық). Әдетте, мұндай ақпарат өлшеу құралының техникалық құжаттамасында көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет