1 МӨЖ: Байтұрсынов А. еңбегіндегі сөзжасамдық басты ұғымдар мен терминдерге уәждемелік талдау жасау Жоспар



бет8/8
Дата09.02.2022
өлшемі42,36 Kb.
#25129
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 МӨЖ.

Қорытынды

Қорытындылай келе, біз тіл білімінде өзіндік ерекше орны бар термин, терминология, уәжділік ұғымдарына тоқталып кеттік, олардың өзіндік ерекшеліктері мен талаптарын сөз еттік. Қазақ тіл білімінің, соның ішінде сөзжасам ұғымдарын атауда қолданатын терминдердің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз еттік. Ол шынымен қазақ тіл біліміне тән өте өміршең терминдік база қалыптастырғанын көріп отырмыз. Оның алғашқы дәлелі – әлі күнге қоланыстан шықпауы. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінң қай саласына болмасын қаншама ғалымдар қалам тартты, бірақ олардың бір Ахмет Байтұрсынұлының терминдерін негіз етіп алды. Өзге терминдерді енгісі келгенімен, ол терминдер тіл білімінде орын таппаған жағдайлар да орын алды. Екінші дәлелін өздік жұмысысмның екінші бөлімінен табуға болады. Қай термин туралы айтсам да, барлығын түсіну, уәжін түсініріп шығу өте оңай болды. Бұл терминдердің ерекшелігі сол – термин сөздерге қойылатын барлық талаптарды орындауында. Бұл терминдер түсінікті, ықшам, уәжді, сөзжасамдық талаптарға сай, ұғымы мен атауы жақын. Ахмет Байтұрсынов атамыз тіл біліміне терминдік база қажет екенін білді және сол базаның негұрлым қажетті болуын қамтамасыз ете алды деп есептейміз.

 “Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің өміршеңдік танытуының сыры неде?” деген сұраққа жауап іздесек, ол ең алдымен ұғымға атау беруге ұлттық таным тұрғысынан келген. Сондықтан оны қазақ қауымы алғашқыда аздап жатсынғанмен, тез қабылдап санасына сіңіре алған. Екіншіден, сол кездегі Ахмет Байтұрсынұлының зиялылар арасындағы зор беделі мен тіл саласындағы бірегей ірі оқымысты ретінде мойындалуы да оның жасаған терминдерінің шығармашыл қауым тарапынан талқысыз қабылдануына себеп болды. Онымен иықтас тұрып, ой жарыстырып, пікір таластырып, өз терминдерін ұсына қоятын тіл мамандары қалыптаса қоймап еді. Оның маңайындағы тіл мәселелеріне жетік деген Е.Омарұлы, Х.Досмұ­хамедұлы, Н.Төреқұлұлы сынды Алаш арыстарының да ғалым пікіріне құрметпен қарағаны байқалады.

Ахмет еңбегі өміршең. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ оқығандары жасап, ресми бекіткен терминология қағидаттарын бүкіл түркі халықтарына ұсына отырып, түбі бір туыстас тілдердің терминологиялық қорының ортақтық сипатын арттыруды көздеген кең тынысты түрколог ғалым.



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1 Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской технической терминологии // Труды МИФЛИ: Сборник статей по языкознанию. – Т. 5. – М., 1939.  С 10.

  1. Реформатский А.А. Мысли о терминологии // Современные проблемы русской терминологии. – М.: Наука, 1986. – С. 163-198.

  2. Реформатский А.А. Что такое термин и его терминология // Вопросы терминологии. – М., 1961. – С. 53-67.

  3. Салқынбай А.Б. А.Байтұрсынұлы тағылымы. https://engime.org/a-bajtrsinli-tafilimi.html

  4. Искакова С.С. Қолданбалы терминология. – Ақтөбе., 2015. – 175 бет

  5. Құрманаева А.Ж. Сұлулық индустриясы терминжүйесінің қалыптасуы. – Алматы, 2020. – 169 бет

  6. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы: «Сардар», 2014. – 928

  7. Түзелбаева Ә. Семантикалық уәжділік - сөзжасамдық мағына тудырудың негізі. http://nblib.library.kz/elib/Journal/%D0%9E%D0%B1%D1%89%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%20%E2%84%962/Tuzelbaeva%20A..pdf

  8. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Павлодар, 2008. – 178 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет